Түсінік хат
«Еңбекке баулу» пәнінің мақсаты – білім алушыны еңбек іс-әрекетіне дағдыландыру, олардың қарапайым құралдармен және әртүрлі материалдармен жұмыс жасау біліктілігін қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту.
«Еңбекке баулу» пәнінің міндеттері:
- қол еңбегі арқылы оқушының байқампаздық, ұқыптылық, ептілік, жинақылық, жасампаздық, еңбексүйгіштік, төзімділік, шыдамдылық қасиеттерін тәрбиелеуді;
- қолөнер туындылары мен олардың маңызы туралы ұлттықдүниетанымдық түсініктерін қалыптастыруды;
- еңбек етуге психологиялық дайындығын, қызығушылығын, құлшынысын дамытуды;
- еңбекті, еңбек адамын, кәсіп иесін құрметтеу, еңбектің адамзатқа пайдасы туралы түсінігін қалыптастыруды, - бастапқы еңбек дағдыларды игеруін;
- еңбек мәдениетін үйренуге бейімдеуді, еңбек қауіпсіздігін сақтау дағдысын қалыптастыруды;
- көркемдік-шығармашылық іс-әрекет тәжірибесін қалыптастыруды;
- түрлі материалдармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруді;
- мүсіндеу, құрастыру, құрау, жапсыру, ою, тігу, илеу жоспарлау, модельдеу біліктілігін дамытуды; - қолөнер туындылары жайлы ақпарат жинақтау, талдау және шығармашылықпен қолдануды;
- өз қолымен жасалған туындылар арқылы өз мүмкіндігіне деген сенімін арттыруды;
- отбасында, мектепте, мектептен тыс ортада қоғамдық пайдалы еңбекпен шұғылдану дағдысын қалыптастыруды көздейді.
«Еңбекке баулу» пәнін ұйымдастыру оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге қарай, жүйелілік, сабақтастық, бірізділік және көрнекілік ұстанымдарына негізделеді.
«Еңбекке баулу» пәнін ұйымдастыру білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп, заманауи білім беру технологиялары мен ресурстарын ұтымды қолдану арқылы жүзеге асады.
«Еңбекке баулу» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 33 сағат;
Достарыңызбен бөлісу: |