Педагогикалық кәсіп пен іс әрекеттің жалпы сипаттамасы.
Орындаған:Ахметқали ж.к мамандық:6В01506 информатика курс:2
тексерген: А.М.Кенжан, п.ғ.к. қауымдастырылған профессор
Мұғалім - қоғам мен өскелең ұрпақ арасындағы сарапшы. - Адамзат көп ғасырлық тарихында өте мол тәжірибе жинақтады. Жас ұрпақ үшін қоғам олардан және бұқаралық информация құралдары арқылы өздеріне қажетті ақпараттарды алады. Ал негізінен мұғалім арқылы оқушы жастардың санасына жеткізіледі.
Кәсіп - адамның дене және рухани күшінің шектеулі ғана саласы, еңбек іс-әрекетінің белгілі бір түрі.
Мамандық - берілген кәсіптің бір түрі.
кәсіп - мұғалім, мамандық - информатика пәнінің мұғалімі.
Мұғалім мамандығы мәңгілік
Орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский
“Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен - тарихтағы ең ұлы істің бірі”
В.Г.Белинский былай дейді: “Мұғалімдік мамандықтың тәрбиелік мәртебесі қаншалықты маңызды, ұлы, әрі қастырлі десеңізші: оның қолында адам өмірінің тұтас тағдыры тұр”.
Педагогикалық іс-әрекетте еңбек субъектісі мұғалім болады. Мұғалімнің еңбек құралдарының өзіндік сипаттары-ол оның білімі, білігі, тұлғалық қасиеттері. Осыған байланысты, білім «сананың біртұтастық объектісі» болып есептелуі керек (Н.И.Непомнящая), мұғалімнің іс-әрекеті. Оның білімі және тәжірибесі кәсіби шеберліктің деңгейіне тікелей қатысты екендігі анық.
Мектептегі педагогикалық (оқыту-тәрбиелеу) процестре мұғалім және оқушы іс-әрекетінің субъектісі ретінде көрінеді, мұғалім іс-әрекеттің объектісі ретінде оқушыны емес, педагогикалық процесс деп есептеу керек.
Мұғалімнің атқаратын қызметі:
ақпараттық
(ақпарат беру)
дамытушылық (ойлауы, елестетуі, тілді дамыту)
мобилдік (мобилизационная) (істің, тапсырманың, жаттығудың орындалуын қадағалау);
қалыптастырушылық (сабақты, сыныптан тыс іс-әрекетті, әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар, өз бетімен жұмыс, т.б.)
коммуникативті (ата-аналармен, басқа мұғалімдермен, әкімшілікпен, психологтармен, валеологтармен қарым-қатынас)
ұйымдастырушылық (оқушыларды, басқа мұғалімдерді, ата-аналарды, өзін, сабақты, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырады)
зерттеушілік (жеке тұлға ретінде зерттеу)
Мұғалімнің педагогикалық іс - әрекетінің мақсаты мен маңыздылығы
Мұғалімнің іс-әрекетінің мазмұны
ғылыми білім;
қызметтің психологиялық құрылымын
адам қажеттілігінің табиғатын
адам әрекетінің шығармашылығын ескере отырып әрекетін жоспарлау, оның нысандары мен негізін жас ерекшелігіне байланысты және жасөспірімнің жеке тұлғалық ерекшелікке байланыстыжоспарлау
мұғалім мыналарды атқара білуі керек
мотивацияны қалыптастыру және әрекетті ынталандыру
балалардың әрекет етудің негізгі компаненттерін игеруін қамтамасыз ету, олар: ептіліктер, дағды, мақсатты анықтау, жоспарлау, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау.
Мұғалім ең күрделі процесс - жеке адамды қалыптастыру процесін басқарады. Бұл процестің күрделілігі тәрбиеленушінің жеке өзінің үнемі өзгеріп тұратындығына байланысты. Бұл яғни оқушыға тек бір өлшеммен ғана қарауға болмайтындығын көрсетеді, жас ерекшеліктері қағидаларын үнемі есте ұстауды қажет етеді. Мұғалім қызметінің ерекшелігі сол, көптеген мамандықтар секілді педагогтің қолында өлшеуіш немесе басқалай проиборлар жоқ. Оның ең басты жұмысы - оқыту мен тәрбиелеу барысында пайда болған қарым-қатынасты басқару. Мұғалім көптеген нақты жағдайда қысқа уақыттың ішінде ең дұрыс педагогикалық шешімді таба білуі тиіс. Мұғалім ең күрделі процесс - жеке адамды қалыптастыру процесін басқарады. Бұл процестің күрделілігі тәрбиеленушінің жеке өзінің үнемі өзгеріп тұратындығына байланысты. Бұл яғни оқушыға тек бір өлшеммен ғана қарауға болмайтындығын көрсетеді, жас ерекшеліктері қағидаларын үнемі есте ұстауды қажет етеді. Мұғалім қызметінің ерекшелігі сол, көптеген мамандықтар секілді педагогтің қолында өлшеуіш немесе басқалай проиборлар жоқ. Оның ең басты жұмысы - оқыту мен тәрбиелеу барысында пайда болған қарым-қатынасты басқару. Мұғалім көптеген нақты жағдайда қысқа уақыттың ішінде ең дұрыс педагогикалық шешімді таба білуі тиіс. Назарларыңызға рахмет! Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |