1. Балалар әдебитенің қалыптасуы мен даму жолдарын жазыңыз


Балаларға арналған бірнеше жаңылтпаш жазыңыз



бет23/24
Дата20.07.2023
өлшемі180,21 Kb.
#179526
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
бал адеб сессия (копия)

42.Балаларға арналған бірнеше жаңылтпаш жазыңыз
Қапыда ит қапты, 
Қатты қапты, 
Қапты қатты.


Пышағы кесті, жайышты, 
Шанышқысы шанышты.


Даланы қар жабар, 
Қарға балалар аққала қалар.
Абжыландай арбамасаңшы, 
Абдырамай тал жинасаңшы.


Абалақ-сабалағы шыққан иттерді абалатпасаңдаршы, 
Абат бақты абалаған иттерге аралатпасаңшы.


Аббат абдырағыш па, 
Абақ абдырағыш па? 
Аббат абдырағыштау, 
Абақ қодыраңдағыштау.
Доп,доп, доп екен, 
Доп қуғандар көп екен. 
Допты тепті Төлеген, 
Төлеген тым тебеген.


Дөп-дөңгелек 
Доп дөңгелеп келеді. 
Тепкен бөгеп қарап, 
Аяқ оған керегі.
43.Балалар әдебиетін оқудағы міндеттерді анықтаңыз
Әдебиеттік оқу пәні бастауыш білім берудің маңызды компоненті ретінде «Тіл мен әдебиет» білім беру саласына енгізілген. Әдебиеттік оқу пәнініңнегізгі нысаны – балалар әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармалары. Көркемдік циклға жататын бұл пәннің оқушының жеке тұлға ретінде дамуында, саналы оқу мен сауатты жазу дағдыларының қалыптасуында, мәтінмен алғашқы жұмыс жасауда алатын орны ерекше.
Әдебиеттік оқу адамның ішкі рухани жан дүниесі байлығын дамытуға, адамгершілік-имандылыққа тәрбиелеуге, сөз өнерін түсінуге, тілін, қиялын арттыруға мүмкіндік береді. Жоғарғы сыныптардағы «Әдебиетті» оқудың жүйелі курсына дайындайтын әдебиеттік оқу сабақтарында бірінші кезекте көркем мәтіннің негізі сөздің көркем бейне екендігіне назар аударуға, оқушыны сөз өнері әлеміне баулуға көңіл бөлінеді. Әдебиетті сөз өнері ретінде қабылдау – әдебиеттік оқу курсының әдіснамалық негізі.
Әдебиеттік оқу пәні – бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық және қатысымдық, яғни тілдік дағдыларын қалыптастыруға, олардың адамгершілік және әдеби-эстетикалық құндылықтар жөнінде түсініктерін кеңейтуге, сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, сөз өнерін сезінуге, көркем шығарманы оқуға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік беретін негізгі пәндердің бірі.Пән арқылы берілетін білім мазмұнының тақырыптары оқушының дүниетанымын артыратын және айнала қоршаған дүние туралы дұрыс көзқарасын қалыптастыратын, оның тұлға ретінде өсіп-дамуын қамтамасыз ететін мәселелерді қозғайды.
Білім мазмұны идеялық-тақырыптық, көркемдік-эстетикалық ұстанымдар негізінде жүзеге асырылады.
Оқырмандық білікті мәтін бойынша жүргізілетін жұмыстар жүйесі (оқу, мәтінді талдау, мәтінге жоспар құру, кейіпкерлерді сипаттау т.б.) құрайды.
Оқырмандық білік негізінде сөйлеу білігі (сөйлеуде жазушы тілін қолдануға әрекеттену, шығармадан алған әсерін ауызша, жазбаша жеткізе алу, мәтіндегі оқиғаға өз көзқарасын білдіру, халық ауыз әдебиеті үлгілерін шығармашылықпен пайдалана отырып, өзіндік әрекеттерін дәлелдей білуге баулу т.б.) қалыптасады.
Әдебиеттік оқу пәнінің мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының көркем шығарманы сезіммен қабылдауы, түсінуі, санасында қайта жаңғырта алуы және шығармадан қабылдағанын өзінің шығармашылық әрекетінде жүзеге асыруға ұмтылуы арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушылардың әдеби сауатын ашу негізінде рухани байыту, оқу дағдыларын және оқырмандық біліктілігін қалыптастыру, әдеби-эстетикалық талғамын жетілдіре отырып, ізгілікті-елжанды дара тұлға тәрбиелеу.
44. Мұқан Иманжановтың Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған шығармаларын жазыңыз
Иманжанов Мұқан 1916 жылы Қарағанды облысының қазіргі Ұлытау ауданында туған. Ауыл мектебінде, Қарсақпайдағы Фзо мектебінде және Алматыдағы Есеп-санақ техникумында оқыған. Жоғары білімді Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді С. М. Киров атындағы Мемлекеттік университетінде алды. 1938 жылдан бастап Иманжанов журналистік қызметпен шүғылданды. Ол республика баспалары редакцияларында, Қазақ радио комитетінде жауапты қызмет атқара жүріп, әдебиетіміздің проза және драматургия салаларында аса жемісті еңбек етті.
Мұқан Иманжанов қазақтық үздік публицистерінің бірінен саналады. Ұлы Отан соғысы кезіндегі кеңес адамдарының күнделікті енбегімен ерліктері туралы оның ма-қалалары өткірлігі, мақсаттылығы, айқындығы және тілінің қарапайым, көркемдігімен көзге түседі. М. Иманжановтың үздік мақалалары жеке кітап болып басылды. Оның әңгімелері 1944 жылдан бері республикалық газет, журналдарда басылып келеді. 1948 жылы оның «Жастық» деген әңгімелерінін бірінші жинағы жарыққа шықты, тағы да осы жылы қазақтың жас өспірімдер театрының сахнасьшда және облыстық театрларға оның «Жас өспірім» деген пьесасы қойылды. 1950 жылы ол жұртшылығымызға мектептегі политехнизация мәселесін кеңес әдебиетінде алғаш көтерген «Алғашқы айлар» деген повесть жазып ұсынды. Бұл повесть қазақ және орыс тілдерінде жеке кітап болып шықты. Сөйтіп, Одақ оқушыларына кең таралып, жұртшылық оны жылы қарсы алды.
1952 жылы жарық көрген «Таныс кыз» атты әңгімелср жинағы кеңес жастарының өршіл талабын, асыл мұратын, Отаншыл ой-сезімін әсерлі бейнелеген шығарма болды. 1953 жылы жазушы «Менің махаббатым» деген екінші пьеса жазды. Бұл пьеса қазақтың академиялық драма театрының сахнасында қойылды. Пьесада ғылымның практикамен байланысы, жаңа моральдің ескі қалдықтарға қарсы күресі керсетілген.
1955 жылы тың игеріп жатқан аудандарға барғаннан кейін М. Иманжанов қазақ жазушылары арасында бірінші болып, кеңес жастарының еңбектегі ерлігіне арналған «Тыңдағылар» деген атпен әңгімелер және очерктер жинағын жазып шығарды. Автор тың геройларының жарқын образың жасады, олардың ойы мен арманын, қаһармандық істерін тамаша бейнеледі. М. Иманжанов жанға (қатаң ауыр сырқатқа бой бермей, өмірінің ақтық айларыйда «Сөнген шала» атты сатиралық комедия жазды.
Қазақ өнері мен әдебиетінің 1958 жылы Москвада өткізілген он күндігінде М. Иманжановтың әңгімелер жинағы орыс тілінде шығарылды. Мұнда «Кондуктор», «Таныс қыз», «Кішкентай көрші», «Ақмоншақ», «Сенім», «Есеновтің тағдыры», «Суреткер» деген әңгімелеріне барынша назар аударуға болады.
Асқынған дерт Мұқанға тың игерушілер жөнінде жаңа жаза бастаған романын бітіртпеді. М. Иманжанов 1958 жылы 18 март күні ұзақ, науқастан кейін дүние салды.
Мұқан тек жазушы, драматург ғана емес, жалынды публицист, ойшыл сыншы болатым.
Үкімет пен партия Мұқан Иманжановтын жастар мен жас өспірімдерге, балаларға коммунистік тәрбие беру ісіне қосқан үлкен үлесін жоғары бағалап, оны Қызыл жұлдыз орденімен және медальдармен наградтады.
Мұқан Иманжанов балаларға арнап жазған алғашқы шығармаларын Ұлы Отан соғысы тақырыбынан бастады. Оның «Шал», «Ақша», «Бала қаны», «Даладағы от», «Адам туралы аңыз», «Жыртық дәптер» деген әңгімелері 1942—1945 жылдары жазылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет