178-бап. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбек саласындағы құқықтары
Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер еңбек қатынастарында құқықтары бойынша кәмелетке толғандармен теңестіріледі, ал еңбекті қорғау, жұмыс уақыты, демалыс уақыты және басқа да еңбек жағдайлары саласында осы Кодексте белгіленген қосымша кепілдіктерді пайдаланады.
179-бап. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстар
1. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда, сондай-ақ орындалуы олардың денсаулығы мен имандылығының дамуына зиян келтіруі мүмкін жұмыстарда (ойын бизнесі, түнгі ойын-сауық мекемелеріндегі жұмыс, алкоголь өнімдерін, темекі бұйымдарын, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру, тасымалдау мен сату) қолдануға тыйым салынады.
2. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің өздеріне белгіленген шекті нормалардан артық жүктерді тасуына және қозғалтуына тыйым салынады.
3. Алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 179-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Достарыңызбен бөлісу: |