233-бап. Азаматтық қызметшілерді аттестаттау Азаматтық қызметшілер кәсіптік және біліктілік даярлығы деңгейін, іскерлік қасиеттерін айқындау мақсатында аттестаттаудан өтеді.
Азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізудің тәртібі мен шарттарын тиісті қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
234-бап. Азаматтық қызметтегі жоғарылату 1. Азаматтық қызметшілердің қызметтегі жоғарылауы оларды жоғары лауазымға ауыстыру жолымен жүзеге асырылады.
2. Біліктілік деңгейі жоғары және жұмыс тәжірибесі бар, өзінің кәсіптік, біліктілік деңгейін үнемі арттырып отыратын азаматтық қызметшілер азаматтық қызмет бойынша жоғарылатуда басым құқықты пайдаланады.