249-бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысымен еңбек шартын жасасу Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысымен еңбек шартын заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе ол уәкілеттік берген тұлға (орган) не заңды тұлғаның уәкілетті органы Қазақстан Республикасының заңдарында, құрылтай құжаттарында немесе тараптар келісімінде белгіленген мерзімге жасасады.
Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында заңды тұлғаның атқарушы органы басшысымен еңбек шартын жасасу алдында қосымша рәсімдер белгіленуі мүмкін.
250-бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының қоса атқаратын жұмысы Заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы заңды тұлғаның уәкілетті органының не заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің, не ол уәкілеттік берген тұлғаның (органның) рұқсатымен ғана басқа ұйымдарда ақы төленетін лауазымдарды атқара алады.
251-бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының материалдық жауапкершілігі Заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы заңды тұлғаға келтірген залалы үшін осы Кодексте немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен материалдық жауаптылықта болады.