1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-бап. Әлеуметтік әріптестік тараптары



бет186/255
Дата08.02.2022
өлшемі213,59 Kb.
#124853
түріКодекс
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   255
Байланысты:
Ескерту

262-бап. Әлеуметтік әріптестік тараптары
Тиісті атқарушы органдар атынан мемлекет, белгіленген тәртіппен уәкілеттік берілген өз өкілдері атынан қызметкерлер мен жұмыс берушілер әлеуметтік әріптестік тараптары болып табылады.
263-бап. Әлеуметтік әріптестікті республикалық деңгейде ұйымдастыру
1. Республикалық комиссия тиісті шешімдермен ресімделетін консультациялар мен келіссөздер жүргізу арқылы әлеуметтік әріптестік тараптарының мүдделерін келісуді қамтамасыз ететін тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.
1-1. Әлеуметтік әріптестікті республикалық деңгейде ұйымдастыруды қамтамасыз ету еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жүктеледі.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерінің өкілетті өкілдері республикалық комиссияның қатысушылары болып табылады.
3. Кәсіптік одақтардың республикалық бiрлестiктері қызметкерлердiң республикалық деңгейдегі өкiлеттi өкiлдерi болып табылады.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің республикалық одағының (қауымдастығының), шағын кәсіпкерлік жөніндегі республикалық бірлестіктің, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық салалық бірлестіктерінің өкілдері жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерінің өкілетті өкілдері болып табылады.
Аталған одақтардан (қауымдастықтардан) өкілдік ету олардың құрамына кіретін республикалық қоғамдық бірлестіктердің санына қарай пропорциялық негізде жүзеге асырылады.
Ескерту. 263-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2014 N 212-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   255




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет