101-бап. Жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысының ұзақтығы Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Егер қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін басқанормативтікқұқықтықактілерде, еңбек шартында, ұжымдық шартта және жұмыс берушінің актілерінде көпкүнсаныкөзделмесе, қызметкерлерге ұзақтығы күнтізбелік жиырма төрт күн болатын жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы беріледі.
Ескерту. 101-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.