138-4-бап. Салалық біліктілік шеңберлері 1. Салалық біліктілік шеңберлері ұлттық біліктілік шеңбері негізінде экономикалық қызметтің нақты саласында әзірленеді.
2. Салалық біліктілік шеңбері салада орындалатын жұмыстардың күрделілігіне және пайдаланылатын білім, машықтар мен құзырет сипатына қарай деңгейлер бойынша маманның біліктілігіне қойылатын талаптарды жіктейді.
3. Салалық біліктіліктер шеңберін әзірлеуді тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары жүргізеді және оны әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссиялар бекітеді.
Ескерту. 138-4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2014 N 212-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.