1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-бап. Баланы тамақтандыруға арналған үзілістер



бет140/255
Дата08.02.2022
өлшемі213,59 Kb.
#124853
түріКодекс
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   255
Байланысты:
Ескерту

188-бап. Баланы тамақтандыруға арналған үзілістер
1. Тынығуға және тамақтануға арналған үзілістерден, ауысымішілік және арнайы үзілістерден басқа, бір жарым жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге, бір жарым жасқа дейінгі балаларды анасыз тәрбиелеп отырған әкелерге (асырап алушыларға) баланы (балаларды) тамақтандыру үшін жұмыстың кемінде әрбір үш сағаты сайын:
1) бір баласы бар болғанда - әрбір үзіліс кемінде отыз минут;
2) екі немесе одан да көп баласы бар болғанда - әрбір үзіліс кемінде бір сағат болатын қосымша үзілістер беріледі.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қызметкердің өтініші бойынша баланы (балаларды) тамақтандыруға арналған үзілістер тынығуға және тамақтануға арналған үзілістерге қосылады не жиынтық үзілістер жұмыс күнінің (ауысымының) басында немесе аяғында беріледі.
3. Баланы (балаларды) тамақтандыруға арналған үзілістер жұмыс уақытына кіреді. Үзілістер уақытында әйелдердің (әкелердің, асырап алушылардың) орташа жалақысы сақталады.
189-бап. Әйелдерге және отбасылық міндеттері бар басқа да адамдарға толық емес жұмыс уақытын белгілеу
Жұмыс беруші жүкті әйелдің, үш жасқа дейінгі баласы бар ата-ананың (асырап алушының) біреуінің, сондай-ақ отбасының ауру мүшесіне медициналық қорытындыға сәйкес күтім жасайтын қызметкердің жазбаша өтініші бойынша оларға толық емес жұмыс уақыты режимін береді.
Ескерту. 189-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   255




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет