194-бап. Жаңа туған балаларды асырап алған қызметкерлерге берілетін демалыс Жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге (ата-ананың біреуіне) баланы асырап алған күннен бастап және бала туған күннен елу алты күн өткенге дейінгі кезеңге демалыс беріледі.
Ескерту. 194-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.12.19. N 9 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
194-1-бап. Жүктілікке және босануға байланысты демалысқа, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге берілетін демалысқа ақы төлеудің ерекшеліктері Егер бұл еңбек шартының және (немесе) ұжымдық шарттың талаптарында, жұмыс берушінің актісінде көзделсе, жұмыс беруші Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылған, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем сомасын шегергендегі орташа жалақысын сақтай отырып, жүктілікке және босануға байланысты демалысқа, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге берілетін демалысқа ақы төлейді.
Ескерту. 17-тарау 194-1-баппен толықтырылды - ҚР 04.02.2013 № 75-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).