36-бап. Еңбек шартындағы сынақ мерзімі туралы талап 1. Еңбек шартында қызметкердің тапсырылатын жұмысқа біліктілігінің сәйкестігін тексеру мақсатымен сынақ мерзімі туралы талап белгіленуі мүмкін. Бұл талап еңбек шартында болмаса, қызметкер жұмысқа сынақ мерзімінсіз қабылданды деп есептеледі.
2. Сынақ мерзімі еңбек шарты күшіне енген кезден басталады.
3. Сынақ мерзімі кезеңінде қызметкерлерге осы Кодекстің нормалары, еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптары қолданылады.
4. Сынақ мерзімі қызметкердің жұмыс стажына қосылады және үш айдан аспауға тиіс. Қызметкер жұмыста іс жүзінде болмаған кезең сынақ мерзіміне есептелмейді.
5. Жұмысқа қабылдау кезінде:
тиісті лауазымға орналасуға конкурс бойынша жұмысқа қабылданатын адамдарға;
он сегіз жасқа толмаған адамдарға, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген, алған мамандығы бойынша жұмысқа алғаш кіретін, бірақ оларды бітірген күннен бастап бір жылдан кешікпей кіретін адамдарға;
мүгедектерге сынақ мерзімі белгіленбейді.
Ескерту. 36-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.27 N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.02.2015 № 286-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.