Кешікпей келем деп ең



Pdf көрінісі
Дата08.11.2019
өлшемі0,72 Mb.
#51408
Байланысты:
ПЕСПИ ИЗБРАННЫЕ


Кешікпей келем деп ең 

 

әні Шәмші Қалдаяқовтікі



 

сөзі Мұхтар Шахановтікі

 

  

Аңсаған бақытым сияқтанып,



 

Ай туып келеді қияқтанып.

 

Жол жаққа қараймын,



 

Сен жоқсың, арайлым.

 

Кешікпей келем деп ең,



 

Мен тұрмын елеңдеумен.

 

  

Қайтемін кіналап бұған сені,



 

Сағатың алдаған шығар сені.

 

Нұр ойнап көзіңде,



 

Уәделі кезіңде

 

Кешікпей келем деп ең,



 

Мен тұрмын елеңдеумен.

 

  

Көшеде сырласып шалқып басып,



 

Құрбылар барады қолтықтасып.

 

Тағатым таусылды,



 

Аңсадым даусыңды.

 

Кешікпей келем деп ең,



 

Мен тұрмын елеңдеумен.

 

 


Қайдасыңдар достарым 

 

әнін жазған Әбілахат Еспаев



 

сөзін жазған Қабдыкәрім Ыдырысов

 

  

Бірге тойлап, бірге өткізген,



 

Жалындаған жас шағын.

 

Талай қызық күнді өткізген,



 

Қайдасыңдар, достарым?

 

  

Қайырмасы:



 

  

Достар, достар, жүрсің қайда?



 

Бірге еді ғой жанымыз.

 

Еске алысып осындайда,



 

Кел, шырқайық бәріміз.

 

  

Бәріміз де таптық бүгін,



 

Бақыт жолын іздеген.

 

Дос үміті - достық сенім,



 

Әрқашанда бізбенен.

 

  

Қайырмасы:



 

  

Жүрсек-дағы қиыр шетте,



 

Досты ұмытқың келмейді.

 

Достық жалын бар жүректе



 

Суымайды, сөнбейді.

 

  

Қайырмасы:



 

Армандастар 

әні Әсет Бесеуовтікі

 

сөзі Нұрсұлтан Әлімқұловтікі



 

Бір ауылдың түлеп ұшқан жастары едік,

 

Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік.



 

Бәрімізде жазылмаған дастан едік,

 

Армандастар құрдастар.



 

  

Қайырмасы:



 

  

Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік,



 

Бәріміз бір өмір жолын бастап едік.

 

Армандастар қайда?



 

Абзал достар қайда?

 

Замандастар, қарлығаштар қайда екен?



 

  

Арман қуған, қиял қуған кезің қайда,



 

Құрбы қыздар, мөлдіреген көзің қайда?

 

Сол алғашқы алаулаған сезім қайда?



 

Армандастар - құрдастар.

 

  

Қайырмасы:



 

  

Бәрің, достар, әр тарапқа кеттіңдер ме,



 

Әлде биік асулардан өттіңдер ме?!

 

Әлде игі армандарға жеттіңдер ме?



 

Қайдасыңдар, құрдастар?!

 

  

Қайырмасы:



 

"АНАҒА СӘЛЕМ" 

 

Сөзін жазған О. Иманәлиев 



Әнін жазған Е. Хасанғалиев 

 

Мереке күніңмен, 



Қарсы алам өзіңді. 

Сәбилік сезіммен, 

Арнаймын сөзімді. 

 

Қайырмасы 



Көргенше алаңмын, 

Аңсаймын, толғанам. 

Қабыл ал, балаңның, 

Сәлемін жолдаған. 

  

Бөбегің оянса, 



Ұйқыңнан мың тұрдың. 

Гүліңмен балауса, 

Көктемдей құлпырдың. 

 

Қайырмасы 



 

Аялап алақан, 

Мәпелеп өсірген. 

Аяулы жан анам, 

Қатемді кешірген. 

 

Қайырмасы 



 

Сырымды ұғатын, 

Өзіңсің қуатым. 

Күнімсің шығатын, 

Айымсың туатын. 


Өзім туралы Қасым Аманжолов 

 

Өзге емес, өзім айтам өз жайымды,



 

Жүрегім жалын атқан сөз дайында.

 

Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді,



 

Тербетіп, тулатып бір қозғайында.

 

  

Аманжол Рақымжанның Қасымымын,



 

Мен қалған бір атаның ғасырымын.

 

Біреуге жұртта қалған жасығымын,



 

Біреуге аспандағы асылымын.

 

  

Екі көз – екі жұлдыз маңдайдағы,



 

Көруші ең құбылысты қай-қайдағы.

 

Япырым-ау сен де бір күн сөнермісің,



 

Қап-қара түнек болып маңайдағы.

 

  

Өкінбен мен де бір күн өлемін деп,



 

Өкінем ұқсата алмай келемін деп.

 

Күніне жүз ойланып, мың толғанам,



 

Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп.

 

  

Кең жайдым құшағымды дүниеге,



 

Білдім мен қайғыра да, сүйіне де.

 

Әйтеуір әрі-сері болғаным жоқ,



 

Ұқтым мен көңілімнің күйі не де.

 

  

Аяған жүрегім жоқ жолдасымнан,



 

Сый көрді не бір сараң мол Қасымнан.

 

Жолдастың жүзін қайта алдым жинап,



 

Айырылсам ала көңіл он досымнан.

 


ҚАЙЫҚТА

 

Өлеңі – Нұрсұлтан Әлімқұловтікі

 

Әні – Шәмші Қалдаяқовтікі

 

 



Болсақтағы жаңа таныс,

 

Жүзек те алғаш қайықта.



 

Ұшқыр қиял кетті-ау алыс,

 

Бұйырмашы айыпқа.



 

 

 



Самал болар толғандырған,

 

Айдын шалқар көл бетін.



 

Сәулем, мені ойландырған,

 

Сенің жарқын келбетің.



 

 

 



Көлдің жүзін нұрландырып,

 

Тұр ма сенің дидарың.



 

Сол бейнеңді тұрған күліп,

 

Су бетіне қимадым.



 

 

 



Ескегіңді берші маған,

 

Мен есейін, сен еспе.



 

Су күлкісі сылдырлаған,

 

Сенің күлкің емес пе?



 

 

 



Ашылғандай айдын көлде,

 

Үлкен өмір есігі.



 

Су бетінде қайық бейне,

 

Махаббаттың бесігі.



 

 

 



Жылжы қайық, осы көлде,

 

Жыр толтыршы жаныма.



 

Махаббаттың бесігінде,

 

Тербелейік тағы да.



 

Қайдасың?! 

Әні Шәмші Қалдаяқовтікі

 

сөзі Нұрсұлтан Әлімқұловтікі



 

  

Сол бір кез есімде,



 

Жағасы бұлақтың.

 

Айлы жаз кешінде,



 

Сырласқан ұзақ түн.

 

Сүйкімді бейнеңді,



 

Жүректе сақтадым.

 

Арманым, сол жерден,



 

Сен едің тапқаным.

 

  

Тағы да сол жерге,



 

Оралдым қайтадан.

 

Әлі тұр гүлдер де,



 

Самал жел шайқаған.

 

Қол бұлғап жырақта,



 

Тау да тұр аңсаған.

 

Сен жоқсың бірақ та,



 

Қайдасың қалқажан?!

 

  

Көруге жаралған,



 

Сен бейне айнасың.

 

Өзіңсің таба алман,



 

Сағыныш айласын.

 

Көрінші, көңілге,



 

Қуаныш жайласын.

 

Аңсадым жүзіңді,



 

Қалқатай, қайдасың?!

 

 


Бәрінен де сен сұлу 

 

Өлеңі – Махмут Майшекиндікі

 

Әні – Шәмші Қалдаяқовтікі

 

 



Жаз күніндей жайнаған

 

Масатыдай жер сұлу.



 

Аққу, қаздар тойлаған

 

Айдын шалқар көл сұлу.



 

 

 



Қайырмасы:

 

 

 

Өзгеден де ең сұлу,

 

Өмірлік дос тең сұлу.

 

Өзім сүйіп ұнатқан,

 

Бәрінен де сен сұлу.

 

 

 

Нұрын төккен қырмызы



 

Аспандағы күн сұлу.

 

Жымың қаққан жұлдызы



 

Айлы кеште түн сұлу.

 

  

 



Қайырмасы.

 

 



 

Тәрбиелі тамаша,

 

Бал мінезді жар сұлу.



 

Таңданарлық қараса,

 

Талай абзал бар сұлу.



 

 

 



 

Қайырмасы.

 


 

Кайрат Нуртас-Ауырмайды журек 

  

Жастықтың жалынды бір күні еді, 



Тым ерекше атты таңдары-ай 

Көздеріңе көзім байланғанда 

Жүрек тулап оттай жанғаны-ай 

Неге ояттыңмені жүрмедің бе, 

Ой-санамды мәңгі жауламай 

Неге ғана маған кездестің сен, 

Ғашық болдым қалай аңдамай?.. 

  

Қ-сы: 



Ауырмайды жүрек,ауырмайды,сенсіз өткен күндер болмаса 

Ауырмайды жүрек,ауырмайды,сені ойлатқан түндер болмаса 

Ауырмайды жүрек,ауырмайды, мөлдіреген көзің болмаса 

Ауырмайды жүрек,ауырмайды, сүйем деген сөздер болмаса.. 

  

Жалындаған сол бір жаздың әнін, 



Күз нөсері енді жалғасын 

Ауырады жүрек, ауырады , 

Ауырады жүрек болғасын 

Бізді емес ол жақ жылы дей ме, 

Самғай бер қанатың талмасын, 

Жылатасың-дағы жұбатасың, 

Әрбір сөзің атқан қорғасын 

  

Қ-сы: 



 

Махаббат деген ертегі 

Өлеңін жазған – Исрайыл Сапарбаев

 

Сөзін


 

жазған – Бауыржан Тұрғараев

 

  

Махаббат деген қандай-ды,



 

Қарасаң көзің талмайды.

 

Сағынған жанға жете алмай,



 

Қаншама гүлдер, қаншама гүлдер сарғайды.

 

  

Қайырмасы:



 

  

Ғашықсыз өмір – өмір ме,



 

Егілме, жаным, егілме.

 

Көктегі күнге қол созған,



 

Не дерсің мынау,

 

Не дерсің мынау көңілге.



 

Күлерсің-дағы жыларсың,

 

Жыларсың-дағы шыдарсың.



 

Жазылмас дерттің дауасын

 

Жаным-ау, кімнен,



 

Жаным-ау кімнен сұрарсың.

 

  

Махаббат – өмір ғажабы,



 

Алқызыл гүлдей ажары.

 

Сүйемін жеген жалғыз сөз



 

Жүректі тербеп, жаныңды емдеп жазады.

 

  

Қайырмасы:



 

  

Махаббат – мәңгі ертегі,



 

Көңілдің күйін шертеді.

 

Ертіп жүрсең, шіркін-ай,



 

Еліктей сұлу, еліктей сұлу еркені.

 

  

Қайырмасы:



 

Ақ бұлақ 

әні мен сөзі Бәкір Тәжібаевтікі

 

Күндіз-түні бір тынбай,



 

Дала кезген шапқылап.

 

Құмар едім өзіңе,



 

Бала кезден, Ақбұлақ.

 

Әнге бөлеп маңайды,



 

Асып-тасып жатасың.

 

Ақ моншақтан аспанға,



 

Шашу шашып жатасың.

 

  

Қайырмасы:



 

  

Сенің келіп жағаңнан,



 

Анам талай су алған.

 

Сенің келіп жағаңнан,



 

Әкем атын суарған.

 

Айналайын Ақбұлақ,



 

Асыр салғам жағаңда.

 

Сенен артық өлкені,



 

Бұл әлемнен табам ба!

 

  

Арудайын еркелеп,



 

Мың бұралған, Ақбұлақ.

 

Айдын көктен ғашық боп,



 

Күнді ұрлаған, Ақбұлақ.

 

Сен болмасаң қыр гүлі,



 

Ашылмайды, Ақбұлақ.

 

Саған деген құмарым,



 

Басылмайды, Ақбұлақ.

 

  

Қайырмасы:



 

  

Шексіз жатқан жерімді,



 

Сүйіп келіп жатасың.

 

Бойыңдағы барыңды,



 

Иіп беріп жатасың.

 

Тынбай кезсем даламның,



 

Атырабын, Ақбұлақ.

 

Тұнығыңа ойымды,



 

Батырамын, Ақбұлақ.

 

  

Қайырмасы: 



Ауылым 

әні Теміржан Базарбаевтікі

 

сөзі Жәбірайыл Бейсеновтікі



 

Кіндігімнің жас қаны,

 

Тамған жерім ауылым.



 

Шабытымның асқары,

 

Самғаушы еді ауылым.



 

  

Жастығымның куәсі,



 

Шұрқыраған ауылым.

 

Жусаны мен жуасы,



 

Бұрқыраған ауылым.

 

  

Биік-биік шың, құзға,



 

Құмар қылған ауылым.

 

Бүлдіршіндей бір қызға,



 

Сыңар қылған ауылым.

 

  

Әнмен таңды атырып,



 

Ән салдырған ауылым.

 

Сары қымыз сапырып,



 

Тамсандырған ауылым.

 

  

Көк түтінді шұбатып,



 

Желек созған ауылым.

 

Ай көрмесем құмартып,



 

Жүрек созған ауылым.

 

  

Көк торғындай көктемде,



 

Сағым қуған ауылым.

 

Алыс сапар шеккенде,



 

Сағындырған ауылым.

 


Арыс жағасында 

әні Шәмші Қалдаяқовтікі

 

сөзі Мұхтар Шахановтікі



 

Өзіңмен Арыстың,

 

Бойында таныстым.



 

Жайнаған гүлдер құрбым сен,

 

Жағада тұрдың сен.



 

  

Қайырмасы:



 

  

Жаз еді күлкің де,



 

Қайдасың бұл күнде.

 

Сені іздеп арманым,



 

Сыр бойын шарладым.

 

  

Нұр шашып көзіңнен,



 

Бір нәзік сезіммен.

 

Жібектей шашың толқындап,



 

Қалып ең қол бұлғап.

 

  

Қайырмасы:



 

  

Кете ме осылай,



 

Әніміз қосылмай.

 

Аяулы таңым сен едің,



 

Көрсем деп келемін.

 

  

Қайырмасы:



 

Қуаныш вальсі 

әні Шәмші Қалдаяқовтікі

 

сөзі Мұхтар Шахановтікі



 

Жадырап жанымыз,

 

Жарасып әніміз.



 

Болашақ бүгіннен басталғандай.

 

Нұр құйып көңілге,



 

Жол сілтеп өмірге,

 

Арман тұр асқақтап асқар таудай.



 

  

Қайырмасы:



 

  

А-а-ай, а-а-ай,



 

Қуаныш көрем көзіңнен.

 

Өзіңмен, жан құрбым,



 

Қосылды тағдырым,

 

Қосылған қос өзен секілденіп.



 

  

Өзің боп өлеңім,



 

Шаттыққа бөлендім,

 

Сәулешім өзіңмен танысқалы.



 

Теңізге телегей,

 

Жол тартқан кемедей,



 

Бойдақтық бізден де алыстады.

 

  

Қайырмасы:



 

  

Достарсыз бұл күнде,



 

Күн кешу мүмкін бе,

 

Досымыз көбейсін, келе берсін.



 

Жайнай бер жасқанбай,

 

Мөлдір боп аспандай,



 

Кірлетпе көңілімнің терезесін.

 

  

Қайырмасы:



 

 


Алтайдың аржағынан келген ару 

 

Әні мен өлеңін жазған Т.Рахымов



 

                                      

 

 

Қимайтын жан екенсің жат ұяға,



 

Қарғам-ау, кез келдің-ау қапияда, шіркін.

 

  

Қайырмасы:



 

Мөп-мөлдір жанарың-ай,

 

Жаз дидар жамалың-ай,



 

Қалдым-ау тіл қата алмай, қарағым-ай.

 

Қасыңа бара алмадым,



 

Сездің бе жан арманын,

 

Еріксіз, қалқам, саған ән арнадым.



 

  

Сүйсіндім сымбатыңа, қабағыңа,



 

Ұқсаттым асқар Алтай маралына, шіркін.

 

Қайырмасы:



 

  

Алтайдың ар жағынан келген ару,



 

Жарқ етіп қарағаның емге дәру, шіркін.

 

  

Қайырмасы:



 

  

Көзіңнен ерекше бір арай көрдім,



 

Келді ғой қарай бергім, қарай бергім, шіркін.

 

  

Қайырмасы:



 

  

Жарқ етіп өте шықтың нұр елестей,



 

Өзіңсіз кешкен дәурен түк еместей, шіркін.

 

  

Қайырмасы:



 

  

Баянды болсын сенің құшар бағың,



 

Қолыңды қош айтысып қыса алмадым, шіркін.

 

  


"ЕГІЗ-ЛЕБІЗ" әні 

Сөзі: Исраил Сапарбайдікі 

Көгімдегі айым дейін сені, 

Көкшедегі қайың дейін сені, 

Көзден ұшып жырақта жүрсең. 

Шамшырағым, күнім дейін сені, 

Әнші бағым, гүлім дейін сені, 

Өзіңмен бір жұмаққа кірсем. 

 

Қайырмасы:  



Келші бағыма, әлдеқайда ұшпай, келші, жаным. 

Қоншы қолыма, арман аппақ құстай, қоншы, жаным. 

Келші бағыма, қоншы қолыма, келші жаныма, кел. 

 

Сағынғанда саялайын сені, 



Аққуымдай аялайын сені, 

Айдынымда қалықта, жаным. 

Бала қаздай мәпелейін сені, 

Жаңа өмірге жетелейін сені, 

Жаныма ел, жабықпа, жаным. 

 

Қайырмасы 



 

Аппақ таңдай тілегім де өзің, 

Алатаудай тірегім де өзің, 

Жер бетінде қатар жүргенде. 

Қол ұстасып бірге күн кешейік, 

Қол ұстасып бірге үндесейік, 

Атар таң мен батар күндерде. 

 

Қайырмасы 



Әнім сен едің 

әні Шәмші Қалдаяқовтікі

 

сөзі Тұманбай Молдағалиевтікі



 

  

Құрбым, жан құрбым, бала кезімнен,



 

Бақыт көріп ем қара көзіңнен.

 

Кеттің ұмытып, мәңгі ұмыттың,



 

Жібін үздің ғой нәзік үміттің.

 

  

Әнім сен едің кешке салатын,



 

Содан жас жаным ляззат табатын.

 

Шамын басқа үйдің жақтың, аяулым,



 

Сендей бақытты қайдан табармын.

 

  

Бақтар гүлдеді біздің қырдағы,



 

Жаңбыр жауды да, көктем жырлады.

 

Өткен күндерден бүгін жоқ белгі,



 

Тұрып қасыңда көрдім көктемді.

 

  

Тағы келді ғой, құстар ән салып,



 

Тұрмын соларды жалғыз қарсы алып.

 

Сенсіз атты таң. сенсіз батты күн,



 

Мәңгі ұмыттың мені шаттығым.

 

 


Әлия

 

Өлеңін жазған: Б.Тәжібаев

 

Әнін жазған:  С.Бәйтереков

 

 

 

                        



Қобда, Нева суларын сүйіп өскен,

 

                        



Әсем гүлін құшаққа жиып өскен.

 

                        



Аққу құстың бейне бір баласындай,

 

                        



Сұлу сазды жастықтың күйін кешкен.

 

  



                               

Әлия – ару қызы сен халқымның,

 

                               



Әлия – батыр қызы сен халқымның,

 

                               



Ерке құсы сен даламның!

 

  



                          

Саған белгі орнатқан мәрмәр тастан,

 

                          



Саған күнде қызыққан мөлдір аспан.

 

                          



Саған күнде жазылған көркем дастан,

 

                          



Саған күнде құшағын көктем ашқан.

 

  



  

                               

Әлия – ару қызы сен халқымның,

 

                               



Әлия – батыр қызы сен халқымның,

 

                               



Ерке құсы сен даламның!

 

  



                          

Шолпан жұлдыз - өзіңсің шоқтай жарық,

 

                          



Көз алмаймыз көркіңнен тоқтай қалып.

 

                          



Туған жердің төсінде мәңгілікке,

 

                          



Тұр ғой сенің жүрегің оттай жанып.

 

  



                                 

Әлия – ару қызы сен халқымның,

 

                                 



Әлия – батыр қызы сен халқымның,

 

                                 



Ерке құсы сен даламның!

 

*******



 

  


Отырардағы той                            

 

 



Өлеңін жазған:   С. Асанов

 

 



Әнін жазған:   Ш. Қалдаяқов

 

  



                       

Той басталды Отырарда,

 

                       



Сұлу сырдың бойында.

 

                        



Кеудесінде оты жанған,

 

                        



Қызылқұмның қойнында.

 

                        



Бұл аймақтың сұлулығын

 

                        



Талай ақын толғаған,

 

                        



Осындай той Отырарда

 

                         



Бұрын – соңды болмаған.

 

  



                         

Туған елім,

 

                         



Өскен жерім,

 

                         



Асқар белім,

 

                         



Сенсің әнім менің

 

                         



Сәнім менің.

 

                         



Алақанда аялаған

 

                         



Арманым да өзіңсің.

 

                         



Ақ тілегім аялаған,

 

                         



Ардағым да өзіңсің.

 

                          



Сендегі жас кәрінің де,

 

                          



Қуанышы мол болсын,

 

                          



Қазағымның әр үйінде

 

                          



Дәл осындай той болсын.

 

  



                          

Зіл қара жер қозғалғандай,

 

                          



Палуандардай алысқан

 

                          



Қызғалдақтай қыздар қандай,

 

                          



Көз тартады алыстан.

 

                          



Сол қыздарда Отырарда,

 

                          



Жүрек отын жалғаған.

 

                          



Осындай той Отырарда,

 

                           



Бұрын – соңды болмаған.  

 

  



                                    

Қайырмасы.

 

  

                           



Отырардың күні бүгін,

 

                           



Қайта туды жарқырап.

 

                           



Жырлап жатыр ұлылығын,

 

                           



Барлық аймақ, атырап.

 

                           



Әнмен бірге тербетілем,

 

                           



Күймен бірге толғанам.

 

                           



Осындай той Отырарда,

 

                           



Бұрын – соңды болмаған.

 


*******

 

Әй-әй, бөпем

 

  

Ауылым көшіп барады Алмалыға,



 

Кім көнбейді тағдырдың салғанына.

 

Көрмегелі көп айдың жүзі болды,

 

Ата-анамның хабарын алмағалы.

 

  



Қайырмасы:

 

  



Әй-әй, бөпем,

 

Кейін қалған елімді

 

Көкер ме екем!

 

  



Туған жердің сағынып топырағын,

 

Көз алдыма келеді сол тұрағым.

 

Ата-анамды аяулы аңсағанда,

 

Ақ бөпемді аялап ән саламын.

 

  


 

Талдан таяқ жас бала таянбайды 



Бала бүркіт түлкіден аянбайды 

 

Қайырмасы: 

Угай-ай

 

Ән салшы-ай



 

Бір бала-ай

 

Қос етек бұраң бел



 

Қуалай соғар қоңыр жел

 

 

Елдің көркі, ақ тоты бір баласың 



Қай дұшпан көзі қиып жамандайды 

 

Қайырмасы: 

Угай-ай

 

Ән салшы-ай



 

Бір бала-ай

 

Қос етек бұраң бел



 

Қуалай соғар қоңыр жел

 

 

Айналайын қарағым келдің қайдан 



Алма мойын ала үйрек ұшар сайдан 

 

Қайырмасы: 

Угай-ай

 

Ән салшы-ай



 

Бір бала-ай

 

Қос етек бұраң бел



 

Қуалай соғар қоңыр жел

 

 

Мекеніңді қарағым айтып қойшы 



Жат болмағы адамның осындайдан 

 

Қайырмасы: 

Угай-ай

 

Ән салшы-ай



 

Бір бала-ай

 

Қос етек бұраң бел



 

Қуалай соғар қоңыр жел

 


Жұбаныш Жексенұлы - Дудар-ай 

 



Мариям Жагор деген орыс қызы 

Он алты, он жетіге - келген кезі 

Қазаққа Дудар деген ғашық болып 

Сондағы Мариямның айтқан сөзі 

 

Қайырмасы: 

Дударари-дудым

 

Бір сен үшін тудым!



 

Шіркін-ай, Дудари-ри-дудым!

 

 

Дудар-ай, ақ боз атты жемдедің бе, 



Жеріңе уағда айтқан келмедің бе? 

Жеріңе уағда айтқан келмей қалып, 

Мариям заты орыс деп сенбедің бе? 

 

Қайырмасы: 

Дударари-дудым

 

Бір сен үшін тудым!



 

Шіркін-ай, Дудари-ри-дудым!

 

 

Ащыкөл, Тұщыкөлдің арасы бір. 



Басыңа камшат бөрік жарасып жүр. 

Дудар-ай, келер болсаң тезірек кел, 

Орныңа өңкей жаман таласып жүр. 

 

Қайырмасы: 

Дударари-дудым

 

Бір сен үшін тудым!



 

Шіркін-ай, Дудари-ри-дудым!

 

 

Қолында Мариямның өткір қайшы. 



Қағазға Мариям аты жазылсайшы. 

Қор болып бір жаманға кеткенімше, 

Алдымнан қазулы көр табылсайшы! 


Нұрғиса Тілендиевтің әндері 

 

Өз елім   



 

сөзі Қадыр Мырзалиевтікі

 

Келгенде көктемі,



 

Көңілін гүл басқан.

 

Шырағы көктегі,



 

Жұлдызбен сырласқан.

 

Өз елім менің –



 

Өзегім менің,

 

Жырыма қосып жүремін.



 

Төрім деп менің,

 

Жерім деп менің,



 

Соғады мәңгі жүрегім.

 

  

Қайырмасы:



 

  

Түлегі сендер,



 

Тілегі сендер,

 

Тірегі сендер сол елдің.



 

Назары сендер,

 

Базары сендер,



 

Ажары сендер сол елдің!

 

  

Ақ күмбез астығы,



 

Асқар боп өрлеген.

 

Жалынды жастығы,



 

Жүлдені бермеген.

 

Өз елім менің -



 

Өзегім менің.

 

Жырыма қосып жүремін.



 

Төрім деп менің,

 

Жерім деп менің,



 

Соғады мәңгі жүрегім.

 

  

Қайырмасы:



 

  

Бұзылмас қамалы,

 

Батыры уақыттың.



 

Тербеген самалы,

 

Бесігін бақыттың.



 

Өз елім менің -

 

Өзегім менің.



 

Жырыма қосып жүремін.

 

Төрім деп менің,



 

Жерім деп менің,

 

Соғады мәңгі жүрегім.



 

  

Қайырмасы:



 

Саржайлау   

 

сөзі Мұқағали Мақатаевтікі



 

Жазира, жасыл кілем өрнектеген,

 

Туған жерге, дариға, жер жетпеген!



 

Кең өлкем, әлдилей бер, сен деп келем,

 

Аңсап келем, сағынып, шөлдеп келем.



 

  

Қайырмасы:



 

  

Саумал бұлақ – балдай дәрім,



 

Салқын самал – баурайларың.

 

Саялаған, беу, туған жер,



 

Сағындырған, Саржайлауым.

 

Армысың ата-қоныс, жасыл мекен!



 

Ұлыңмын, мен сенің қасыңда өтем.

 

Басқаның жерұйығын неғылайын,



 

Жерұйығы өзімнің қасымда екен!

 

  

Қайырмасы:



 

  

Жадырап, жұтайыншы тау самалын,



 

Осы еді ғой сағынып аңсағаным.

 

Гүлдерім, шыршаларым, аршаларым,



 

Бәріңе арнап мен бүгін ән саламын.

 

  

Қайырмасы:



 

  

Жанымды жырға бөлеп таң атырған,



 

Әнім едің ақ таңда жаратылған.

 

Төліңнен айналайын жаңа туған!



 

Айналайын еліңнен дара тұрған!

 

  

Қайырмасы:



 

Әже туралы ән 

 

сөзі Қадыр Мырзалиевтікі



 

Асыл әжем, ғасыр әжем аңсаған,

 

Сағынышым – сары ормандай самсаған.



 

Әке болып жүргенімді ұмытып,

 

Әлі күнде еркелеймін мен саған.



 

  

Құлындаймын асыр салған аңғарда,



 

Қозыңдаймын ойнақтаған албарда.

 

Өзің барда қысылмаймын күлуге,



 

Жылауға да қорықпаймын сен барда.

 

  

Мен өзіңнен қабылдаппын сүюді,



 

Мен өзіңнен қабылдаппын күюді.

 

Сенің жаның жүрегіме ораулы,



 

Менің жаным жаулығыңа түюлі.

 

  

Тұра тұршы түзелгенде бұзығың,



 

Жүре тұршы жалғанғанда үзігің.

 

Маған дәулет неге керек, ақ әже-ау,



 

Өзің бірге көре алмасаң қызығын?!

 


Әке туралы жыр  

 

сөзі Мұхтар Шахановтікі



 

Жас едім өмірге еркін бойламаған,

 

Күні ертең не боларын ойламаған.



 

Шарықтап кетсем – дағы қанат қағып,

 

Өзіндей қамқор әке қайда маған.



 

  

Сүрінсем сынай қарап от жанарың,



 

Сен мені жақтамадың, ақтамадың.

 

Әрдайым осы қатал мінезіңнен,



 

Күш алып мақсатыма аттанамын.

 

  

Жан әке шертіп сезім домбырасын,



 

Кеудемді қуанышқа толтырасың.

 

Арманның биігіне құлаш ұрсам,



 

Алдымда асқар тау боп сен тұрасың.

 

  

Бұл күнде мен де өзеннің арнасымын,



 

Кім мөлдір болса соның жолдасымын.

 

Қуан сен, қуана бер, әкетайым,



 

Мен сенің өміріңнің жалғасымын.

 


Куә бол

 

Сөзін жазған Тұманбай Молдағалиев



 

  

Көзімді жұмсам да көрем сені,



 

Еседі арманның қоңыр желі.

 

Куә бол, Алатау, бақытыма,



 

Куә  бол, көк терек көлеңкелі.

 

  

Қайырмасы:



 

Куә бол, жұлдыз,

 

Куә бол, Айым,



 

Куә бол, Алатауым!

 

  

Көп іздеп мен бүгін оны таптым,



 

Бастадым бір әнін махабаттың.

 

Ақ қайың аялап арманымды,



 

Куә боп, көк өзен, күліп жаттың.

 

  

Қайырмасы:



 

  

Куә бол, жұлдыздар, жымыңдасқан,



 

Куә бол, аппақ Ай, ашық аспан.

 

Алданба жүрегім енді қайтып,



 

Арманға кезінде есік ашқан.



 

  

Қайырмасы:



 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет