Наурыз – Думан!
Мерзімі:
Сыныбы: 8
Мақсаты: Оқушыларға Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы
туралы түсінік бере отырып, халқымыздың салт-дәстүрін
бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, ұлтжандылыққа
тәрбиелеу.
1 – жүргізуші.
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Наурыз тойы басталды.
Көргендер де армандар,
Көрмегендер де армандар.
2 – жүргізуші.
Жаңарғаны сананың.
Ұмытады мұны кім.
Ата-салтын бабамның
Алып келіп ұлыс күн
Бір анадан туғандай,
Бір ұядан ұшқандай,
Бір аспанның астында,
Бір дастархан басында,
Береке-бірлік болсын деп, -
Көп көжеден дәм татып,
Күшейтейік бірлікті.
Еңбек пенен тірлікті.
Салт-дәстүрмен жараса,
Қайта құрып жаңаша,
1 – жүргізуші. 2 – жүргізуші.
Той тойлайық тамаша!
1 – жүргізуші.
Наурыз тойын жұп жазбай,
Қошеметпен қарсы алайық.
Өлең-жырға бастайық,
Қазақтың бір салты деп,
Тойға шашу шашайық!
2 – жүргізуші.
Шашу! Шашу!
Көп шашайық шашуды,
Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр,
Уа, жамағат, теріп ал несібеңді,
Ризығың болсын көл-көсір!(шашу шашылады).
1 – жүргізуші.
Наурыз – жаңа күн!
2 – жүргізуші.
Наурыз – көктем мерекесі.
Наурыз – жыл басы.
Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп.
1 – жүргізуші.
Наурыз – қуаныш мерекесі,
Бақыт пен шаттық мерекесі.
2 – жүргізуші.
Ұлыс күні кәрі-жамс,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып көріскен.
Аталар бата беріскен,
«Сақтай гөр» деп терістен.
«Кел, таза бақ, кел» десіп,
Кел тілек бер десіп...
1 – жүргізуші.
Наурызым – бабамның сөзі,
Наурызым – анамның сөзі.
Ғасырдан ғасырға жеткен,
Даламның сөзі демекші, думанымызды бастамас бұрын арамыздағы ақсақалымыздан бата сұрайық.
Ақсақал. Тимур 8 «А» сыныбы
Мінгендерің балалар, жорға-жорға тай болсын!
Жорғалатып келгенде, көптің көңілі жай болсын!
Ай жағыңа қарасаң, алтыннан терек орнасын!
Айыңда келген мейманың, оған атын байласын!
Күн жағыңа қарасаң, күмістен терек орнасын!
Күнде келген мейманың, оған атын байласын!
Таң мезгілі болғанда, бозторғайдай шуылдап,
Бөденедей пырылдап, берекелі құт болып,
Қыдыр келіп дарығай!
2 – жүргізуші.
Рахмет ата.
Тек жүректен арналар сөзіміз де,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берейік құрметпен өзіңізге,
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз, - деп сөз кезегін мектеп-директоры Джалмухамбетова Ляззат Тілеукенқызына береміз.
1 – жүргізуші.
Қадірлі ағайын, бүгінгі мерекелік думанымызда «Қызғалдақ» ауылы салтанат құрып отыр.
2 – жүргізуші.
Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы.
Жарқырап жатыр жолында, - дей отыра ауыл жастары өнерлерін паш етеді.
Көрініс.(Шал қолында қамшысы бар, қой жайып жүреді).
Шал: Шек, шеку, ей кебенек! Мына ешкілер әбден мазамды алды. «Қой бақтым қоңырау тақтым, ешкі бақтым еңіреп бақтым» деген осы екен ғой.
Уһ, әбден шаршадым, дем алайыншы,- деп малдас құрып отыра кетеді.
Сол кезде артынан Мыстан кемпір келіп шалды қылқындыра бастайды.
Мыстан:Уһ, бәлем қолыма түстің бе?
Шал:Ойбай, ойбай жіберші, қылқынып барамын.
Мыстан:Сен маған не бересің?
Шал:Бір отар қой беремін.
Мыстан:Жоқ маған қой керек емес, балаңды бер әйтпесе жібермеймін.
Шал:Жарайды, жалғыз Кенжебек деген ұлым бар еді, соны ал.
Мыстан:Онда келісемін, оны қалай бересің?
Шал:Баламның жақсы көретін алтын сақасы бар, соны саған беріп кетейін, балам алтын сақасын іздеп келгенде өзің ұстап ал.
-Міне, алтын сақа,-деп қалтасынан алтын сақасын алып береді де, өзі кетіп қалады.
Мыстан алтын сақаның жанында отырады.
(Бала сақасын іздеп шығады).
Бала:Апа, апа анау сақамды алып беріңізші?
Мыстан:Ой, мен отырсам тұра алмаймын, тұрсам отыра алмаймын, өзің ал.
Бала еңкейіп сақаны ала бергенде мыстан оны шап беріп ұстап алады. Осы кезде қыздар Кенжебекті іздеп шығады.
Қыздар:Кенжебек, Кенжебек, қайдасың? Біз сені іздеп жүрміз. Осы кезде ортаға Мыстан атып шығып, қыздарды қорқытады. Қыздар қорқып бірінің артына бірі тығылады.
Мыстан:Сендерге Кенжебек керек болса, менің шартымды орындаңдар.
Қыздар: Орындаймыз, апа орында ймыз.
Мыстан: Онда маған Наурыз туралы өлеңдер оқып беріңдер.
(Оқушылар Наурызға байланысты өлеңдер оқиды).
Адель:
Тойла бүгін, тауларым мен боз далам,
Тойла бүгін, қарттарым мен бозбалам.
Қайта оралған намысымдай Наурызым,
Жаңа жыл боп қош келіпсің, Наурызым!
Алиса:
Наурыз – достық, Наурыз – күн,
Барша халық бірлігі.
Тағы келді Ұлыс күн.
Жалғасып далам тірлігі.
Кирилл:
Наурыз тойы – береке,
Наурыз тойы – жыр-аңыз.
Қызық думан – мереке,
Қызық думан құрамыз.
Лола:
Наурызым – тойлы, нұрлы күн,
Мерейің асып тұр бүгін.
Жерімнің жүзін жылыттың,
Елімнің сақта бірлігін!
Мария:
Арда өсіп, адал емген ақ уызың,
Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін.
Көк бөрілі байрағын желбіретіп,
Көк түріктер тойлаған Наурызым.
Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған Наурызым.
Диана:
Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,
Қастерледік, қадіріңді білдік те.
Құтты болсын, ұлыс күні жұмылдыр
Бәрімізді Ынтымақ пен Бірлікке!
Регина:
Әнім де саған, биім де,
Құт қонақ өзің үйімде.
Қуаныш сыйлар еліме,
Күлімде, Наурыз, күлімде.
Дарья:
Ақпан кетті араз боп Наурызбенен,
Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп,
Көктем жетті көрісіп, жанын үзген,
Қыс аттанды қоштасып тағы бізбен.
Кристина:
Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,
Мейірім танысын деп тасып өткен.
Наурыз сән-салтанат, ұлттық рух,
Бақытты Наурызы бар халқым неткен!
Тамила:
Күн менен түн теңелді!
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді,
Наурыз келді салтымыз.
Көгерсін деп халқымыз.
Көшеге тал егеді.
Наурыз тойы – береке,
Наурыз тойы – жыр – аңыз.
Мыстан: Жарайсыңдар!
Қыздар:Апа, енді Кенжебекті жібересіз бе?
Мыстан: Жоқ, маған енді би билеңдер.
Би. Танго. Антон-Жанна, Денис-Екатерина.
Мыстан:Ой, рахмет,көңілім көтеріліп қалды ғой.
Қыздар:Енді жібересіз бе?
Мыстан: Жібермеймін, (ойланып тұрып), қане ұлдарыңның күшін, қыздарыңның өнерін көрейінші (белінен арқан шешіп береді).
Ұлттық ойындар орындалады.
Ұлдар – қазақша күрес, асық ойнау, күш сынасу.
Қыздар – ою-өрнек қию.
Мыстан:Қандай күшті балалар! Бірақ мен Кенжебекті жібере алмаймын, менің қарным ашты (қыздар жиналып ақылдасады).
Қыздар: Апа, мынау ұялы телефон, мұнымен барлық жермен сөйлесе аласың, өлең тыңдайсың, ойын ойнайсың, суретке түсесің.
Мыстан: Қане, әкел бері көрейін.
Мыстан телефонды алып бұрышқа қарай барғанда, қыздар Кенжебекті алып шығып кетеді.
Мыстан: Әй, әй, тоқтаңдар.
-Алло, Таусоғар, Желаяқ ұстаңдар аналарды..!
1 – жүргізуші.
Наурыз көже– ұлттық тағам. Келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленген. Халықтық дәстүр бойынша оған бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз сияқты кем дегенде жеті түрлі азықтық заттар міндетті түрде қосылуы тиіс. Тақ санын сақтап, мұндай заттар көбейтіле беріледі. Соғымнан арнайы сақталған мүшелер (қазы, қарта, шұжық, т.б.) де қосылады. Ол негізінен бидай көже, тары көже секілді әзірленген (қысқаша Көже). Наурыз көжені халық арасында “тілеу көже”, “көп көже” деп те атай береді. Наурыз көжеге, наурызға арналып сойылған малдың кәделі асына Наурыз бата берілген соң, жиналған халық: “ақ мол болсын” деген тілек айтып тарқасады.
Видео – Наурыз көже.
2 – жүргізуші.
Ал, енді осы дәмді Наурыз көжені ішіп сайысқа түскендерді көрдіңіздер ме..?
Наурыз көже ішу сайысын тамашалайық!
Ортаға ауыл жастарынан мен мықтымын деген екі жігіт шықса...
Жеңген азамат сыйлыққа ие болады.
(Ыдысқа Наурыз көже құйылып, жігіттер жарыса ішеді, кім бірінші тауысса, сыйлыққа ие болады).
1 – жүргізуші.
Білгенге маржан.
Жыл басында алғаш жауған қар ақша қар деп аталады.
Жыл басының алғашқы күні – Ұлыс күні.
Жыл басының алғашқы желі – алтын күрең.
Жыл басының алғашқы төлі – дүбір аяқ.
Жыл басының алғашқы көгі – бәйшешек.
Жыл басының алғашқы асы – Наурыз көже.
Жыл басының алғашқы белгісі – көрісу.
Жыл басының алғашқы сый тағамы – ұйқыашар.
Жігіттердің қыздарға беретін сыйы – селтеткізер.
Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы – Наурызек.
Наурыз айында өсетін жапырақты, қауашақты түрлі гүл – Наурыз шешек.
2 – жүргізуші.
Біз қазақ халқы әулет дәстүрін қастерлеп, дәстүрлік мұраларды насихаттап жүрген халықпыз.
Дәстүрдің озығы бар, жазығы бар,
Өткеннен бізге жеткен асылы бар,
Сәбидің кейбір кезін қызықтайтын,
Қазақта «Тұсаукесер» рәсімі бар.
1 – жүргізуші.
Қазақтар бала қаз-қаз тұра бастағанда «болды, енді жүреді» деп байлам жасап сәбиді өмірдің келесі кезеңіне жүру, тұру процесіне дайындаған «Тұсау кесу» рәсімі, міне, дәл осы кезде атқарылады. Тұсаукесер – әр бала үшін міндетті орындалатын салт.
2 – жүргізуші.
Күлгенің де той сенің,
Жүргенің де той сенің.
Қызықтасын халайық,
Тұсау кескен бұл күнің,
Есте қалсын жарқыным.
1 – жүргізуші.
Әлбетте, баланың тұсауы ала жіппен, қойдың майлы шегімен немесе өрілген көк шөппен кесіледі.
Ала жіп – ақтық пен адалдыққа жол ашады, майлы шек – байлыққа, тоқтыққа жетелейді, көк шөп – көбеюге, өсуге, өнуге шақырады.
2 – жүргізуші.
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен «Тұсаукесер» тойын тұтастырып, қалың жұрттан бата алу мақсатында Сания Батырбекқызының бауыры Батырбек Нұралидің тұсау кесу рәсімін өткізгелі отыр...
Ары қарай кәсіби асаба Қазбек ағамыз жалғастырса...
(Тұсау кесу рәсімі болады, шашу шашылады).
1 – жүргізуші.
Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Ән. «Наурыз – думан» әнін орындайтын Куликова Дарья.
2 – жүргізуші.
Сіздерге Сания Батырбекқызы шын жүректен бақыт пен құт-береке, бейбіт өмір тілейді.
Барлық игілікті істер табыспен аяқталып, жемісті еңбек тек қана қуаныш әкелсін.
Жайылған ақ дастарханнан дәм татып, Наурыз көже ішіңіздер.
Осымен думанымыз аяқталды, сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |