Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық сәт Сәлем Анам, алтын күн Нұр шуаққа халқымның



Дата14.04.2017
өлшемі60 Kb.
#13774
түріСабақ
Әдебиеттк оқу
Cабақтың тақырыбы: Наурыз-жыл басы Өтепберген Ақыпбеков.

Мақсаты: Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу, автор туралы мәлімет беру, мәнерлеп

оқу техникасын қалыптастыру.

Дамытушылығы: Оқушылардың қызығушылығын, оқуға деген ынтасы мен

ықыласын арттыру, сөздік қорын, логикалық ойлау, сөйлеу

қабілетін дамыту.

Тәрбиелігі: Ұлттық мерекенің тарихи маңызын ашу, ұлттық сананы

қалыптастыру, елін, табиғатын сүюге, аялауға тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру.

Көрнекілігі: Оқулық, слайдтар, сызба.
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық сәт

Сәлем Анам, алтын күн

Нұр шуаққа халқымның.

Ашық болсын аспаным,

Аман болсын жас-кәрің

Жыл иесі момақан қойым

Бақыт әкел еліме.

Құт береке молшылық

Дари берсін жеріме


-Балалар бүгін бізде ерекше сабақ. Біріншіден сабаққа қонақтар қатысуда, екіншіден бүгін сайыс сабақ болады.

3 топқа бөлінеміз.

1-топ

«Наурыз» тобы



2-топ

«Сәуір» тобы

3-топ

«Мамыр» тобы



(оюлармен бағалаймыз)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.


-Сұрақ жауап

Балалар, бұлар қай жыл мезгілінің айлары?

-Көктем

-Көктемнің бірінші айы қай ай?


-Наурыз

-Осы Наурыз айы туралы не білеміз?

-Қандай ерекшеліктері бар?

Күн жылынады.

Күн мен түн теңеледі.

Ағаштар бүр жарады.

Той болады.

Мал төлдейді.


-Наурыз айының бір ерекшелігі, көптеп күткен наурыз мерекесі болады.

-Ал наурыз мерекесі қандай мереке?

-Қазақтың жаңа-жылы. Ұлыстың ұлы күні

-Дұрыс айтасыңдар. Наурыз мерекесін қалай қарсы аламыз?

-Олай, болса балалар үйге қандай тапсырма беріліп еді?

-Наурыздағы тілек өлеңін жатқа айту.

-Әр топтан 2 оқушыдан айтайық.

-Міне, балалар наурыз мерекесінде бір-бірімізге осындай жақсы тілектер айтамыз.

ІІІ. Жаңа сабақ
Сонымен бірге тойға жиналған үлкен ақсақал аталарымыз жастарға өз баталарын береді екен.

Бүгін бізге ақ батасын беру үшін «Қыдыр» атамыз қонаққа келіпті.

Қане, балалар, қолымызды жайып, атаның ақ батасын алайық.

Бата әр түрлі болады.

Қыдыр атаның бізге берген батасы қай кезде айтылады?

Наурызда.


-Наурыз қазақтың ерте заманнан бері тойлап келе жатқан-ұлттық мерекесі. Наурыздың 22-де күн мен түн теңеліп, қыс өтіп, көктем келеді. Тіршілік басталады. Мал төлдеп, адамдардың аузы аққа, малдың аузы көкке тиеді. Міне, қазақ елі осы айды киелі санап, жаңа жыл келді деп, наурыз айын жыл басы санаған.

Олай болса балалар, Өтепберген Ақыпбековтың. « Наурыз-жыл басы» деген өлеңімен таныс болайық.


ІV. Дәптермен жұмыс.

Наурыздың он сегізі

Наурыз-жыл басы

Өтепберген Ақыпбеков

Ө.Ақыпбеков-1950ж 8 қазанда Қызылағаш ауылы Ақсу ауданы Алматы обл. дүниеге келген. Мамандығы журналист.

1. Өлеңді мәнерлеп оқу.

2. Сұрақ-жауап:

1) Өлеңде ақын көктем мезгілін қалай суреттеген?

-Наурызда күн жылынады.

Өзгеше леп соғады.

Қыс тауға тығылады.

Жылғалардан су ақты.

Тал, қайыңдар бүр жарды.

Тырналар тыраулап ән салды.

Малды көк қуалап, байлауға тұрмады дейді.

2).-Өлеңде қандай мереке туралы жырлаған?

3). Тойға қалай дайындалыпты?

-Құрт-көже қайнатып, тай қамын жасапты.

4).-Қай айды халқымыз жыл басы санаған?

-Наурыз
V.Сергіту сәті.

Ән:«Наурыз»
3.-Оқушыларға оқыту.

-«Алдар көсе» қонақта, «сиқырлы қоржын.»

-Алдар көсе тапсырмасы.

І. «Сөзжұмбақ» шешу.



Наурыз




















н




























а

























у






















р






















ы
















з












1) Жаңа жыл тойланатын ай

2) Қарттардың беретін ақ тілегі

3) Жаңа туған малдың сүті

4) Ұлттық сусын

5) Төрт-төлік малдың бірі

6) Мерекелік тағам

2. Ребус
Нан’ ’’қауын’’ ’’шар ’’30

Наурыз
3. Өлең жолдарын жалғастыр.

Наурыз(құтты)...(болсын)

Қадамың...болсын.

Гүлдей жайнап...(ойнаңдар)

Наурыз тойын...(тойлаңдар)
«Қанталапай» ойыны.

Нөмірленген асықты таңдап, сол нөмірлі хат алады.

Әр хатта 2 сұрақтан бар, жауап беру,

І. 1) Жеті атаңды ата.

2) Ұлттық тағамдарды ата.
ІІ. 1) Жеті қазынаны ата.

2) Сусындарды ата. Шұбат, қымыз, айран, қатық.


ІІІ. 1) Киіз үй құрылысын ата (шаңырақ,кереге, уық, сықырлауық)

2) Наурыз көже қалай жасалады?


VI. Қорытынды.

Олай, болса, балалар, жаңа сабақты қорытындылау мақсатында семантикалық карта толтырамыз.

Өз өздерін тексеріп, бағалау.






Көктем мезгілі

Наурыз мейрамы

Күн көзі күлімдейді

+




Той жасайды



+

Қыс тауға тығылды

+



Жыл басы



+

Тал, қайың бүрледі

+



Құрт, көже пісірілді




+

VII. Үйге тапсырма



Өлеңді мәнерлеп оқу.
VIII. Бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет