Ана тілім – ардағым (мәнерлеп оқу үйірмесі) Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында мәнерлеп оқу жолдарын үйрету



Дата04.07.2018
өлшемі224,06 Kb.
Юсупова Айгүл Құрбанбайқызы,

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы,

№69 «Бес-кепе» негізгі орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі


Ана тілім – ардағым (мәнерлеп оқу үйірмесі)

Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында мәнерлеп оқу

жолдарын үйрету
Қай ұстаз болмасын өз шәкіртінің дүрыс сөйлеп, ойын шебер жеткізе білгенін қалайды. Бұл орайда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің рөлі ерекше деп ойлаймын. Баланың сөз мағынасын, сөйлем мәнін ұғынуында мәнерлеп оқудың да маңызы зор.

Жалпы мәнерлеп оқу дегенде тек поэзияны ғана мәнерлеп оқи білу деп түсінбеуіміз керек. Мен өзімнің қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында әрбір қарапайым сөйлемді дұрыс нақышына келтіре оқи білу, әрбір кейіпкер сөзін сол кейіпкер бейнесінде толғай білу, әрбір мақалдың негізгі ойын дұрыс айтып жеткізе білу, әрбір өлең жолдарын мәнімен, ұйқас, ырғақтарын ұғып тұрып жеткізу жолдарын үйретуге тырысамын. Ол үшін бала ең алдымен оқиын деп тұрған сөйлемнің, мақалдың немесе өлең жолдарының мағынасын, айтпақшы ойын анық түсіне білуі керек.

Екіншіден, әрбір тыныс белгісінің мәнін ұғып, соны дұрыс пайдалана білуі тиіс.

Үшіншіден, өлең сөздің ұйқас ырғақтарын, бунақ тармақтарын ажырата білуі керек. Демек, бұдан келіп шығатын қорытынды нағыз мәнерлеп оқи білетін бала қазақ тілі мен әдебиеті теориясынан толық білімді болып шығады екен. Бұлай дейтін себебіміз, егер оқушы қазақ тіліндегі тыныс белгілерін (пунктуация) не үшін қойылатынын, әдебиет теориясында теңеу, эпитет, метонимия, метафора, т.б. сияқты ұғымдардың қандай жерлерде не мақсатпен жазылатынын білмесе, онда оқушының мәтін мазмұнын дәл ұғып, түсінуі қиындау болар еді.

Мысал келтірсек: қазақ тілі.

-Ия, алдымен айта кетейін: Отан, ата-мекен, ата-баба, ұрпақ, қазан-ошақ, ағайын-туыс деген қасиетті сөздер сол шақта да нақ осы күнгі сияқты мән-мағынада болған. Осы сөйлемді тыныс белгілерін алып тастап оқысақ, сөйлем өзінің жеткізейін деп тұрған қасиетті ұғымынан мүлде алыстап, түсініксіз былдыр болып шығар еді. Немесе, «Бидайдың кеудесін көтергені – дақылының жоқтығы, жігіттің кеудесін көтергені – ақылының жоқтығы»- деген мақалдағы сызықша мен үтірді алып тастасақ та, жоғарыдағыдай жағдайға душар болар едік.

Бірінші сөйлемді оқығанда бала түсінігінде « Отан, туған жер, туыс, ата-баба» сияқты сөздердің қасиетін ұғатындай ұғым болуы керек десек, мақалды оқығанда бала дарақылық, мақтаншақтық сияқты жаман қылықтардан жиренетіндей дәрежеде болуы керек. Сонда ғана мақал өз дәрежесіне сай жеріне жеткізіле айтылады. Сәкеннің «Сыр сандық» өлеңінен үзінді келтірейік:

«Сыр сандықты// ашып қара,

Ашып қара // сырласым.

Сым пернені// басып қара;

Басып қара// жырласын!

Сұлу сымда// перне әуені

Перне әуені// жыр айтар

Көңіл ашар// тербеу әні,

Тербеу әні //сыр айтар».

Міне, бұл жолдарды оқығанда оқушы сыр сандықтың адамның жан дүниесі (метофора), сым перненің көңіл – күйі ( метафора) және әр шумақтың бунақ, тармақтан тұратынын ажырата білуі керек, сонда ғана ол ақын жанын түсініп, сезіміне еніп, тыңдаушы жүрегіне сол сұлу сазды, сырлы назды жеткізе алады.

М. Әуезовтың « Көксерегінде» Құрмаштың әжесінің мына бір сөзіне назар аударайықшы:

« Түу, мына кәпірдің екі көзі жап – жасыл боп кетіпті – ау, тұқымын сезген екен мына жүзіқара; Қой, балам, енді мұны өлтіріп, терісін алайық»,- деп еді.

Бұл сөйлемді оқығанда оқушы ең алдымен көпті көрген көне көздің байқағыштық қасиетін көре білуі тиіс, екіншіден, бұл сөйлемнің иесі жас адам емес, қарт әже екенін ұмытпауы керек, үшіншіден, қасқыр тұқымының жыртқыштық қасиетін жан – дүниесімен сезінуі қажет. Сонда ғана қарт әженің аузынан шыққан бір ауыз құдіретті сөз тыңдаушысына өз мәнінде жетеді.

Енді осы қасиеттерді балаға қалай меңгертуге болады Ол үшін төмендегі сызбаны (1 сызба) негізге ала отырып, мынадай жұмыстар жүргіземін:

 мәтінді жанрына қарай өзім оқып, таныстырамын; - тыныс белгілерінің қойылу ерекшеліктерін сұрап, білгенін өзім түсіндіріп өтемін:

 оқушыға іштей оқытып, сөйлем немесе шумақ мазмұнын ұғып алуына мүмкіндік беремін.

 жеке- жеке оқушыға даралап оқыттырамын;

балаларға кезекпен немесе барлық сынып оқушыларына бірден дауыстап оқытамын ( бұл, әсіресе, төменгі сыныпқа қолайлы);

 егер кейіпкер сөзі не диалог болса баланың сол бейнеге енуіне жағдай жасаймын;

 теледидардан берілетін кештер мен айтыстарды үнемі көріп отыруын тапсырып, қадағалаймын;



 тек оқулық көлемімен шектелмей, өздерінің ұнатқан шығармаларын жаттап, сынып алдында айтуына мүмкіндік беремін ( бұл баланың ізденуіне мүмкіндік);

 мәнерлеп оқуды өте жақсы меңгерген оқушыларды сынып алдында жеке оқытамын, әр түрлі шараларға қатыстырып отырамын;

 баланың бет – қимылын қозғалысын қалыптастыруға бағыт беремін ( бұл баланың алға ұмтылуына, талпынуына жағдай жасайды).

Бұл талаптарды жаңа сабақтарда, блок сабақтарында, үй тапсырмаларын сұраған кезде жүзеге асырып отырамын.

Енді «Еңбегіне қарай өнбегі» демекші, осы жұмыстар негізінде қол жеткізген нәтижеме тоқталсам:

 Өзім сабақ беретін сынып оқушыларының жартысынан көбі жақсы, бесеуі өте жақсы дәрежеде мәнерлеп оқу жолдарын меңгерген;

Қорыта келгенде, « Сөйлеудің екі түрі болады: бірі – жалаң, екіншісі - көрнекі. Көрнекі сөйлеуді жырлау – толғау дейміз. Жырлау – толғауда айтылатын әсерлі сөзді дарынды сөз деп айту қолайлы. Сөздің асыл болуы – адамға ұнауымен. Сөз мағына жағынан күштілігімен, көркемділігімен, ұнайды», - деп, А. Байтұрсынов айтқандай, мәнерлеп оқу жолдарын толық меңгерген оқушы «сөз асылын» табатын, «сөз мағынасын» ұғатын, «дарынды сөзді» тани білетін тұлға болып қалыптасады.

Мәнерлеп оқу жолдарын үйретуде үйірме жұмысының да маңызы зор деп білемін.Сол мақсатта жасалған «Мәнерлеп оқу» үйірмесінің үлгі жоспарын ұсынып отырмын.


Үйірменің негізгі мақсаты:

  • оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, эстетикалық, көркемдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру;

  • оқырмандық талғамды қалыптастыру

  • ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;


Міндеті:

  • әдебиетті өнер табиғатына сай оқи білуге, мән – мағынасын терең түсінуге мүмкіндік туғызу;

  • көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылығын ояту;

  • жеке тұлғаның эмоциялық мәдениетін қалыптастыру;

  • актерлік шеберлігін қалыптастыру, дамыту.


«Бекітемін»

Мектеп директоры:

________________Е.Бегалиев

«Мәнерлеп оқу» үйірмесінің жылдық жұмыс жоспары



Тақырыбы

Сағат саны

 мерзімі

1

Шығармашылыққа бейімі бар оқушыларды іріктеу, бейімдерін анықтау

1




2

Ауыз әдебиетті. Түрлері

1




3

Салт өлеңдері мен бата-тілек жырлары

1




4

Төрт түлік мал жайындағы өлең-жырлар.

1




5

Наурыз туралы өлеңдер.

1




6

Мақал-мәтелдерді тақырыптық жағынан іріктеу, жинау

1




7

Шешендік сөздер. Билер сөзі - нақылдың көзі.

1




8

М.Өтемісұлы «Соғыс», «Қызғыш құс»

1




9

Ы.Алтынсарин. «Өзен» өлеңін оқыту жаттау.

1




10

Шығармашылық жұмыс.

1




11

Абай Құнанбайұлы «Табиғат туралы әндер»

1




12

Абай Құнанбайұлы. «Қыс» өлеңі

1




13

Т. Айбергенов «Ана»,

1




14

 Көркем тәсіл – сөз бояуы. С. Сейфуллин « Сыр сандақ»

1




15

 Поэзия! Сен менімен егіз бе едің»

1




16

Табиғат ғажайыптары саяхат сабақ.

1




17

Жұмбақтар құрау, жинақтау

1




18

Өтірік өлең жазуды үйрету.

1




19

Өлең жазуды үйрену.

1




20

 Мәнерлеп оқу сайыстарына қатысуға дайындық

1




21

Шәкәрім өлеңдерін мәнерлеп оқу.

1




22

Н.Ә. Назарбаевтың ұлағатты сөздерінен кітапша жасау

1




23

Абайдың қара сөздерін оқу, талдау

1




24

Менің сүйікті шығармам (өлең)

1




25

М.Жұмабаевтың жастар туралы өлеңдері

1




26

Ж.Нәжімеденов өлеңдері

1




27

Ф.Оңғарсынованың өлеңдері

1




28

«Жас қалам» газетін шығаруға дайындалу.

1




29

«Өлең, мен сені аялап өтем!» көркемсөз оқу сайысы

1




30

«Ешкімде ешқашанда ұмытылмайды!»эссе жазу.

1




31

Ыбырай Алтынсариннің өлеңдерін мәнерлеп оқу.

1




32

Мұқағали өлеңдерін мәнерлеп оқу.

1




33

Жамбыл өлеңдерін мәнерлеп оқу.

1




34

Аңыз адам.

1






Мәнерлеп оқу үйірмесінің мүшелері:


  1. Бегалиева Мария – 3-сынып

  2. Бадалова Чинара – 3-сынып

  3. Жылқыбай Мейірім – 3-сынып

  4. Жылқыбай Алдияр – 3-сынып

  5. Сайлау Ербол – 3-сынып

  6. Сайлау Есбол – 3-сынып

  7. Сайлау Інжу – 3-сынып

  8. Сарсенбай Жайна – 3-сынып

  9. Сатыбалды Айман – 3-сынып

10.Сатоева Самира – 3-сынып

11.Тастемір Ақерке – 3-сынып

12.Юсупова Бақнұр – 3-сынып

№69 «Бес-кепе» негізгі орта

мектебінің директоры

Е.Бегалиевке

ата-ана____________________

Өтініш
Менің ұлым /қызым/ ____________________________________



«Ана тілім – ардағым» мәнерлеп оқу үйірмесіне қатысуын сұранамын.

Өтініш иесі: _________________________________
Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу