Тақырыбы: Этнодемографиялық үдерістер мен ұлтаралық келісімнің нығаюуы



Дата07.02.2022
өлшемі114,91 Kb.
#95167
түріБағдарламасы
Байланысты:
10 БОӨЖ

Тақырыбы: Этнодемографиялық үдерістер мен ұлтаралық келісімнің нығаюуы

Орындаған: Жолдасбаева Ақнұр Берікқызы

103 А группасы

Жоспары:

  • Кіріспе
  • 2009 жылғы Қазақстандағы халық санағы, халықтың этникалық және әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер.
  • "Нұрлы көш" бағдарламасы және отандастардың қайтып оралуы.
  • Қорытынды.

Кіріспе

  • Қазақ халқының Ресейге бодан болғаннан бергі этнодемографиялық тарихи жолын негізінде ірі-ірі үш дәуірге бөлуге болады. Біріншісі ХVІІІ ғасырдың 30-жылдарынан 1917 ж. дейін; бұл Қазақ­станның Ресейдің отары, қазақтардың этно­демографиялық дамуы отарлық-миграция­лық (соның ішінде қоныстандыру) саяса­тының ықпалында болған дәуір. Сырттан келген көші-қонның, әсіресе Столыпиннің аграрлық саясаты өрістеген, сонымен бірге қазақтардың арасында табиғи өсім төмен, әртүрлі эпидемиялар, жұқпалы аурулар, жұттар көп болған кезең. Осының бәрінің нәтижесінде қазақтардың саны түрлі өзге­рістерге ұшырап, Қазан революциясына дейін өз елінде үлесі едәуір (90%) болға­ны­мен, ХХ ғасырдың екінші онжылдығы соңын­да, аймақтардың тұрғындарының әлі де жартысынан көбі (58,7%) болған, яғни Оңтүстік, Батыс және Орталық аймақтарда қазақтардың басымдығы сақталған, Сол­түстік және Шығыс аймақтарда славян, басқа этнос өкілдері көпшілікке айнала бастаған кезең.

.

  • Екіншісі, 1917-1991 жылдар, яғни Кеңес заманы. Бұл қазақтардың талай ашаршы­лық­ты (1918, 1921 және 1931-1933 жылда­ры), қуғын-сүргінді, зорлық-зомбылықты көрген, ұлттық дәстүрлер мен тілге нұқсан келген, әліппенің үш рет өзгерген, сырттан көші-қонның ірі-ірі толқындары елдегі демографиялық ахуалды күрт өзгерткен және тағы басқа да келеңсіз жағдайлардың салдарынан қазақ ұлтының өзі ата қоны­сында азшылыққа айналған тұс. Бұл дәуірді екі үлкен кезеңге бөлуге болады: 1-кезең 1917-1959 жылдар - қазақтардың өз елінде 58,7%-дан,28,9%- ға түскен кезеңі; 2-кезең - 1959-1991 жылдар, қазақтардың біртіндеп үлесі өскенімен (40%), әлі де келімсектерден гөрі аз болған кезең.

.

  • Үшінші дәуір - 1991-2009 жылдар, қазақ­тардың өз елінде біртіндеп, көпші­лікке айналуы. Бұл дәуірді де екі кезеңге бөлуге болады: 1-кезең - 1991-1999 жылдар - қазақтардың үлесі республика халқының жартысынан асқан кезең (40%-дан 53,4%-ға жеткен кезең); 2-кезең - 1999-2009 жылдар - қазақтардың өз елінде басым көпшілікке айнала бастаған (53,4%-дан 63,7%-ға дейін өскен) кезеңі. Бұл кезең енді ғана басталды, әрі қарай жалғаса береді.

2009 жылғы Қазақстандағы халық санағы, халықтың этникалық және әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер

  • Қазақстан халқы 2009 жылғы санақ бойынша 16 млн 403 мың адамға жетті. Халық санының аз болуы - бұл әлсіз ішкі нарық, яғни сыртқы нарыққа тәуелділік, сондай-ақ жұмыс қолының жетіспеуі, соған байланысты қажетті аймақтардың игерілмеуі, сонымен бірге елдің қорғаныс қабілетінің әлсіреуі. Сондықтан да халық санын көбейту - қоғамнын, негізгі мәселелерінің бірі. Қазақстан халқының саны бойынша орташа мемлекеттер қатарына жатады. Халық саны жөніндегі толық мәліметтерді халық санағы береді. Мемлекет оны белгілі бір уақыт аралығында жүргізіп отырады (біздің елімізде 10 жыл сайын). Әр санақ аралықтарында қорытынды есеп беріліп отырады. Алғашқы жалпы халық санағы 1897 жылы, ал соңғы ҚР Ұлттық санағы 2009 жылы 25 ақпаннан 6 наурыз аралығында өтті. Бұл уақыттың ішінде Қазақстан халқы 4 есе өсті.Бірақ оның динамикасы біркелкі болған жоқ, жылдам есу айтарлықтай төмендеумен алмасып келіп отырды.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет