«Аманкелді атындағы орта мектебі» кмм қазақстан Республикасының «Зорлық – зомбылық профилакикасы туралы»



Дата13.01.2020
өлшемі15,61 Kb.
#55751
Байланысты:
зорлық - зомбылық туралы ақпарат
тарих тест
«Аманкелді атындағы орта мектебі» КММ
Қазақстан Республикасының «Зорлық – зомбылық профилакикасы туралы» Заңын іске асыру шеңберінде кәмелетке толмағандар мен өмірлік қиын жағдайға душар болған балалар арасында суицид немесе зорлық – зомбылықты алдын – алу жөніндегі атқарылған жұмыс туралы ақпарат.
Мектепте зорлық – зомбылыққа байланысты жоспар құрылған . Жоспар бойынша жұмыстар жүргізіледі. Әрбір сыныпта жас ерекшеліктеріне сай тәрбие сағаттары өтеді. «Балалар құқығы асыл қазынам» , «Бала құқықтары мен бостандықтары» тақырыпта тәрбие сағаттары өтілді

«Кикілжің және оны болдырмау жолдары », «Өмірге «Иә»деп айт »атты 5-11 сынып оқушыларымен психологиялық тренинг өткізді .

Мектеп психологы 9- 11 сынып оқушылар арасында отбасындағы қарым-қатынасты , зорлық –зомбылықты анықтау мақсатында сауалнама жүргізді.Сауалнама нәтижесі бойынша ата-ана тарапынан оқушылар физикалық тұрғыда жазаланбағандықтарын, ата-ана тарапынан үнемі қолдау табатынын көрсетті.

«Жас өспірімдер арасындағы бұзақылық» тақырыбында мектеп ата-аналары арасында жиналыс өткізіліп, жиналыста «Бала тәрбиесі жауапты іс» атты тренинг өтіп ата-аналар өз ойларын ортаға салды. «Сен өз агрессияңды жеңе аласыңба?» атты сауалнама жүргізілді және оның нәтижесі шығарылды .

Жасөспірімдер арасындағы қылмыстық істердің алдын алу мақсатында: «Мектептегі әлімжеттілік» тақырыбына 5-11 сынып оқушыларынан әлеуметтік жасырын сауалнама алынып, қорытындысы бойынша мектепте жоғарғы сынып оқушылары арасында күш көрсету,қорқыту, ақша жинау , бопсалауға бейім оқушылардың жоқ екендігі анықталды.

Кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі инспектормен бірлесе отырып әңгіме жүргізілді, хаттама тіркелді. Онда кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қылмысты болдырмау бағытында бірлесіп әңгіме жүргізу бойынша Көкпекті АПБ КТІБ УПИ полициясының аға инспекторы Оразгалиев С.О кездесу болды. Кәмелеттік жасқа толмаған оқушыларға құқық бұзушылыққа жататын бірнеше баптармен таныстырып өтті. Кездесу барысында оқушылар өздерін толғандырып жүрген ойларын ортаға салып, пікір алмасты, өздеріне керекті мағлұматтар алды.

Мұғалімдердің, психологтардың, мектеп инспекторының оқушылар арасында қауіпсіз қарым-қатынас орнату бойынша бірлескен жүйелі жұмысы жолға қойылған. Мектепішілік есепте тұрған ерекше назарда болған оқушы жоқ.

Әлі де жоспарлаған жұмыстар жүргізілуде.



Мектеп директоры С.Т.Калдыбаев

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет