2 Мемлекет деңгейінде сыртқы экономикалық қызметті басқару



Дата08.07.2017
өлшемі331,95 Kb.
2. Қазақстанда сыртқы экономикалық қызметті басқаруды ұйымдастыру
2.1. Мемлекет деңгейінде сыртқы экономикалық қызметті басқару
Қазақстанда сыртқы экономикалық қызметті рефор­ма­лау 1981 жылдан басталды. Дәл осы кезеңде олардың сырт­қы нарыққа өз беттерімен шығуы, сыртқы эко­но­ми­ка­лық қызметке экономикалық қызығушы­лық­та­ры­ның артуы бой­ынша министрліктердің, ведомстволар­дың, кәсіпорын­дар мен ұйымдардың құқықтарын ке­ңей­туде алғашқы қа­дам­дар жасалды.

Республиканың министрліктері мен ведомстволары және аса ірі бірлестіктер мен кәсіпорындар экспортты жоғары сапалы өнімдермен маңызды түрде қамтамасыз етуді жүзеге асыра бастады. Сыртқы экономикалық қызмет саласындағы өкілеттіктер мен құқықтар орталық органдардан алынып, жергілікті жерлерге көбірек қосымша өкілеттіктер беріле бастады.

1989 жылдың сәуір айынан бастап барлық кәсіп­орын­дар мен ұйымдарға сыртқы нарыққа өз бетімен шығу және коммерциялық қызметті жүргізу құқы берілуі нәтижесінде, кәсіпорындар, республикадағы сыртқы экономикалық ке­шен­нің басты буынына айналды. 1988-ші жылдан іс жүзінде кез келген мемлекеттік және кооперативтік кәсіп­орындар сыртқы нарыққа шыға алады. Дегенмен, экспорт-импорт операцияларын жүзеге асыру негізінде валюталық өз шығынын өзі өтеу қағидалары (принциптері) қаланды.

Республикада сыртқы экономикалық қызметті дамы­ту­дың алғашқы сәтінен бастап СЭҚ-ті мемлекеттік реттеу жүйесі белгіленген болатын, нақтысында:



  • сыртқы экономикалық байланысқа қатысушы­лар­дың тіркелуі;

  • мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін тауарлар мен басқа да мүліктер туралы мәлімдеу;

  • лицензиялауды қоса отырып, жалпы мемлекеттік маңызы бар жекелеген тауарлардың экспорт және импорт тәртібі және т.б.

Дегенмен, барлық қолданылған шаралар кәсіпорын­дар­дың, кооперативтер мен ұйымдардың өз бетімен сырт­қы нарыққа шығудағы мүмкіндіктерін төмендетуге әкелді. Сыртқы экономикалық байланыстарды (СЭБ) алғашқы кезден әкімшілік әдістермен басқару, әсіресе экспорт бой­ынша іс-қимыл жасау, тікелей өнім өндірушілер мен қызмет көрсетушілердің экспорт-импорт операцияларын маңызды түрде шектеді, сондай-ақ оларды орталық­тан­ды­рыл­ған басқару органдарына тәуелді етіп қойды.

Қазақстанның егемендік алуымен республикадағы сырт­қы экономикалық қызметті түбегейлі демократия­лан­дыру, осы саладағы барлық меншік нысандарындағы, оның ішінде тұтыну кооперацияларындағы кәсіпорындардың дербестігін маңызды түрде кеңейту бойынша шаралар іске асырылды.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Конститу­ци­я­­сының ережелері негізінде Қазақстандағы сыртқы эконо­ми­калық қызметті басқару жүйесін одан әрі дамыту жал­ғас­тырылуда. Қазақстан Республикасының Үкіметі анық­тай­тын тізім бойынша экспортқа мемлекеттік монополия өнім­­дердің жекелеген түрлеріне ғана белгіленеді.

ҚР Конституциясымен қаралған, мемлекеттік билік ор­ган­дарының жүйесіне, биліктің үш тармағы: заң шыға­ру­шы, атқарушы және сот билігі кіреді.

Ұйымдар мен кәсіпорындар сыртқы нарықта жұмыс іс­теу кезінде өздерін кең түрде көрсете алуына мүм­кін­дік­тері бар. Дегенмен, олардың дербестігі шексіз емес, олар үш билік тармағы мен жер-жердегі басқару органдарының ықпалды әсерінде болады. Қазақстан Республикасындағы заң билігі, екі палатадан тұратын ҚР парламенті атынан жү­зеге асырылады.

Қазақстан Республикасындағы жоғары сот билігі Кон­сти­туциялық Кеңеспен, Жоғары сотпен және Жоғары Тө­ре­лік сотпен жүзеге асырылады. Сот жүйесінің негізгі та­ғай­ындалуы сыртқы экономикалық қызмет аясындағы – отан­дық, сол сияқты шетелдік кәсіпорындар мен кәсіп­кер­лер­­дің заңмен қорғалатын мүдделерін және құқықтарын қарайды.

Қазіргі уақыттағы Қазақстан Республикасындағы сырт­қы экономикалық қызмет пен оны басқару заң акті­ле­рімен реттеледі. Заң актілерімен қатар ҚР Президентінің Жарлықтары, ҚР үкіметінің, яғни атқарушы биліктің қау­лы­лары мен жарғылары бірінші кезектегі маңызға ие.

Сыртқы экономикалық қызметті басқаруда Қазақ­стан­да атқарушы билік органдары маңызды рөл атқарады:



  1. ҚР сыртқы экономикалық байланыстар Министр­лігі мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының шешім­де­рі­не сәйкес, мемлекеттік сыртқы эконо­ми­калық саясатты жа­сау және оны жүзеге асырумен, СЭҚ-ті үйлестіру және рет­теумен айналысады.

Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі ҚР сыртқы сауда және төлем баланстарына болжамдар жасау­ды әзірлеуге, халықаралық экономикалық ұйымдар мен үкіметаралық комиссиялардың жұмысына қатысады, ха­лық­аралық шарттар жасау туралы ұсыныстар әзірлейді жә­не ҚР Үкіметінің тапсыруы бойынша шарттар жасайды.

Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі (СЭБМ) сауда өкілдіктерінің, сауда Кеңесшілері аппарат­та­ры­ның және Қазақстан Республикасы елшіліктерінің сау­да-экономикалық мәселелері бойынша атташесі қызметіне басшылықты жүзеге асырады.



  1. Сауда экономикасы министрлігі мемлекеттік эко­но­микалық саясатты жүзеге асырады. Мүдделі министр­лік­тер мен ведомстволардың қатысуымен сыртқы экономика­лық саясатты қалыптастыру, СЭБ-ті дамыту, экономика­лық байланыстар мәселелері бойынша үкіметаралық шарт­тар жасау бойынша ұсыныстарды әзірлейді.

  2. ҚР Мемлекеттік кеден комитеті (МКК) респ­уб­ли­ка­ның кеден саясатын жасау және оны жүзеге асыруға қа­ты­насушы, сыртқы экономикалық қызмет аясындағы ор­та­лық құқыққорғау органы болып саналады.

  3. ҚР Ұлттық банкі республиканың бас банкі болып саналады және соның меншігінде болады. Ол мемлекеттік биліктің басқарушы және атқарушы органдарына тәуелсіз және өзінің қызметінде Ұлттық банкі туралы Заңды және басқа заң актілерін басшылыққа алады. Республика Ұлттық банкі шетел валютасындағы кез келген операцияны ше­тел­де, сондай-ақ республиканың өзінде жүзеге асыруға құқы бар.

  4. Сыртқы істер министрлігі.

  5. ҚР мемлекеттік салық қызметі.

  6. ҚР білім және ғылым министрлігі және атқару билігінің басқа министрліктері (мысалы, отын, энергетика, көлік министрлігі және т.б.).

2.2. Аймақтар деңгейінде сыртқы экономикалық қызметті басқару


Қазақстанның мемлекеттік құрылысының жалпы қа­ғи­даларына (принциптеріне) сәйкес заң актілері, ҚР Пре­зи­ден­тінің жарлықтары мен өкімдері, атқарушы билік орган­да­рының нормативтік актілері Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында белгіленген тәртіпте қолданылады. Осы­лар­дың барлығы, республика аймақтарының шетелдегі мем­лекеттермен, олардың фирмаларымен сыртқы қа­ты­нас­тар аясында ешқандай құқы жоқ дегенді білдірмейді.

Мәселен, аймақтық билік органдарының келісімінсіз, қандай да бір аймақтық мүдделерін қозғайтын, мемлекет­тік деңгейде, сыртқы экономикалық қызметтер аясында ма­ңыз­ды бір жақты шешімдер қабылдау мүмкін емес, өйткені барлық салмақ пен ауырлық сол аймақтардың өздеріне тү­се­ді.

Енді, Қазақстанның аса ірі өнеркәсіпті аймақтарының бірі – Қарағанды облысының сыртқы экономикалық қыз­ме­тін қалай басқару, қалай ұйымдастыруға болатындығын қарастырып көрелік.

Қазақстанның басқа аймақтарындағы сияқты, Қара­ған­­ды облысында да биліктің үш тармағы өз билігін жүр­гі­зе­ді. Заң билігі – биліктің өкілетті органы болып санала­тын, облыстық маслихат; атқарушы билік – облыс әкім­ші­лі­гі, әкімият, сот билігі соттар жүйесі арқылы таныс­ты­рыл­ған. Облыс орталығы – Қарағанды қаласы. Қалалық мәсли­хат, қала әкімшілігі, соттар билік жүргізеді. ҚР Консти­ту­ция­сымен анықталатын өздерінің өкілеттіктері, басқа заң актілері шеңберінде, аймақтық биліктің әрбір тармақтары облыс аумағында орналасқан сыртқы экономикалық бай­ла­ныс жасауға қатысушылардың қызметін бақылау мен бас­қа­руды жүзеге асырады.

Облыс әкімшілігі мен оның халықаралық және сырт­қы экономикалық байланыстар жөніндегі құрылымдық бө­лімінің облыс деңгейінде сыртқы экономикалық қызметті жедел басқарудағы маңызы зор. Сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі облыс әкімшілігі бөлімінің негізгі қызметі:



  • сыртқы экономикалық қызметтің басым бағыт­та­рын анықтау және облыстың халықаралық бай­ла­ныс­тарын дамыту;

  • шетел инвестицияларын тарту туралы мәселелерді үйлестіру, шетел капиталын қатыстырумен ірі эко­но­микалық жобаларды жүзеге асыруға бақылау жа­сау;

  • облыстың экспорттық әлеуетіне (потенциалына) талдау жасау, оны пайдалану бойынша ұсыныстар әзірлеу, шетел делегацияларын қабылдау, олардың облысты аралауын ұйымдастыру, халықаралық ұйымдармен мәдени және басқа байланыстар орнату;

  • облыстың валюталық қорына қаржылардың түсуі мен оның жұмсалуына, сыртқы экономикалық қыз­­­­­мет аясындағы заңдардың сақталуына бақылау жа­сау;

  • облыстың сыртқы экономикалық қызметінің мәсе­лелері бойынша заң актілерінің жобасын әзірлеу, көрмелер, семинарлар, таныстырулар, оқу мен тәжірибе-сынақтардан өтуді ұйымдастыру;

  • облысқа берілген өкілеттіктер шеңберінде экспорт пен импортты квоталау мен лицензиялауды жүзеге асыру;

  • облыс аумағына шет ел капиталын қатыстыратын инвестициялық жобаларға сараптық баға беру;

  • облыстағы сыртқыэкономикалық қызмет пен ха­лық­аралық байланыстардың (кеңестер, конферен­ци­я­лар, келіссөздер, таныстырулар және т.б.) бо­ла­шақ және ағымдағы жоспарларын даярлау;

  • облыс аумағында біртұтас сыртқы экономикалық саясат жүргізу мақсатында облыстың қалалары мен аудандарының әкімшіліктерімен сыртқы экономикалық қызметті үйлестіру.

Қарағанды облысындағы сыртқы экономикалық қыз­метті басқару жөніндегі бүкіл жұмыстар облыстық мәслихатпен, қалалар әкімшіліктерімен, Қарағанды сауда-өнеркәсіп палатасымен және Қарағанды кеден басқар­ма­сы­мен, ірі банктермен, сондай-ақ басқа да ұйымдармен тығыз байланыста жүргізіледі.
2.3. Кәсіпорындар деңгейінде сыртқы экономикалық қызметті басқаруды ұйымдастыру
Қазақстан Республикасында қолданылатын заңдарға сәйкес, кәсіпорындар сыртқы нарықтағы жұмыстарының формаларын, әдістерін және көлемін өз беттерімен анық­тау құқына ие. Сыртқы экономикалық қызметті жеке-дара иемденуді жою (демонополиялау) жағдайында, кәсіп­орын­дар, республикадағы бүкіл сыртқы экономикалық ке­ше­ні­нің дербес әрекет етуші шаруашылық жүргізу субъектісі бо­лып саналады.

Кәсіпорындар деңгейінде сыртқы экономикалық қыз­мет­ті ұйымдастыру формалары маңызды шекте, олар ше­шуге тиісті міндеттермен және мақсаттармен анақталады.

Сыртқы экономикалық байланыстар Министрлігінің мамандандырылған сыртқы сауда ұйымдары сыртқы эко­но­микалық қызметті басқаруда айтарлықтай тәжірибе жи­нақ­таған.

Белгілі бір тауарлармен сауда жасауға маманданған фир­малар сыртқы сауда ұйымдарының (ССҰ) жетекші құ­ры­лымдық бірліктері болып саналады. Фирмаларды ди­рек­тор немесе оның орынбасары басқарады.

Мамандандырылған фирмалар мен сыртқы сауда ұйымдарының (ССҰ) функционалдық бөлімдері мен қызметтерін үш топқа бөлуге болады:


  1. Жоспарлауды жүзеге асырушы топтардың бөлімдері:

а) жоспарлау-экономикалық бөлімі;

б) валюта-қаржылық бөлімі;

в) көлік бөлімі;

г) бухгалтерия.



  1. Маркетингпен айналысатын топтардың бөлімдері:

а) конъюнктуралар және бағалар бөлімі;

б) жарнамалар және көрмелер бөлімі;

в) инженерлік-техникалық бөлім;

г) бірлескен кәсіпорындар бөлімі;

д) техникалық қызмет көрсету бөлімі.


  1. Басқару шешімдерін қабылдау мен пайдалануды

қам­та­масыз етуші топтардың бөлімдері:

а) дамыту бөлімі;

б) АСУ, ВУ бөлімі;

в) шетел іс сапарлары бөлімі;

г) канцелярия, заң, хаттама бөлімдері;

д) әкімшілік-шаруашылық бөлімі.

А.М. Прибульский өзінің еңбегінде (А.М. Прибуль­ский, Стратегия и тактика ведения внешнеэкономической деятельности в условиях долговременного экономического кри­зиса в переходный период. Караганды, 1996) Қазақ­стан­ның мұнайхимия кәсіпорындары шеңберіндегі сыртқы эко­но­микалық қызметті жүргізу тәжірибесін жинақтап қо­рыт­ты. Жұмыс ашық әлемдік нарық жағдайында сыртқы эко­но­микалық қызметті жүргізудің дәстүрлі сыни тұрғыдан ба­ға береді.

Өйткені, көптеген кәсіпорындарда сыртқы экономи­калық қызмет бөлімдері әлі құрылмаған немесе жаңа-жаңа құрылу үстінде, ал Қазақстанның мұнайхимия өнеркәсібі кәсіпорындарының сыртқы экономикалық қызметін (СЭҚ) ұйымдастыру тәжірибесі нақты мысалдар арқылы іс жүзінде қызығушылық туғызып отыр.



1.1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ПӘНІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕСІ.

Халықаралық экономика, микро-макроэкономика мен қатар экономикалық теорияның құрамдас бөлігі болып табылады.

Халықаралық экономика – ұлттық экономикалардың тауарлардың халықаралық қозғалысы, қызмет көрсету, өндіріс факторлары және мемлекеттің халықаралық экономикалық саясатын құру саласында қарым-қатынас заңдылықтарын зерттейтін экономикалық теорияның бір бөлігі болып табылады.

Халықаралық экономиканың зерттеу пәні дербес болып келіп, микро-макроэкономиканың зерттеу обьектілерінен өзгешеленеді.



Халықаралық экономика теориясының обьектісі болып:

- Халықаралық масштабта шаруашылық өмірді ұйымдастыру жүйесі нарығының дамуы және қызмет ету заңдылықтары.

- Әлемдік нарықта тауарлар мен өндіріс факторларына жиынтық сұраныс пен ұсыныстың құрылу заңдылықтары.

- Сыртқы сауданың даму тенденциясы (қарқыны).

- Халықаралық экономиканың қызметін қамтамасыз ететін халықаралық қаражаттарды зерттеу.

- Әр түрлі тәуелсіз мемлекеттер резиденттері мен келісетін келісім шарттар.

- Халықаралық экономиканы реттеудің институционалды құрылымы.

Бірдей экономикалық құбылыстар мен процесстер өту орнына-ұлттық шаруашылық ішінде немесе халықаралық экономика саласында болуына байланысты өз мазмұнын өзгертеді. Халықаралық экономика саласындағы экономикалық қатынастардың ұлтішілік қатынастардың ерекшелігі, мынамен анықталады. Мемлекеттер өз шекараларында тауарлар қозғалысы, қызметтер және өндіріс факторларының қозғалысына шектеу қояды. Сонымен қатар оларға тілдегі және заңдағы айырмашылықтар тежеу болады.

Ішкі және сыртқы экономика арасында ерекшеліктер бар.

Халықаралық экономиканың құрылымдық теориясы, халықаралық микроэкономика мен халықаралық макроэкономикадан тұрады.

Халықаралық микроэкономика нақты тауарлар қозғалысы мен оны халықаралық масштабта өндіру заңдылықтарын ашады.

Халықаралық макроэкономика ашық экономикалардың модельдері мен, халықаралық валюталық және төлем жүйелерінің құрылымы мен принциптерін зерттейді.

Халықаралық экономика теориясы абстракция және моделирование әдістерін қолданады. Негізделген сараптау әдістері кеңінен қолданылады: қызметті, графиктік және шектік.

Методологиялық жоспарда халықаралық экономика толығымен, мемлекеттер арасындағы қатынастардың экономикалық саласында ортақ микро және макроэкономикалық қағидалардың қолданысы болып табылады.



1.2. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ МЕН МӘНІ.

Халықаралық экономиканың пайда болуының себептері мен шарттары болып, халықаралық еңбек бөлінісі болып табылады.

Халықаралық еңбек бөлінісі, халықаралық нарыққа шығу мақсатында ішкі қажеттіліктерден тыс қызметтермен тауарларды өндіруде өз көрінісін табады. Халықаралық еңбек бөлінісінің негізгі түрлері болып-бөлшектік (салалар арасында), бірлік (салалар ішінде), бөлшектік және технологиялық.

Халықаралық еңбек кооперациясы бұл мемлекеттер арасында үлкен экономикалық тиімділік пен өндірілген өнімдермен тұрақты айырбас болып табылады. Халықаралық еңбек бөлінісінің дамуының маңызды алғышарттары болып, өндіріс факторларының халықаралық бөлінісі табылады.

Халықаралық еңбек бөлінісі және тағы басқа факторлар негізінде халықаралық нарық пайда болды.

Әлемдік нарық - мемлекеттер арасында тауар-ақша қатынастарының тұрақты саласы. Әлемдік нарық халықаралық экономикалық теорияның орталық санаты болып табылады. Әлемдік нарық тауарлардың мемлекет аралық айырбасының саласы болып, өндіріске кімге және қанша өндіру керектігін көрсетеді.

Әлемдік нарықтың негізгі белгілері болып – халықаралық сауда, яғни тауарлар мен қызметтердің ауысуы болып табылады.

Әлемдік нарықтан да жоғары нарықтық экономиканың сатысы болып-әлемдік шаруашылық болып табылады.

Әлемдік шаруашылық – өндірістік мобилді факторларымен өзара байланыскан әлем мемлекеттерінің ұлттық экономикаларының жиынтығы болып табылады. Әлемдік шаруашылықтың әлемдік нарықтан айырмашылығы, олар халықаралық тауарлар қозғалысынан емес, халықаралық өндіріс факторлар қозғалысынан көрініс алады.

Әлемдік шаруашылық әлемдік нарықты, өндіріс факторларының халықаралық мобилдігімен анықталатын жаңа нышандармен толықтырады.

ХХ ғасырдың екінші жартысында әлемдік шаруашылықта, басқару және бақылаудың ортақ механизмдерінің құрылуына әкеп соғатын тенденциялар пайда болды. Фирмалар біртіндеп трансұлттық корпорацияларға өсті. Әлемдік экономикалық дамуды бақылайтын қаржылық ұйымдармен мемлекетаралық жүйелер пайда болды. Халықаралық сауданың есеп айырысу құралдары болып табылған, несие, қаржы, валюталық жүйелер дербес экономикалық күшке айналды.

Бұның барлығы нарықтың экономиканың әлемдік шаруашылық сапасынан, жаңа жоғары деңгей-халықаралық жағдайға ауысуына әкеп соқты. Негізінде, қазіргі экономика халықаралық болып табылады және әр мемлекеттерде өндіріс факторларымен әртүрлі қамтамасыз ету жағдайымен негізделеді.



Халықаралық экономиканың нышандары болып:

1. Халықаралық сауда түрінде халықаралық тауарлармен айырбастың дамыған саласы;

2. Технология, еңбек күшін, капиталды кіргізу, шығару түрінде халықаралық өндіріс факторларының қозғалысының дамыған саласы;

3. Трансұлттық корпорация шегінде өндірістің халықаралық формалары;

4. Өндіріс факторларын қозғалысы және тауарлардың халықаралық қозғалысына қызмет көрсетумен байланыспаған, дербес халықаралық қаржылық жүйе;

5. Экономиканы халықаралық реттеудің мемлекетаралық және мемлекет үстілік тетіктер жүйесі;

6. Ашық экономика қағидаларынан шығатын мемлекеттердің экономикалық саясаты;

Халықаралық экономика, халықаралық экономикалық қатынастардың нақты формаларында өз көрінісін табады. Оларға: халықаралық сауда (қызметтер мен тауарлар) өндіріс факторларының Халықаралық қозғалысы (капитал, жұмыс күші, технология) қаржылық құралдармен халықаралық сауда, халықаралық есеп айырысулар жатады.



2.1. Халықаралық сауданың классикалық теориясы.

Халықаралық сауданың классикалық теориясы әйгілі ағылшын экономистары А.Смит пен Д.Рикардомен ұсынылған. А.Смит өзінің «Халықтың байлығының табиғаты мен себебін зерттеу» 1746 ж атты еңбегінде, халықаралық сауданың дамуын абсолютті шығындардың әртүрлігімен негіздейді және одан шығатыны, тауарды шығындары абсолютті аз елдерден импорттап, ал шығындары аз тауарларды экспорттау қажет. Смит елдердің халықаралық сауданы дамытуға мүдделі екенін көрсетті, өйткені олардың экспортер немесе импортер болатынынан тәуелсіз олар жеңіп отырды.

Егерде басқа елге, қарағанда бір тауарды белгілі бір шығын бірлігінде көп өндіре алатын болса, онда ол ел абсолютті артықшылыққа ие.

Мұндай абсолютті артықшылықтар нақты факторлардан тууы мүмкін-ерекше климаттық жағдай немесе табиғи ресурстардың болуы. Табиғи артықшылықтар ауыл шаруашылығы мен кен өндіру өндірісінде маңызды роль атқарады.

Елдер арасында сауда қатынастарын орнатқаннан кейін сыртқы сауда ағымдарының бағыты өндіріс шығындарының қатынастарының айырмасымен бағытталады.

А.Смит көзқарасы кейіннен Д.Рикардомен толықтырылып, дамытылды. Ол салыстырмалы шығындар теориясын қалыптастырды. Бұл теорияға сәйкес, егерде елдің абсолютті артықшылығы болмаса да, сауда 2 елге де табыс әкеледі. Салыстырмалы шығындар теориясында балама баға немесе орнын басу шығыны түсінігі қолданылады.

Бұл түсінік өндіріске жұмсалған жұмыс уақытының саны арқылы ішкі нарықтағы екі тауарлы бірліктің бағасын қарапайым салыстырумен түсіндіріледі.

Орнын басу шығыны түсінігі мазмұны бойынша балама бағаға эквивалентті.

Балама баға-басқа тауар бірлігін шығаруға қажетті жұмыс уақытымен өрнектелген бір тауар бірлігін шығаруға қажетті жұмыс уақыты.

2.2. Өндірістің балама шығындар теориясы.

Қазіргі батыстық экономистер Д.Рикардоның салыстырмалы артықшылықтар теориясын дамытып балама шығындар моделіне модификациялады. Оның авторы Г.Хаберлер. Г.Хаберлер екі тауар шығарылатын екі ел экономикасын сараптайды. Д.Рикардоның теориясынан айырмашылығы екі тауарды өндіруге барлық ресурстарды және ең жақсы технологияны қолданғандағы өндірістік мүмкіндіктердің әр елге қисығын тұрғызған, бұл олардың нақты ара-қатынастарын көрсетеді.

Тауардың балама шығыны аз ел оның өндірісінде және экспортта салыстырмалы артықшылыққа ие.

2.3. Хекшер-Олинниң халықаралық сауда теориясы.



ХIX ғасыр кезінде құнның еңбектік теориясы бірте-бірте өндірістің факторлар теориясының түрлі нұсқаларымен ығыстырылды. Неоклассик экономистер халықаралық сауданы өндірістін факторлар теориясы арқылы түсіндіре бастады.

Өндірістің факторлар ара-қатынысы теориясы көптеген жорамалдарға негізделген. Олар:

1. екі ел;

2. екі тауар, бірі еңбекті көп қажет етеді, ал бірі капиталды көп қажет етеді;

3. өндірістің екі факторы (еқбек және капитал)

4. әр ел түрлі деңгейде өндіріс факторларымен үлестірілген;

5. екі ел де бірдей технология;

Осылайша факторлар ара-қатынас теориясының маңызды жорамалдары болып, жеке тауарлардың түрлі факторинтенсивтілігі мен және елдердегі түрлі фактортолықтылық .

Факторинтенсивтілік – белгілі тауарды жасау үшін өндірістің салыстырмалы шығындар факторының көрсеткіш.

Фактортолықтылық - елдің өндіріс факторларымен салыстырмалы қамтамасыз етілуін анықтайтын көрсеткіш.

Түрлі салыстырмалы өндіріс факторларымен қамтамасыз етілу теориясы халықаралық сауданың негізі ретінде Хекшер-Олин теоремасы түрінде берілген.

Хекшер-Олиннің теориясына сәйкес әр ел өндіріс үшін қажетті салыстырмалы артық өндіріс факторлары бар факторинтенсивті тауарды экспорттайды, ал өндіріс үшін өндіріс факторлары жетіспейтін тауарларды импорттайды.Осылайша жасырын түрде артық өндіріс факторлары экспорттылық, дефицит өндіріс факторлары импортталады. Бірақ та осы кезде назар аударатыны, ал елдері факторлардың саны емес, ал оның фактор мен салыстырмалы қамтамасыз етілуі.

Хекшер-Олин Самуэльсонның теоремасы бұл Хекшер-Олин теоремасы негізінде Самуэльсонмен шығарылған өндіріс факторларын бағаға теңестіру теоремасы.

Теореманың мазмұны- халықаралық сауда өзара саудаласатын елдерде бірдей өндіріс факторларына деген абсолютті және салыстырмалы бағаны теңестіруге әкеледі. Теорияға сәйкес барлық сатушы елдерде бірыңғай білікті және өндірістік еңбекке жалақы мөлшері, сонымен қатар, бірдей өндірістік пен бірдей тәуекел дәрежесі бар капитал мөлшері де бірдей болу қажет.

Тауарлар мен өндіріс факторларына деген бағаны толық теңестіру халықаралық сауданың тоқталуына әкелетіні теориялық рұқсат етілген.

Бірақ та нақты әлемде өндіріс факторларының бағасы балансталмаған. Елдер арасында еңбек ақы деңгейімен басқа факторлы бағалауда маңызды айырмашылықтар бар. Оның негізгі себебі болып Хекшер-Олин теориясы негізіндегі жорамалдар табылады.

2.4. Леонтьев Парадоксы.



Хекшер-Олин теориясының негізгі қорытындылары эмпирикалық тексеріске душар болды. Статистикалық деректер Хекшер-Олиннің теориясын даттады. Әйгілі зерттеу 1977ж американ экономисті Леонтьевпен жүргізіледі. Оның есептеуі бойынша американдық экспортта салыстырмалы түрде еңбекті көп қажет ететін тауарлар көп, ал импорт құрамында капиталды көп қажет ететін тауарлар. Оның зерттеулерінің нәтижесі халықаралық сауданың неоклассикалық түсінігін даттап, экономика ғылымына «Леонтьев Парадоксы» атымен кірген.

Леонтьев Парадоксына сәйкес еңбекті толық елдер капиталды көп қажет ететін өнімді экспорттап, ал капитал толық елдер еңбекті көп қажет ететін тауарды экспорттайды.

Леонтьев Парадоксы Хекшер-Олин теориясын тікелей қолдануға маңызды ескерту болып табылады және қосымша жағдайларды есепке алуды қажет етеді. Олар:

- біліктілік бойынша ерекшеленетін жұмыс күшінің әркелілігі, осы себеп бойынша өндірістік дамыған елдер экспортында салыстырмалы жоғарғы білікті жұмыс күшінің артықтылығы көрсетіледі, ал импортта салыстырмалы білікті емес жұмыс күшінің жеткіліксіздігі көрсетіледі. Бұл уақытта дамуына елдер білікті емес жұмыс күшін көп қажет ететін өнімді экспорттайды.

- бірлесудің қажеттілігі, әсіресе табиғи ресурстарды өндіру саласының үлкен капитал мөлшерлерімен бірлесу, сондықтан көптеген дамушы елдерде бай табиғи ресурстары мен экспорттау капиталды көп қажет етеді, бірақта капитал бұл елдерде мол өндіріс факторлары болып табылмайды. Бұл АҚШ-тың шикізатты импорттай отырып, капиталды көп қажет ететін тауарды импорттайды.

- импортты шектейтін және өндірісті ынталандырумен өндірістің дефицит факторларын қолданатын сала өнімін экспорттайтын халықаралық саудаға сыртқы сауда саясатының әсер етуі.

2.5. Халықаралық сауданың балама теориялары.



Халықаралық сауда балама теорияларының ең әйгілісі болып технологиялық үзіліс моделі табылады. Осы теория бойынша елдер тек өндірістік ресурстардың бар болуымен ғана ерекшеленеді, сонымен қатар техникалық даму деңгейіменде ерекшеленеді.

Бұл модельдің негізгі алғаш рет 1961 ж ағылшын экономисті М.Познердің еңбегінде салынды. Оның концепциясына сәйкес елдер арасындағы сауда бір сауда елінде пайда болған технологиялық өзгерістерден тууы мүмкін.

Нәтижесінде техникалық жаңалығы бар немесе жоқ елдер арасында технологиялық үзіліс пайда болады. Сол үзілістің алдын алғанша елдер арасындағы сауда жалғаса береді.

Масштаб эффект теориясы. 80жылдардың басында П,Крюгман, К.Ланкастер Халықаралық саудаға классикалыққа балама ретінде масштаб эффектісі негізінде түсініктеме ұсынды. Бұл теорияға сәйкес елдерге өзара саудаласқан пайдалы, егерде жалпы өндіріс эффектісі бар болса.Ал ол төменгі шығынмен өнім шығаруға, сәйкесінше төмен бағамен, мүмкіндік береді.



Масштаб эффект теориясы сауданы жалпы тауар айналымда үлес салмағы өсіп келе жаткан ұқсас тауарлар мен негіздейді, елдер арасындағы сауданы шамамен бірдей үлестірілген өндіріс факторлармен түсіндіреді, жетілдірілмеген бәсеке нарығын ұсынады.

“Өнімнің өмірлік циклі” теориясы 1966 ж Вернонмен жасалды. Онда әлемдік сауданың дамуын дайын өнімдермен олардың өмірлік кезеңдері негізінде түсіндіруге тырысқан. Бұл теорияға сәйкес, әрбір жаңа өнім өзіне 4 кезеңді қосатын өнімнің өмірлік циклынан өтеді. Олар: енгізу, кеңейту, жетілу, ескіру.

Салаішілік мамандану теориясы. Бэл Баласспен жасалған және интеграциялық бірлестік негізінде дамыған елдер бір-бірімен бір саланың дифференцияланған тауарларды сату жағдайын түсіндіреді. Мысалы: неміс автомобильдері шетелге сатылып, оның орнына япониялықтар сатылып алынады.

Салаішілік сауда - елдер арасындағы бір саланың дифференциялық тауарлармен айырбас. Оны келесі себептерімен түсіндіруге болады:1) бір тауар тобының шегінде үлкен таңдауда қажет ететін тұтынушылардың түрлі таңдауының болуы; 2) елдер көлемді нарығы бар өндіріс тауарларын экспорттайды; 3) масштаб эффектісі; Салаішілік сауда бірдей немесе өте ұқсас факторлар мен қамтамасыз ету жағдайында дамиды, тауарлардың дифференциясы көрсетіледі, экономикалық масштабтылығы теориясымен түсіндіріледі, өндірістің барлық факторлары бойынша кірістің өсуіне әкеледі. Бір-бірімен басымды дамыған елдер саудаласады, сауда да басымды бөлімдер мен тауарлы компоненттер және дифференциалданған тауарлар.

Столпер Самуэльсон теорисы. Столпер-Самуэльсон теориясның мәні - Халықаралық сауда бағасы өсіп жатқан тауар өндірісі үшін салыстырмалы ен интенсивті қолданылатын фактордың бағасының өсуіне және бағасы түсіп жатқан тауар өндірісі үшін салыстырмалы ең интенсивті қолданылатын фактор бағасының түсуіне әкеледі. Теория келесі алғы шарттарға негізделеді: ел екі өндіріс факторын қолдана отырып екі тауар шығарады; бірде-бір тауар басқа бір өндіріс үшін қолданылмайды; абсолюттік бәсеке бар;факторлар ұсынысы тапсырылған: 1-ші тауар еңбекті көп қажет етеді, ал 2-ші тауарды өндіргенде жер көп қолданылады;екі факторда секторлар арасында еркін қозғалады, бірақ елдер арасында.

2.6. Майкл Портер бӘсекелестік артықшылық теориясы.

М.Портер ойы бойынша салыстырмалы артықшылық теориясы әртүрлі елдердің экономикасының масштабтылығын, тұрмыс нарықтары бойынша тауарлар дифференциясын ескермейді;сонымен қатар барлық жерде өндіріс технологиясын бірдей дейді және білікті жұмыс күші мен капитал сияқты факторлардың орын ауыстыруын жоққа шығарады дейді.

М.Портердің ойынша халыкаралық сауданың жаңа теориясы бәсекенің-динамикалық және даму процесінен шығу керек. Халықаралық сауда сферасында елдер бәсекелеспейді, керісінше, белгілі инновациялық мүмкіндіктері бар фирмалар бәсекелеседі.

Әлемдік нарықта жеңіске жету үшін елдің бәсекелестік артықшылықтарымен фирманың дұрыс таңдалған бәсекелік стратегиясының бірлестіру қажет. М.Портер елдің бәсекелестік артықшылықтарының 4 детерминанттын бөліп көрсетеді:

1. Елдің өндіріс факторларымен қамтамасыз етілуі.

2. Масштаб эффектісін қолдануға мүмкіндік беретін, берілген саланың өніміне ішкі сұраныс параметрлері.

3. Елде бәсеке қабілетті жабдықтаушы саланың және ұлттық бәсеке қабілетті салалардың кластерин қалыптастыру мен технология және сервис маркетингі салаларында өзара қатынас үшін өзара толықтырушы өнім шығаратын салалардың болуы;

4. Стратегияның, құрылымының және бәсеке фирмалар мен ішкі нарық бәсекесінің сипатының ұлттық ерекшеліктері.

5. Бәсеке артықшылығының 4 детерминанты ұлттық «ромбты» құрайды. Ұлттық «ромб» – өзара күшейіп отыратын компоненттер жүйесі және әрбір детерминант басқаларына әсер етеді.
§2. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА ТЕОРИЯСЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ КОНЦЕПЦИЯЛАР, ОЛАРДЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ.

ЖОСПАР.

2.1. Халықаралық сауданың классикалық теориясы.

2.2. Өндірістің балама шығындар теориясы.

2.3. Хекшер-Олиннің халықаралық сауда теориясы.

2.4. Леонтьев парадоксы.

2.5. Халықаралық сауданың балама теориясы.

2.6. Майкл Портердің бәсекелестік артықшылық теориясы.

СЕМИНАР ЖОСПАРЫ.


1-сабақ.

1. Халықаралық сауданың меркантилистік теориясы.

2. Абсолюттік артықшылық теориясы.

3. Салыстырмалы артықшылық теориясы.



2-сабақ.

1. Хекшер-Олин теориясы.

2. Хекшер-Самуэльсен теориясы.

3. Өндіріс факторларынын сәйкес келу теориясын тестілеу. Леонтьев парадоксы.



3-сабақ.

1. Технологиялық үзіліс моделі.

2. Тауардың өмірлік цикл теориясы.

3. Масштаб эффект теориясы.



4-сабақ.

1. Салаішілік мамандану тоериясы.

2. Столпер-Самуэльсон теориясы.

3. М.Портердің бәсекелестік артықшылық теориясы. Детерминанттар және бәсекелестің артықшылық динамикасы.
§2. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА ТЕОРИЯСЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ КОНЦЕПЦИЯЛАР, ОЛАРДЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ.

ЖОСПАР.

2.1. Халықаралық сауданың классикалық теориясы.

2.2. Өндірістің балама шығындар теориясы.

2.3. Хекшер-Олиннің халықаралық сауда теориясы.

2.4. Леонтьев парадоксы.

2.5. Халықаралық сауданың балама теориясы.

2.6. Майкл Портердің бәсекелестік артықшылық теориясы.

СЕМИНАР ЖОСПАРЫ.

1-сабақ.

1. Халықаралық сауданың меркантилистік теориясы.

2. Абсолюттік артықшылық теориясы.

3. Салыстырмалы артықшылық теориясы.



2-сабақ.

1. Хекшер-Олин теориясы.

2. Хекшер-Самуэльсен теориясы.

3. Өндіріс факторларынын сәйкес келу теориясын тестілеу. Леонтьев парадоксы.



3-сабақ.

1. Технологиялық үзіліс моделі.

2. Тауардың өмірлік цикл теориясы.

3. Масштаб эффект теориясы.



4-сабақ.

1. Салаішілік мамандану тоериясы.

2. Столпер-Самуэльсон теориясы.

3. М.Портердің бәсекелестік артықшылық теориясы. Детерминанттар және бәсекелестің артықшылық динамикасы.

Әлемдік экономиканың жаңа үрдістері

Сарапшылардың болжамы бойынша 2005 жылдан 2030 жылға дейін әлемдік экономика көлемі 35 трлн. АҚШ долларынан 72 тлрн. долларға дейін өседі. Ал енді өршіл нұсқа бойынша 2020 жылға дейін-ақ ол 100 трлн. долларға жетеді. АҚШ-тағы жоғары қарқын, Қытайдың серпінді өсуі әлемдік ІЖӨ-нің соңғы 30 жыл бойы байқалмаған жеделдікпен артуына жол ашты. Бұл елдер осынау аса маңызды көрсеткіштің 40% өсімін қамтамасыз етті. 2020 жылға дейінгі кезеңге жалпы әлемдік өсімнің жартысынан астамын американ, қытай және үнді экономикалары қамтамасыз етеді.


Әлемнің аса ірі экономикалары

(халықтың сатып алу қабілеті бойынша)


АҚШ 12457 1 28830 2

Қытай 8200 2 29590 1

Жапония 4008 3 6795 4

Үндістан 3718 4 13363 3

Германия 2426 5 4857 5

Ұлыбри- 1962 6 4189 6

тания

Франция 1905 7 3831 7



Бразилия 1636 8 3823 8

Италия 1630 9 2884 10

Ресей 1542 10 3793 9
Дерек көз: Economіst Іntellіgence Unіt.
ХХІ ғасырда әлемдік экономикада АҚШ-пен қатар жаһандануға, өңірленуге, сауданы ырықтандыруға белсене қосылған Азия елдері “әлеует кіндіктеріне” айналады деп болжануда. Олардың маңызы артуын аса ірі шетелдік компаниялардың өндірістік қуаттарын осы құрлыққа ауыстыруы, инвестициялау көлемінің ұлғаюы, ұлттық экономикаларда жеткілікті дамымаған салалар мен өндірістерде бірлескен кәсіпорындардың құрылуы көрсетіп отыр.

Қол жеткізілген даму қарқынына негізделген болжамдар бойынша, 2050 жылға қарай алты әлемдік жетекші экономикалар клубына АҚШ және Жапониямен қатар Қытай, Үндістан, Ресей және Бразилия кіреді. ХВҚ, Бүкіл әлемдік банк, Орталық барлау басқармасының мәліметтері бойынша Қазақстан ішкі ұлттық өнімнің, ішкі жалпы өнімнің көлемі жөнінен 2004 жылы әлемде 55-ші орында болды. 2007 жылы шешуші макроэконо­ми­ка­лық көрсеткіш 11 трлн. 880 млрд. теңге (99 млрд. доллар) деңгейінде болжанып отыр. Бұл көрсеткіш 2015 жылы 3,5 есе ұлғайып, республиканың санаттар туралы әлемдік табельдегі рейтингіне 27-ші орынды қамтамасыз етеді.

EІU сарапшыларының пікірі бойынша, алдағы 15 жылда жаһандық экономикалық өсудің негізгі факторы еңбек өнімділігінің артуы болады. 2005 жылы 10,1 трлн. долларлық шепті еңсерген тауарлардың әлемдік саудасы және 2,4 трлн. доллар болған қызметтердің коммерциялық экспорты 2030 жылға қарай 27 трлн. долларға дейін өседі деп көзделуде. 2006 жылы әлемдік ІЖӨ-дегі оның үлесі алғаш рет 30%-дық белестен асып түсті, яғни әлемдегі әрбір үшінші өнім шетелге жолданған. 42,7% жаһандық тауар экспорты дамушы елдердің үлесіне келеді. Әлемдік экономиканың өсуіне Шығыс Азиядағы, Үндістандағы, Ресей мен Бразилиядағы тұтыну сұранысының жедел өсуі жәрдем­десуде. 2020 жылға қарай қытайлық тұтыну рыногы үш есе өсіп, көлемі жағынан аме­рикалық рынокпен теңеседі. Азия континентінде ол әлемдегі ең үлкен рынокқа айналады.

ҚХР-дың әлемдік саудадағы 2005 жылғы үлесі 11%-ды құрап, 1,42 трлн. долларға жетті, ал АҚШ-та – 2,9 трлн. Еуропа мен Азия арасындағы жыл сайын­ғы сауда 600 млрд. долларға дейін өсті.

Дамыған елдерге дамушы экономи­калардан өңдеуші өнеркәсіп өнімдерін экспорттау соңғы 20 жылда үш есе артып, әлемдік жеткізілімдердің 40 пайызын құраған. 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 65 пайызға дейін ұлғаяды деп күтілуде.

Дамушы елдер шикізат шылауы рөлінен арылып, индустриялық елдерге, ал дамыған елдер инновациялық, постиндустриялық елдерге айналуда.

Әлемдік экономикада трансұлттық корпорациялардың рөлі өсуде, олар 62 млн. адам жұмыс істеп, жыл сайын 4 трлн. доллар экпорттық өнім көлемін, яғни әлемдегі көлемнің 40 пайызын шығаратын 77 мың туындатушы компа­нияны, 770 мың шетелдік филиалдарды қамтиды. 2000 жылы 100 ең ірі эконо­микалардың тізімінде 51 орынды транс­ұлттық корпорациялар алса, 49 орын ғана мемлекеттердің үлесіне тиген. Жаһан­данудың қазіргі кезеңінде трансұлттық корпорациялар үшін өндірістік опера­цияларды, интеллектуалдық күш-қуат пен негізгі бизнеске бақылауды өсуші өңірлерге көшіру тән болып отыр.

Қазақстанда шетелдік капиталдың қатысуымен, трансұлттық корпорация­ларды қоса алғанда, 7 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Бұлар – “Шев­рон”, Аджип, Миттал Стил, “Лукойл”, “LG”, “Филип Моррис”, “Гленкор” және басқалары. Оларда жұмыс істейтін адамдар саны 357 мыңнан асты. Өндірген өнімдерінің көлемі 2004 жылы 18,4 млрд. доллар болған.

Әлемдік экономикада құрылымдық өзгерістер жалғасып жатыр. Бұл тұрғыда қызмет көрсету саласы алда келеді. Дамы­ған елдерде 70-80 пайызға дейін жеткен оның үлесі ұлғая түсуде. Іскерлік қызмет көрсету секторы өсіп келеді. 2010 жылға қарай іскерлік қызмет көрсету аутсор­сингінің әлемдік рыногының жиынтық көлемі 110 млрд. долларды құрайды. Үндістан осы көлемнің жартысынан астамын қамтамасыз етеді. Басқарудағы консалтингтен түсетін табыс 100 млрд. долларға дейін өседі.

Дамыған елдердегі ауыл шаруашы­лығының үлесі ІЖӨ-нің 3,8 пайызға жуығын (АҚШ-та – 1,8%), өнеркәсіптің үлесі 26 пайызды құрайды. Қазақстанда ауыл шаруашылығының үлесі – 8,3%, өнеркәсіптікі – 30,7%. Жаһандану жағдайында бұл салалар дамушы елдерде шикізат көздеріне жақындай түседі. Үндістанда ауыл шаруашылығының үлесі 24,9% болса, Қытайда ол – 15,9%.

Отын шикізатының және өндіруші өнеркәсіптегі басқа өнімдердің әлемдік саудадағы үлес салмағы 16 пайызға дейін өссе, ауыл шаруашылығыныкі 9 пайызға дейін төмендеген.

 

Мегарыноктар

Әлемдік рыноктың аса ірі сегментте­рінде серпінді өзгерістер жүріп жатыр. Олардың бірін толымды ету жаңа сектор­лардың ұйымдасуын туындатуда. Басым сегменттер қатарында қауырт дамып келе жатқан жылжымайтын мүлік рыногын атауға болады. Соңғы бес жылда дамыған елдерде тұрғын үйдің құны 30 трлн. дол­лардан 70 трлн. долларға дейін ұлғайған. 2007 жылы инвестициялық рыноктың көлемі 681 млрд. долларды құрайды.

1990 жылдан бастап ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) саласында сауданың жоғары қарқынмен өсуі байқалып отыр, ол әлемдік эконо­мика серпінділігінен 2 есе асып түсті. Ақпараттық-коммуникациялық қызмет көрсету рыногы 2004 жылы 2,2 трлн. доллардан артық болды. Бағдарламалық қамтамасыз ету (БҚ) мен АКТ қызметінің әлемдік саудасында Ирландия мен АҚШ басым түсіп отыр. Мәселен, Ирландияның компьютерлік және ақпараттық қызмет көрсету экспорты 2002 жылы 10,4 млрд. долларды, АҚШ-тың үлесі 6,9 млрд. долларды құрады.

Болжамдар бойынша 1,8 трлн. дол­ларды құрайтын химия өнімдері әлемдік рыногының көлемі 2010 жылға қарай 2,4 трлн. долларға жетеді. Батыс Еуропа мен Солтүстік Америка химия өнімдерінің аса ірі тұтынушылары және өндірушілері болып қалады. Үшінші орынға Қытай шығады. БҰҰ мәліметтері бойынша әлем­де жыл сайын 80 мыңға жуық түрлі химикаттар өндірілсе, 1,5 мың жаңа түрлері шығарылады. Химия талшықтарын шығару 35,6 млн. тоннадан асып түсті.

Мұнайдың жоғары бағасы оның сату көлемін 1,7 трлн. долларға дейін жоғары­латты. Болжанып отырған бағаның 100 доллар/баррельге дейін өсуі және оның әлемдік тұтынушыларының көбеюі сатуды 2 трлн. долларға дейін жеткізбек. Мұнай-газ рыногының көлемі 2,37 трлн. долларға жетті. Онда Ресей, Сауд Арабиясы, АҚШ алда келеді.

Әлемдік әуе көлігі аралас салалармен бірлесіп, қызметтер мен тауарлар өндіруді 1,4 трлн. долларға дейін қамтамасыз етеді, соның ішінде жолаушылар тасымалы 326 млрд., жүк тасымалы 50 млрд. долларға жетті. 2005 жылы 2 млрд. жолаушы тасы­мал­данған. Олар халықаралық туризмнің негізін құрап отыр.

2004 жылы “Эйр Астана” әлемдегі 225 жетекші авиакомпаниялар рейтингінде жолаушы айналымы бойынша 189-шы орында болды. 2006 жылы авиакомпа­нияның жолаушы айналымы 3,29 млрд. жолаушы/км құрады.

Есептеулер бойынша, жеңіл автомо­бильдердің әлемдік өндірісі 2005 жылғы 56,6 млн. бірліктен 2010 жылға 63,3-68,9 млн. бірлікке дейін өседі, соның ішінде АҚШ-та – 12,7 млн., Жапонияда – 9,9, Қытайда – 6,48, ГФР-да – 5,3 млн. болмақ. Жалпы сату сомасы 1,2 трлн. доллардан асып түседі деп күтілуде. 2004 жылы жеңіл автомобильдер паркі АҚШ-та 240 млн. данадан, ЕО-да – 206, Қытайда – 32, Ресейде – 27,2, Түркияда – 11,6, Қазақстанда – 1,2 млн. данадан асқан. Мотоциклдердің әлемдік өндірісі 39 млн. данаға дейін өсті.

580 компаниясы және 51 зауыты бар жапондық “Тойота” 2005 жылы өз мәшинелерін 170 елде сатуды 190,3 млрд. долларға дейін жеткізген, америкалық “Ford Motor Company” айналымы 177,1 млрд. доллар болса, еуропалық трансұлт­тық “DaіmlerChrysler” компаниясы 149,8 млрд. долларға жеткізген.

Қазақстанда барлық дерлік әлемдік маркалардың жолаушылар автомәши­нелерін сату 2000 жылғы 9,07 млрд. теңге­ден 2004 жылғы 68 млрд. теңгеге дейін өсті. Сол секілді пайдаланылған авто­мәшинелер мен олардың қосалқы бөлшектерін сату да ұлғайды. Қазақстан автомобильдер сатудың көлемі бойынша ТМД-да екінші орынға шықты. “БипекАвто” ЖШС-да 2006 жылы 2,5 мың Нива және 1,5 мың Skoda автомобильдері құрастырылды. Біздің еліміз автомобильдер шығаруды және құрастыруды жүзеге асыратын 58-ші мемлекетке айналды. Бұл көрсеткіш бойынша әлемде 48-ші орын алады, 2007 жылы 45-ші орынға шығады деп күтілуде.

Алкогольді ішімдіктер сатудың әлемдік көлемі 701 млрд. долларды құрайды, соның ішінде 331 млрд. – сыра, 270 млрд. – әлдеқайда күшті ішімдіктер, 100 млрд. доллар – шараптың үлесіне тиеді. Жиырма жылдан бері сыра өндірісі мен тұтынуы үздіксіз өсіп келеді. Оны ішу жөнінен Қытай, шарап бойынша – Еуропа, арақтан Ресей алда келеді. Қазақстанда 2004 жылы 404 млн. доллардан асқан жалпы сату көлемінің 74,5 пайызы сыраның, 13 пайызы арақтың, 11 пайызы шараптың үлесіне тиесілі. 2006 жылы 486,4 млн. литр алкоголь өнімдері өндірілген.

Кейбір бағалаулар бойынша фармацев­тік рыноктың көлемі 2006 жылы 640-650 млрд. долларға жеткен. Фармацевтикалық препараттар сатудың 43 пайызы АҚШ-тың үлесіне келеді. Мұндай өнімдерді Қазақстанда сату көлемі 2000 жылғы 109 млн. доллардан 2004 жылғы 188,6 млн. долларға жетті. Дәрі-дәрмектерді өндіру 2006 жылы екі еседен астамға ұлғайып, 53,5 млн. доллар болды.

Шетелдік туристер саны 2004 жылы 808 млн. адамнан асып түсті. Бағалаулар бойынша бұл қызметтерді көрсетуден түсетін табыстар 592 млрд. долларды құрады. Туризмнің әлемдік индустрия­сына 100 млн. адам тартылған.

100 аса ірі құрылыс компаниясының жиынтық айналымы 2004 жылы 579 млрд. долларға жетті. Жетекші инженер-құрылыс фирмалары қабылдаған шетелдік тапсырыстардың құны 2003 жылы 127,8 млрд. долларды құраса, құрылыс құрал-жабдықтарының рыногы 65,8 млрд. долларға дейін өскен. Құрылыс – Қазақ­стан экономикасының жедел даму үстін­дегі саласы. 2006 жылы құрылыс жұмыс­тарының көлемі 8,2 млрд. доллардан асып түсті.

Болат шығару рыногы 400 млрд. долларға жетеді. Бұл өнімнің халқаралық саудасы қытай экспортының өсуіне байланысты қиыншылық кешеді. Қазақстан әлемде болат балқыту жөнінен 28-ші орын алады.

Көлік-логистика қызметінің әлемдік экспорты 350 млрд. долларға дейін өсті. Авиация техникасын сату рыногында ұшақ жасаушы “Боинг” және “Аэрбус” компанияларының арасындағы бәсеке шиеленісе түсті. АҚШ-тың жетекші авиакомпанияларының өз өнімдерін сату көлемі 253,1 млрд. долларға жетті.

Жиһаз шығару 2004 жылы 218,5 млрд. еуроға дейін ұлғайды. Мұндай ұлғаю барлық құрлықтарда да жүріп жатыр. Соның ішінде Қытайда 19,4 млрд., Жапо­нияда 16,2 млрд. долларға дейін жетті.

Спорт тауарларының дүние жүзіндегі рыногы 2006 жылы 175 млрд. долларға бағаланды, бұл 2000 жылғыдан екі есе дерлік көп, ал 2015 жылға қарай ол 240 млрд. доллар болады деп күтілуде. Қазақстанда 2000-2004 жылдары спорт тауарларын сату екі еседен астамға өсіп, 8,66 млрд. теңгеге дейін жетті.

 

Жаңа экономика

Әлемдік саудада жаңа, жоғары техно­логиялардың, ғылымды көп қажет ететін тауарлардың үлесі өсіп келеді. Ақпарат­тық-коммуникациялық техноло­гиялар жаңа экономиканың негізгі мазмұнына айналды. Бұл индустрия жаһандық сипат­қа көшті. 2006 жылы цифрлы техноло­гияларды сату 2,6 трлн. еуро, соның ішінде байланыс қызметі 1 трлн. еуроға жетті, мұның өзі ауылшаруашылық өнім­де­рінің, тоқыма бұйымдар мен киімдердің сауда көлемінен асып түседі. АКТ-ның халықаралық саудасы 2003 жылы 933 млрд. долларға жетті. АКТ тауарларының экспорты мен қызметі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінде 2002 жылы 614 млрд. доллардан асып түсті.

2005 жылы сатылған ұялы телефондар саны 836 млн. дана болса, бұл байланыс абоненттерінің жалпы саны 2 млрд. адамнан артық болды. Бұл Жер шарының әрбір үшінші тұрғыны деген сөз. 2006 жылы бұл өнімді сату көлемі 113,5 млрд. доллар, ұялы байланыс қызметі 573 млрд. доллар болған. 2009 жылы ұялы телефон­дардың әлемдік рыногы 1086 млн. бірлікке, соның ішінде үшінші кезең шығарылымы 615 млн. бірлігіне жетеді деп күтіліп отыр. Ал телефондарды сату 121 млрд. долларды құрамақ. Осы өнімдер бойынша әлемдік сауданың 50,2 пайызы “Nokіa” мен “Motorola” үлесіне келмек.

Қазақстанда ұялы байланыс абонент­терінің саны 8,4 млн. адамға жетті. Яғни елдің әрбір екінші тұрғыны қалтафонға ие. Бұл ТМД-да Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші көрсеткіш.

Дербес компьютерлерді сату 2006 жылы 234,5 млн. данаға дейін өсті. Олар­дың әлемдегі жалпы саны 1 млрд. данаға жетті. 2007 жылы дербес компьютерлерді сату 254 млн. данаға дейін өсіп, сомасы 232 млрд. долларды құрамақ. Әсіресе, портативтік компьютерлерді сату жедел өсуде, олардың көлемі әлемдік рыноктың 31,4 пайызына жетті.

Қазақстанда 2000-2004 жылдары компьютерлер мен бағдарламалық қамта­масыз етуді сату 2,4 млрд. теңгеден 37,7 млрд. теңгеге дейін, 15,7 есе өскен. 2006 жылы елімізде 1,05 млн. дербес компьютер болған, мұның өзі жалпы әлемдік деңгейден 2,3 есе аз. Осы қарқын сақталған жағдайда компьютерлендірудің бұл айырмашылығы 2-3 жылда еңсерілмек.

Жартылай өткізгіш аспаптарды (ЖА) әлемдік сатудың жиынтығы 2006 жылы 254,7 млрд. долларға бағаланған. Дербес компьютерлер үшін бұл өнімді жеткізіп беру 2005 жылғы 58 млрд. доллардан 2010 жылғы 84 млрд. долларға дейін өседі деп болжанады. Электрондық құрамалар рыногының жедел өсу үстіндегі сегменттері қатарында 2006 жылы 40,2 млрд. долларды құраған есте сақтау қондырғыларын, 38,2 млрд. доллар болған жалғастыру желілерін айтуға болады.

Интернетті пайдаланушылар саны 1 млрд. адамнан асып түсті. АҚШ, Қытай, Жапония алда келеді. Америкалық Интернет-экономикада жетекші төрттіктің ұстанымы нығая түсті. Олардың табыстары былайша өскен: “Mіcrosoft” – 37,8 млрд. долларға дейін, “Іntel” – 12,6 млрд., “Dell” – 9 млрд., “ІBM” – 8,7 млрд. долларға дейін.

Қазақстанда, статистикалық мәліметтер бойынша, Интернетті 600 мыңнан астам адам пайдаланады. Бұл әлемдік деңгейден 4 есе аз. Іnternatіonal Telecommunіcatіon Unіon мәліметтері бойынша Қазақстан әр жүз адамға шаққанда пайдаланушылар саны жөнінен әлемде 147-ші орында. Бұл Моңғолияның деңгейінен 2,7 есе, Қыр­ғыз­стандағыдан 2 есе аз. Ал Интернетті пайдаланушылардың жалпы саны жөнінен Қазақстан 87-ші орында.

Орнатылған смартфондар саны 2003 жылғы 7,4 млн. данадан 2006 жылғы 69,5 млн. данаға дейін өскен, олардың саны 2011 жылы 190 млн. данаға жетпек. Оптоэлектрондық құрамдастарды (жарық диодтары, лазерлер, оптрондар және басқалар) сату 2006 жылғы 16,5 млрд. доллардан 2010 жылғы 31,8 млрд. долларға дейін өседі деп болжанады. RFІD-жүйелер (радиолокиация жолымен нысандарды біріздендіру және мәліметтерді өңдеу технологиясы) әлемдік рыногының көлемі 2004 жылғы 1,5 млрд. еуродан 2010 жылы 22 млрд. еуроға жетеді деп күтілуде. Шыны талшықтарын жеткізіп беру 2005 жылы 68 млн. шақырымға жеткен. Лазерлер мен лазерлік жүйелерді сату 2004 жылы 60 млрд. еуродан асып түскен болатын.

Электрондық сауда (несиелік карталар, телефондық банкинг, интернет дүкендер) жоғары қарқынмен дамып отыр. Әлемде электронды коммерция көлемі 1999 жылғы 98,4 млрд. доллардан 2004 жылғы 6800 млрд. долларға дейін өсті. 150 миллионнан астам америкалық, 100 миллионнан астам еуропалық оның қызметін пайдаланады. АҚШ-та ғана бұл бизнеске 820 мың компания тартылған.

Қазіргі кезде 1,3 миллиардтан астам пластикалық төлем карточкалары шығарылған. Олар бойынша жыл сайынғы әлемдік айналым 3 трлн. доллардан асып жығылады. Төлем карточкалары 20 миллионнан астам сауда-сервистік кәсіпорындарда қабылданады. Жарты миллионға жуық банк бөлімшелері сол карточкалар бойынша операциялар жүргізеді, 43 елде 700 мыңнан астам банкоматтар жұмыс істейді. 2005 жылы пластикалық карточкалардың әлемдік рыногында “Vіsa” үлесі 49,6 пайыз, “MasterCard” үлесі 23,9 “Amerіcan Express” үлесі 14,3 пайыз болды.

Қазақстанда төлем карттарын 4 миллионнан астам адам пайдаланады. 20 банкі карттар шығарады. 2006 жылы 2,3 мың банкомат, 10,7 мың РОS терминалдар болды. Республикада 30-ға жуық интер­нет-дүкендер ашылған. Төлем карттарды пайдалану арқылы жасалған операция­лардың жалпы көлемі 2003 жылғы 396,1 млрд. теңгеден 2006 жылғы 1428 млрд. теңгеге дейін артты. Өсу қарқыны орташа әлемдік деңгейден жоғары.

Ғарыштық экономика дамып келеді. “Galіleo” жүйесінің навигациялық қызмет көрсету рыногы болжам бойынша 2020 жылға қарай 250 млрд. еуроға жетпек, оның табыстары бұл жүйені құруға кеткен шығындардан 5 есе артық болады. Спутниктік операторлардың айналымы 86,8 млрд. долларға жетіп отыр.

Қазақстанда ғарыштық бағдарлама жасалып қабылданған және іске асыры­луда. Маманданған ұйымдар құрылып, алғашқы отандық спутник ұшырылды, Ақкөлде басқару орталығы ашылды. Таяу­дағы болашақта қашықтықтан оқы­туды, спутниктік навигациялық жүйені және байланысты жаңаша пайдалану жолға қойылады. Сондай-ақ ғарыштан жерді және оның атмосферасын зондтау қызметін пайдалану мүмкін болады. Бұл міндеттерді шешуге “Бәйтерек” зымыран­дық-ғарыштық кешені көмектесетіні анық.



 
Каталог: web -> uploads -> doc
doc -> Урок Воздушная оболочка Земли. Физика 7 класс. Учитель: Злобина Л. Л. Тема урока: Воздушная оболочка Земли. Вид урока: комбинированный Тип урока: изучение и первичное закрепление знаний
doc -> Конспект урока по биологии в 11 классе «Предпосылки возникновения учения Ч. Дарвина»
doc -> I – Бөлім Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру маңыздылығы. 11 2
doc -> «Меңдiқара ауданы әкімдігінің білім бөлiмiнің Буденный орта мектебі» мм
doc -> Кіріспе зерттеудің көкейкестілігі
doc -> Час общения «Традиции и обычаи казахского народа»
doc -> Кіріспе Бюджет жүйесін басқарудың теориялық негіздері


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу