Сабақтың тақырыбы: Тіл дамыту. «Ұлттық дәстүрлеріміз мен әдеттерімізді қадірлейік»



Дата21.07.2017
өлшемі64,05 Kb.
#21486
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Тіл дамыту. «Ұлттық дәстүрлеріміз мен әдеттерімізді қадірлейік» Сабақтың мақсаты Білімділік: Өткен тақырыптарды қалай меқгергендігін бақылау, пысықтау. Алған білімдерін одан әрі тереңдету . Дамутышылық : Оқушылардың ой-орісін, оқуға деген ынтасын, зейіндерін, есте сақтау, сөйлеу және ойлау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру және ұлтаралық тәрбиеге баулу (қазақ халқының тарихымен, мәдениетімен, дәстүрлерімен, әдеп-салтымен қаншалықты таныс екенін байқау). Сабақтың түрі : Жәрмеңке -сабақ Сабақтың әдісі: суретпен жұмыс, ойын элементтері, сұрақ- жауап,топпен жұмыс. Сабақтың көрнекілігі : Плакаттар, суреттер ,парақшалар, ұлттық киімдер, ұлттық бұйымдар. Кітап көрмесі: Аталар сөзі- ақылдың көзі» Сабақтың жүрісі : Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалімнің сөзі . Оқушылар ! Енді бірнеше күннен кейін біз қазақ тілі курсын аяқтаймыз. Осы білгендеріңізбен сіздер үлкен өмірге аттанасыздар. Бүгінгі күні осы сабақта сіздер осы екі жыл ішінде нені үйреніп,қанша білетіндеріңізді көрсетесіздер. Қазақ тілі-мемлекеттік тіл болғаны белгілі. Сондықтан осы елде тұратын кезкелген ұлт өкілдері қазақ тілін, мәдениетін, тарихын, дәстүрлерін білмесіңіздер, өз деріңізді қалайша мәдениетімін деп есептейсіздер? Сондықтан, біз бүгінгі сабағымызды қазақ халқының әдет-ғұрыптарына арнайық. Сабақты бұрынғы дағдылы әдеттен, тыс, яғни ,жәрмеңке түрінде өткіземіз. Ал, енді білгендеріңізді ортаға салыңыздар. Жәрменкедегі тауарлар құнын біздің ұлттық валюта- теңгемен емес, алған білімдеріңізбен төлейсіздер. Оқушылар тауарларды қарап, өздерін ұнаған тауарларын сатып алады. Сатып алған тауарларын алып, орындарына барып жауап беруге дайындалады. Сатып алатын тауарлар-олар ұлттық киімдер, зергерлік бұйымдар, ұлттық тағамдар, ұлттық ойындар, ұлттық аспаптар, қазақтың салт-дәстүрлері туралы суреттер.

Мұғалім: Ал, оқушылар, жәрмеңке болғандықтан кәне ойнайық. Өлең

айтыңдар, тақпақ айтыңдар, өнерлеріңді көрсетіңдер.

1. «Кім тапқыр» ойыны . Оқушыларға белгілі бір әріпке сурет көрсетіледі Сол бойынша сөйлем құрастыру қажет. Әрбір сөз сол әріптен басталуы тиісті.

2.Әр адамның өзінің ана тілін құрметтеуі, аялауы керек. «Тіл-мәртебе, ұлт мерейі, сәніміз» атты сайыстың түрі көркем сөзді мәнерлеп жатқа оқу.

3.»Қос тіл- достықтың қос қанаты» аударма ойыны. 2 оқушы шығып, бірі орыс тілінде сөз айтады, екіншісі аудармасын айтады. Әр ойыншының аударма сөзі оннан кем болмауы керек. Аударма сөздердің белгілі бір тақырыпқа сай алынуын ескерген дұрыс.

4. «Кім көп біледі?» ойыны.

Мұны ермек демейін

Мықтап көңіл бөлейік

Үлкен кіші қуанар

Мақал айтып берейік.

Оқушыларға тіл, Отан, ата-ана, достық туралы мақалдарды айтқызу.

5. Сөзжұмбақ ойыны \фонетикаға байланысты\. Бірі айтылады да естіледі, екіншісі жазылады да көрінеді. Ол не? \Дыбыс пен әріп\.

«ж» дан басталса жыл мезгілі, «қ» -дан басталса, ол құс белгілі. Ол қай сөздер? \жаз, қаз\,»к» - ден басталсам, маған қарап сабақ айтады. «П»-дан басталсам, маған балалар жүгін артады. Ол қай сөздер? \Карта6 парта\

6.» Есіңе сақта». Оқушыларға таблицада жазылған сөздерді көрсетеді. Сосын алып тастайды. Оқушылар ойында қалған сөздерді тақтаға жазу керек.

7.Бұрысы қайсы, дұрысы қайсы?

Етістіктерді орнына қойыңдар.

1.Бие бұзаулайды,

Түйе лақтайды,

Қой ботала



Сиыр қоздайды,

Ешкі күшіктейді,

Ит жұмыртқалайды,

Мысық құлындайды.

Тауық балалайды.

.

7 Оқушыларды бағалау.



Орыс топтарындағы қазақ тілінен сабақтан тыс жұмыстары. «Қос тіл- достықтың қос қанаты» сайысы.

Сайыстың мақсаты : Орыс тілінде білім алатын оқушылардың өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, еліміздің тәуелсіздігін сақтауға , қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқушылардың тез ойланып, жауапты жүйелі турде шапшаң қайтара білуіне , өздерін көрермендер алдында еркін ұстап қысылмай сөйлеуге баулу. Көрнекілік: Тіл туралы, Отан туралы плакатқа жазылған ұлағатты сөздер,»Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» атты буклет, слайдтар. « Мемлекеттік тілді игеру- әрбір азаматтың борышы» атты кітап көрмесі.

Сайыстың жүрісі:

Мұғалімнің кіріспе сөзі : Оқушылар! Бүгінгі біздің сайысымыз тілге арналады. Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз, мемлекеттік тіл- қазақ тілі. Сондықтан әрбір азамат қазақ тілін білуге тиіс . Сайыс 8- кезеңнен тұрады.

1-кезең «Бәйге»- 10 ұпай

Оқушылар жауапты нақты және жылдам беруге тиіс.



  1. Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебесін алды?

  2. Қазақтың тұңғыш педагог-жазушысы кім?

  3. Абайдың әжесінің аты кім?

  4. –ым, -ім, -м жалғаулары қай жалғау?

  5. Сөздің мағыналарын өзгертетін қосымша не деп аталады?

  6. 6. Біздің пайғампарымыз кім?

  7. Дауыссыз дыбыстан басталып , дауыссыз дыбысқа аяқталатын қай буын?

  8. Асан мен Үсен кімнің әңгімесі?

9.Тұңғыш қазақ ғарышкері кім?

10. « Ғылым таппай мақтанба» кімнің өлеңі?

11. Қазақстан Республикасының рәміздерін ата.

12.Елтаңбада не бейнеленген?

13.Қазақтың билерін ата.

14.Абылай хан деген кім?

15.Екі ақынның өлең жарысы не деп аталады?

2-кезең « Полиглот» 10 ұпай.

Берілген сөздерді екі тілге аудару \орысша, ағылшынша\ және сол создермен сөйлем құрастыру.

Мектеп , өмір, махаббат, оқушы, сағат, кітап, адам, халық, қала , әке.

3-кезең. «Егер мен...» ойыны. Жақсы жауапқа 20 ұпай, орташа жауапқа 10 ұпай.


  1. Егер мен президент болсам.....

  2. Егер мен колледж директоры болсам...

  3. Егер мен денсаулық сақтау министрі болсам...

  4. Егер мен жергілікті әкім болсам....

  5. Егер мен білім министрі болсам...

4-кезең «Омоним, олифон» ойындары 10 ұпай

Берілген сөздер: жаз, қыс, кеспе, қара, қойма,жақ,

Мысалы: Қағазды жаз, қалам ал да жаз. Көктем кетіп,келді жайдарлы жаз. «Жаз» сөзі үш түрлі мағынада қолданылған.

5-кезең «Метаграммалар» 10 ұпай

1.«Қ» ден бастап оқысаң

Құс атауы, қарашы!

«Е»-ден бастап оқысаң,

Жалқау бала бағасы.

2.Егер «А»-дан бастасаң, үлкен ақын атамыз.

«А»-ны алып тастасаң, мол дәулетке батамыз.

«Б»-ны алып тастасаң, түнде жарық шашамыз.

3.Сөз басында «Б»- болса,

Бас киімің боламын.

Сөз басында «О»-болса,

Жазда пісіп соламын.

4.Моншағы көп тізілер

Шуағын төксе күліп күн.

Соңғы әріп «К» болса,

Әжем қолға тағады.


  1. 5 .Егер А-дан бастасаң,

Балық ұстай аламын.

Егер«Т»-ны алдына жазсаң

Жер биігі боламын.

6-кезең. «Отан- оттан да ыстық» мақал-мәтел сайысы. 10 ұпай

Бұл кезеңде мақал- мәтелдің бірінші жолын жүргізуші өзі айтады, соңын сайыскерлер толықтырады.

1.Елсіз ер болмайды........

2.Туған жердей жер болмас........

3.Ер жігіт елі үшін туады.......

4. Отан үшін отқа түс.......

5.Өзге елде сұлтан болғанша......

6.Отанды сүю......

7.Отан елдің анасы.......

7-кезең «Тізбектен шықпа» ойыны. 10 ұпай

Бір оқушы сөздер айтады,сол сөздің соңғы буыннан басталатын бір сөзді келесі оқушы айту керек.

Мысалы Кітап-тапсырма-маса-сабақ- бақ-ша-шама-малшы-шырын......

8-кезең «Қалай болады ?» 10 ұпай

Орыс тілінде берілген фразеологизмдерді қазақша айтып бер.

«Два сапога пара», «Не рой чужому яму ,сам в нее попадешь»



.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет