«Бекітемін» А. Б. Айтбаева №148 мектеп-гимназияның директорының тәрбие ісі жөнінің орынбасары Сынып: 9Г



Дата07.02.2022
өлшемі21,26 Kb.
#88104
Байланысты:
Тил туралы сын саг-9Г


«Бекітемін» А.Б.Айтбаева №148 мектеп-гимназияның
директорының тәрбие ісі жөнінің орынбасары
Сынып:Күні: 15.09.2020ж.
Сынып сағат тақырыбы: Ана тілің – арың бұл
Сынып сағат мақсаты:

  • Оқушыларды ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін қастерлеуге баулу, өз ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

  • Өз Отанының болашақ патриоты, жанашыры болып өсуге насихаттау.

Сынып сағат көрнекілігі: Ана тіліне байланысты бейне роликтер мен слайдтар.
«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту». /Б.Момышұлы/


«Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады». /Ғ.Мүсірепов/
https://youtu.be/5O4Onq6P9qQ
https://youtu.be/A8xBamfPXGI бейне роликтерімен сынып сағатын бастау.
Барысы:
(Мұғалімнің сөзі)
- «Толғауы тоқсан қызыл тіл, сөйлеймін десең өзің біл» деп ұлы Абай айтқандай әр сөздің өз қиысыны мен қиюның тұрақты орны бар. Оны бір адам өзгерте алмайды, өйткені ол халықтың бүкіл ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы. Сөзге, тілге әмір жүрмейді.
Қай ұлтты, халықты алсақ та, бәрінің де өзіне лайық тілі бар. Халық өзінің тілін ең ардақты нәрсе деп санайды, сүйеді. Ана тілін сүймеген адам, қырғыз ақыны Сарноғаев айтқандай, халқын сүйіп те жарытпайды. Ана тілін қадірлемеген халықтың болашағы жоқ. Себебі ана тілінсіз ұлт мәдениеті, ұлт әдебиеті жоқ. Ал әдебиетті мәдениет қаймағы деп қана қою жеткіліксіз.
Біздің қазақтың әдеби тілі, басқа халықтардың да әдеби тілі сияқты, мәдениетті ілгері бастаушы қуатты құрал. Ана тілін ардақтап, мәпелеп, тәрбиелеп өсіру-ананың баланы мәпелеп, тәрбиелеп өсіруі сияқты; ана тіліне ұқыпсыз, көңілсіз, қалай болса солай қараушылық, барып тұрған мәдениетсіздіктің белгісі. Қазақ тілі-дамыған, жетілген, бай, икемді тілдің бірі. Бұл пікіріміздің растығын кезінде кемеңгер Абай дәлелдеген болатын. Тәлім-тәрбие тілден басталады. Олай болса, тіл-бөбектің үні, тіл-ананың әлдиі, Тіл-бесік жыры.
Қазақ тілінің байлығы – қазақ халқының, қазақ ұлтының байлығы. Осы байлықты бағалай білуіміз керек. Сонда ғана біздің Қазақстан кез келген жұртпен иық теңестіре алатын іргелі ел бола алады. Ана тілі дегеніміз – ананың ақ сүтімен бойға дарыған өз анамыздың тілі. Ал біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол тек отбасы, ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік тіл.
Әбділда Тәжібаев атамыздың мынадай тамаша өлеңі бар:
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы
Өссе тілім – мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім – мен де бірге өшемін.
- Дұрыс-ақ, бірақ кейде өзінің ана тілін сыйламайтын, білгісі келмейтіндер де кездесіп қалады. Олар туралы не айтар едіңдер?
- Әрине, адамның бәрі бірдей емес, түсінігі төмен, білімі таяз кейбір мәңгүрт жандар болатыны рас, ондайлар жайлы қырғыз ақыны Сарноғаев былай деген:
Ана тілін білмеген –
Ақылы жоқ желік бас.
Ана тілін сүймеген –
Халқын сүйіп жарытпас.
- Ал халқымыздың кемеңгер жазушысы Ғ.Мүсірепов атамыз:
«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Ана тілін өгей ұлдар ғана менсінбейді» деген, сондықтан өз тілімізге, өз ұлтымызға өгей болмайық!
1995 жылы 30 тамызда қабылданған жаңа Конституцияда қазақ тілі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі болып бекітілді. Ал 1997 жылы 11 шілдеде «Тіл туралы» Заң қабылданып, оның 4-бабында “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі” екені жазылды.
Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Көп ұлтты мемлекет үшін мемлекеттік тіл өте қажет. Мемлекеттік тіл – көп ұлтты елдің барлық халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты құралы.
Олай болса, қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер мен білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен-кеткенін зерделеп, оны әлемге таныта аламыз. Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп, мәдениетін қадірлей аламыз.
Ана тілін қастерлеп, құрметтейік!


Бекіту:
Мақалдың жалғасын табу ойыны
1) Кен байлығы – жерде, сөз байлығы (елде)
2) Ат жүйрігі айырады, тіл (жүйрігі қайырады)
3) Ауыз көркі – сөз, жүздің (көркі – көз)
4) Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім біл)
5) Шешеннің тілі – (шебердің бізі)
6) Сөз жүйесін тапса – (мал иесін табады)
7) Сөз – түпсіз, (өмір – шексіз)
Піл көтермегенді, (тіл көтереді)


Қорытынды:

Қазақ тілі – бай тіл, оралымды, ырғақты теңеу-бейнелеулері ерте туған тіл. Поэзияда Абай, Ілияс, прозада Мұхтар сияқты алыптар туғызған тіл.


Осындай тілімізді таза ұстайық!
Ана тіліңді қадірлеу – мемлекетіңді, ұлтыңды, өзіңді қадірлеу. Қазақстан егемендігін баянды етіп, оны әлемдегі озық елдердің қатарына қосу үшін мемлекеттік тілдің жетекші рөл атқаратындығын әсте естен шығармайық.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет