Бастауыш мектепте шет тілін оқытудың теориясы мен техникасы Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі



бет1/18
Дата26.05.2022
өлшемі157,34 Kb.
#145154
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Бастауыш мектепте шет тілін оқытудың теориясы мен техникасы

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі


Тилешова Г.К.
«Бастауыш мектепте шет тілін оқытудың теориясы мен техникасы (ағылшын тілі пәні бойынша)
Оқу-әдістемелік кешен
Мазмұны:
1. Жалпы білім беретін мекемелерде шет тілін оқытудың кезеңдері.
2. Шет тілін оқытудың мақсаттары және мазмұны.
3. Тыңдауға және сөйлеуге, жазуға және оқуға үйрету.
4. Әдістемелік ойындар.
Тақырып: Жалпы білім беретін мекемелерде шет тілін оқытудың кезеңдері. Шет тілін оқыту әдістемесінің теориялық негіздері. Ағылшын тілін оқыту әдістемесі.
Мақсаты:
— Орта мектепте ағылшын тілін оқытудың кезеңдері;
— Ағылшын тілін оқытудың бастауыш кезенінің тарихы;
— Шет тілін үйретудің орта кезеңі;
— Шет тілін үйретудің жоғарғы кезеңі;
— Грамматикалық- аудармалық әдіс;
— Тура әдіс. Г.Пальмер әдісі;
Қазіргі әдістер;
— Әдістеме және әдіс туралы түсінік;
— Сабақтағы мұғалімнің қызметтері және қолданылатын әдістері;
Сабақтағы оқушының қызметтері;
— Ағылшын тілін оқытудағы көрнекілік әдіс.
Негізгі сұрақтар мен тапсырмалар:
Шет тілі орта мектепте үш кезеңге бөлінеді: бастауыш, орта, жоғарғы сыныптар. Әрбір кезеңнің өзіне тән ерекшеліктері бар. Сондықтан әр кезеңге кейінірек тоқталайық.
Бастауыш кезең
Бастауыш сынып оқушыларының шет тілін үйренуге ынтасы өте зор болады. Олар шет тілінде сөйлегісі және түсінгісі келеді. Олар көптеген жаттығуларды орындайды және олармен сабақ үстінде көп жұмыс жасауға мүмкіндік бар. Бастауыш сыныпта ауызша оқуға көп көңіл бөлінеді. Әрине, оқу процессінің тыңдау, сөйлеу, жазу, оқу түрлері де беріледі.
1. Шет тілін үйрету ауызша үйретуден басталады. Әуелі шет тілінің фонетикасының тек өзіне тән дыбыстарымен танысады, оның дауыс ырғағы, екпіні, ритмі үйретіледі. Жаңа әліпби, әріп ерекшеліктері ескерілді.
Тілдің әріптер мен дыбыстарын үйренгеннен кейін сөздердің жазылу-оқытылуын үйрене отырып, сөйлем құрастырып, сөйлеуге қолдана бастайды. Яғни, сараптамалық ойлаудан синтетикалық ойлауға ауысады.
Бұл әдістің жетістігі сол ол тілді үйренудің оқу, жазу, сөйлеу сияқты барлық түрлерін түгел қамтиды. Сондықтан бастауыш сынып оқулықтары ауызша бөлімнен басталады.
Мысалы: жаңа сөзбен таныстыру. «Chair» сөзі
Teacher: This is a chair.
Is this a chair? Yes, it is.
Is this a table? No, it is not. It is a chair?
Оқушылар мұғалімді тындай отырып жаңа сөзді бірнеше рет естиді, жекелеп айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет