Бастауыш мектепте шет тілін оқытудың теориясы мен техникасы Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі


II.Қабылдау – еліктеу. Мұғалім сөйлейді. Оқушылар қайталайды. III



бет4/18
Дата26.05.2022
өлшемі157,34 Kb.
#145154
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
II.Қабылдау – еліктеу.
Мұғалім сөйлейді. Оқушылар қайталайды.
III. Әңгімелесу.
Оқушы әртүрлі сұрақ қойып, оған жауап беруді үйренеді.
IV. Сөйлеу
Мұғалім оқушымен ағылшын тілінде сөйлейді.
Жалпы, Г. Пальмер әдісінің негізі – сөйлеуді үйрету, ал М.Уэст болса, керісінше, басты міндет қылып оқуды қойды. М. Уэст оқу арқылы шет тілін үйренетін әдістемелік жинақтар жасады.
а) оқуға арналған кітаптар
ә) жаттығу кітаптары
Бұл екі ағылшын әдіскерлері ағылшын тілін оқыту әдістемесіне үлкен үлес қосты.
Қазіргі әдістеме дәстүрлі және аудио – лингвистикалық оқыту деп екіге бөлінеді. Қазіргі әдістеменің негізгі қағидалары:
— тыңдауды және сөйлеуді дамыту
— сөйлеу үлгілерін пайдалану
— аударианы өте аз қолдану
— грамматиканы үлгі арқылы оқыту
— сөйлеуді үйретуде өмірімен тығыз байланысты жағдайларды қолдану
Мұғалім оқушыларды шеттіліне үйрету үшін өзі:
— шеттілін жетік білуі
— педагогика мен психологияны дақсы білуі
— оқыту әдістері мен техникасын білуі
— оқыту әдістерін оқу процесінде шебер қолдана білуі керек.
Әдістеме дегеніміз – қойылған мақсатқа жету жолы. Педагогика ғылымында әдістеменің екі түрі бар: оқыту және тәрбиелеу әдістемесі.Әдістеме – мұғалім тәрбиесінің педагогикалық шеберлігінің негізі. Шет тілдерінде оқыту әдістемесінде «әдіс» сөзі мынадай ұғымда қолданылады: біріншіден, ол оқытудың белгілі бір мақсатына, мазмұнына және қағидаттарына (принциптеріне) негізделген тұтас бір бағыт.
Мысалы: грамматикалық – аудармалық әдіс, тура әдіс, т.б Грамматикалық – аудармалық әдісінің негізіне логикалық сөйлеу мен оқушының шет тіліндегі мәтінді оқып аудара білуі мүмкіндігі жатады. Көбіне грамматикалық ережелерді оқып білуге көңіл бөлінеді. Тура әдісте алдымен сөйлеу дағдыларын қалыптастырып, шет тілін түсіне және сөйлей білуге үйретеді, сондай-ақ оқу және жазу да қатар үйретіледі.
Екіншіден, «әдіс» сөзі белгілі бір автордың ұсынған оқыту жүйесіндегі бағытын білдіреді. Мысалы: тура оқыту әдісіндегі Француа Гуэн әдісі, Г. Пальмер әдісі, Майкл Уэст әдісі т.б
Үшіншіден, әдіс дегеніміз – оқушы мен оқытушының арасынадағы белгілі бір тәртіпке байланысты процесс. Бұл ретте әдіс оқытудың қағидаттарымен айқындалатын іс - әрекет арқылы анықталады.
Егер оқытуды тұтас жүйе ретінде алып қарасақ, оның екі құрастырушысы бар: оқытушы (мұғалім) және оқушы (оқушы, студент). Оқытушы оқушының оқуға деген қызығушылығын оятып, оны басқарып, бағыттап отыруы керек. Оқу - өте белсенді процесс, онда оқушы оқыту жұмыстарының бәріне қатысуы керек. Бұл екі жақты іс-әрекет: біріншісі – оқытады, екіншісі – оқиды, мұнда екі жақтың атқаратын іс - әрекетін бөлек қарауға болады.
Сабақтағы мұғалімнің қызметтері. Оқытушы ұйымдастыру, оқыту және бақылау қызметтерін іске асырады. Ал оқушының міндеті – оқу материалымен танысу, үйренген шет тілін ара –қатынас құралы ретінде қолдана білу, үйрену және шет тілінде түсінгенін айтып, еркін сөйлеуге талпыну және мәтінде кездесетін таныс емес сөздердің мағнасын түсіну.
Оқытушының өз міндеттерін ұйымдастыруы.Мұғалімге қойылатын басты талап – оның ұйымдастыру қабілетінің жоғары болуы. Оқушыны оқу материалының (тілдік және сөйлеу) дағдыларын үйретуге, жаттығуға үйретіп, оқу процесін ұйымдасиыруы тиіс.
Мұғалімің бастыпқы кездегі ұйымдастыру қызметінің маңызы зор, себебі, шет тілін – оқушылар үшін жаңа пән ана тілінен кейінгі екінші тіл. Бұл ерекшеліктерді міндетті түрде ескереген жөн. Бірінші сабақтардан бастап әр оқушыны сабаққа тартуға тырысу қажет. Мысалы:2- сынып оқушыларына магнитофон тыңдатып, оған еліктеуге үйрету қажет.
Мұғалімнің оқыту қызметіне түсіндіру, талқылау, хабарлау, түзету және үйреніп жатқан тіл арқылы білімді толықтыру, тілід ауызша және жазбаша қарым-қатынас құралы ретінде пайдалануға үйрету жатады.
Мұғалімнің бақылау қызметіне оқу материалын оқушының (түсінгенін, түсінбегенін) білуі және жаттығуды қалай орындаған (дұрыс, дұрыс еместігі), байланыс құралы ретінд қолданғанда байланыс құралы орындалды, орындалмады, қалай орындалды) немесе оны қолдану үшін не кедергі болғанын, т.б анықтау жатады. Ал енді оқушының қызметіне не жатады, соны қарастырайық.
Оқушының қызметтері. Оқушының негізігі міндеті – оқу құралдарымен танысып, формасын, маңызын, және қолдануын түсіне білу. Келесі міндеті – жаттығу. Жаттығу дегеніміз – оқу материалын бірнеше рет есту, сөйлеу және көру мүшелері арқылы өткізіп, ны есте сақтау.
Шет тілін жаттығусыз оқып – үйрену мүмкін емес. Оқушының тағы бір міндеті – қолдану яғни үйренген тілді қатынас құралы ретінде пайдалана білу. Оқу процесінде оқушы мен оқытушының іс-әрекеті тығыз байланысты, бұл оқытудың әдістмесін анықтауы қажет.
Ағылшын тілін оқытудағы көрнекілік әдіс. Әдістеме оқытушының қызметін көрсетіп, оқушының материалымен танысуына, жаттығуына, қолдануына сілтеме жасауы тиіс. Әдістеме дегенімізді оқушының оқуын басқару тәсілі деп түсінуімізге де болады. И.Л. Бим көрсеткендей, әдістеменің негізгі және қосалқы түрлері бар.
Негізгі әдістемеге:
1) таныстыру
2) жаттығу
3) қолдануды жатқызуға болады
Қосалқы әдістемеге:
1) бақылау
2) түзету
3) бағалау жатады
Ал оқушының қызметінің негізгі әдістеріне
1) танысу
2) жаттығу
3) қолдануды жатқызуға болады
Қосалқы әдістерге өзін бақылауды алуға болады.
Мына сызбамен танысайық.

Сабақтың бір бөлігін беру үшін әуелі көрсету қажет. Мұғалім затты көрсете алады, оның ағылшын тіліндегі атауын айтып көрсетеді. Ағылшын тіліндегі сөздерді атау үшін ол заттың суретін салыр көрсетеді, фланелограф, магнитті
Тақтада көрсете алады. Магнитофон, үнтаспалар қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет