Бастауыш мектепте шет тілін оқытудың теориясы мен техникасы Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі


Орта мектептегі ағылшын тілін оқытудың бастауыш кезеңінің тарихы



бет2/18
Дата26.05.2022
өлшемі157,34 Kb.
#145154
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Орта мектептегі ағылшын тілін оқытудың бастауыш кезеңінің тарихы
Орта мектепте ағылшын тілін оқытудың тарихы 1947 жылдан басталады. 1947 жылы Министрлер кеңесінің «Орта мектепте щет тілін оқытуды жақсарту туралы» қаулысы шетел тілін оқытудың әрі қарай дамуына ықпал еткен құжаттар болды.
Содан кейінгі 1961 жылы шыққан «Шет тілдерін оқытуды жаңарту» туралы қаулы кейінгі он жылдықтағы мақсат-міндеттерді айқындап берді. 1977 жылы «орта мектепте оқытуды, тәрбиелеуді дамыту туралы» қаулыдан кейінгі көптеген өзгерістер болды.
Оқытудың бірінші кезеңі қарым-қатынас ретінде тілдің негізін қалау арқылы анықталады. Осы бастауыш кезеңде әрі қарай шет тілін оқып-үйрену жалғастырылады. Тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолдануға екі жылдай әзірлік курсы керек. Тілді пайдалану үшін тілді таңдау, сөйлеу, жазу, оқуды білу керек.
Біріңші кезең – тілді оқып үйренуде өте маңызды кезең, осы кезеңде оқу қалай қалай басталса, солай жалғасады. Ағылшын әдіскері Г.Пальмер бұл кезең туралы былай деген: “Take care of the first two stages and the rest will take care of itself”.
1947 жылғы қаулыдан кейінгі өзгерістер.
Сол ғасырдың 50-жылдар кезеңі мектептерде ағылшын тілін оқыту әдістемесінің елеулі кезеңі болды.
1947 жылғы қаулыдан кейінгі орта мектпете ағылшын тілі 3-сыныптан бастап оқытылады, ағылшын тілінде және ағылшын тіін оқытатын арнайы мектептер ашылды.
Орта мектепте шеті тілін оқыту 3 немесе 5 сыныптардан басталды. Бұл кездегі бағдарламада қойылған негізге талаптар: оқыту, түсіну және шет тіліндегі мәтінде аудара білу. Ауызша сөйлеуді түсіну, ауызша мен жазбашаның негізін қалау.
Бағдарламада білімнің екі түрін рецептивті және өнімділікті айқындайды. Бастауыш кезеңде де бірінші орынға оқып-түсіну және аудару қойылады.
— Оқушылар таныс емес сөздерді оқып білу
— Сөздіксіз мәтінді оқып түсіне білу
— Шет тілін туған тіліне ауызша аудара білу
— Жазбаша аудара білу
Жазбаша оқытуда мынадай талаптар қойылады:
— мәтінді көшіріп жаза білу
— қысқа сөйлеуді жаза білу
Лексикалық талап: 5-сынып – 450 сөз, 3-сынып – 200 сөз білуі керек.
1955 жылы шет тілін оқытудың бір нұсқасы 5-сыныпта сақталып қалды.
1955 жылғы бағдарламада бірінші орынға тәжірибелік мақсат қойылды. Мұнда лексикаға қойылатын талап өзгеріп, 350 сөз білуге тиісті болды. Бұл кезеңге де негізгі талап оқу және аудару болды. Ауыша сөйлеу мұғалімнің қойылған сұрақтарына жауап берумен, сыныпта айтылатын сөздермен шектелді.
1961 жылғы қаулыдан кейінгі өзгерістер. Бұл кезеңдегі бағдарлама бойынша бірінші орынға тәжірибелік мақсат қойылды.
Ауызша сөйлеуде шет тілінде өз ойын айта алу және ауызша хабарлама жасауға (монолог) және шет тілінде әңгіме жүргізе білуге (диалог) мән берілді. Оқуға қойылатын талап та өзгерді. Аудармаға аз көңіл бөлінді. Тәжірибелік мақсатқа жету үшін бірінші рет магнитофон таспасын, күйтабақты қолдану және үйге оқуға берілетін мәтіндер пайдаланыла бастады.
Орта мектепте мынадай талаптар қойылды:
— Шет тілінде әңгімелесе білу
— Сөздіксіз күрделі емес мәтінді оқып-түсіну
— Оқи білу
Жазуға көмекші рөлі берілді. Лексикалық көлемі азайды.
Оқудың екі түрі: дауыстап және ішінен оқу бөлініп көрсетілді.
1. Оқушылар сұрақ қойып, жауап беруге
2. Диктант жаза білуге тиіс болды (30 сөз)
Осы өзгерістер ескеріле отырып, С.К.Фоломкина, Э.И.Каар және Г.М. Уайзер сияқты авторлар 5 және 6-сынып оқушыларына арналған жаңа оқулықтар шығарды.
Халықаралық қатынастардың дамуына байланысты ағылшын тілін оқытудың маңызы өсті. Оқушылар мен бірге мұғалімге арналған әдістемелік кітап және үйден оқу кітабы шығарылды. Саны 25-тен асатын сыныптар екі топқа бөлінді. Балалар бақшасы мен бастауыш сыныпта ағылшын тілін оқыту бағдарламасы жасалды. Оқытуды ұйымдастырудың негізгі 2 бағыты:
1. Сөйлеудің барлық түрін бірге дамыту (ауызша алдын-алу, авт. Г.М.Уайзер)
2. Сан біртіндеп оқыту (кіріспе ауызша курспен, авт. А.П.Старков). шет тілі 5-10 сыныптар аралығында оқытылды. 1962 жылы ағылшын тілінен жаңа бағдарлама жасалып, оқулықтар шығарылды. Бағдарламада тілді тәжірибелік білу жағына баса назар аударылды.
2-ші сыныптың оқушысы ауызша сөйлеуден мынаны білуге тиіс:
1. Мұғалімнің сөзін түсіну
2. Өткен тілдік материалдар негізінде сұрақтарға жауап беру
3. Суретті бейнелеу және сұрақтарға жауап беру
4. Ауызша әңгіме айта білу
5. Тақпақты жатқа айта білу
3-сыныпта бұл талаптар ұлғайды:
1. Мұғалімнің айтқаның түсіну
2. Мәтінді түсіндіре білу
3. Сұрақ қою, оған толық және қысқа жауап беру
60-шы жылдар ағылшын тілін оқытудың әдістемесіндегі жемісті жылдар болып саналады. Осы жылдары әдістемеге байланысты көптеген ғылыми еңбектер жазылып, мектепте тәжірибе жүзінде қолданыла бастады.
Қазіргі кезеңде орта мектепте ағылшын тілін оқыту 3 кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең – оқытудың бірінші жылы, екінші кезең – барлық 10 сыныпқа дейінгі сыныптар, үшінші кезең – 10-11 сыныптар. Оқытудың бірінші кезеңінде ауызша сөйлеудің және оқытудың негізі қаланады, өз атынан қысқаша сөйлемдер айту, берілген материалды қабылдау және дауыстап оқуға үйретіле бастайды. Бағдарлама бойынша бекітілген уақытқа дейін созылатын ауызша кіріспе бөлімнен басталатын бірінші кезеңнің негізі – аузыша сөйлеу болып табылады.
Екінші кезең қабылдау механизімі қалыптасады және өз атынан сөйлем айтуға дағдыланады, күнделікті қарым-қатынас тіліне үйренеді, тыңдап түсіну, дауыстап оқу, оқығаның аудармасыз түсіну іс-әрекеттері дамиды. Бұл кезеңде де ауызша сөйлеу негізгі іс-әрекет болып есептелінгенмен де, оқуға да үлкен ден қойылады.
Үшінші кезеңде ауызша сөйлеу күнделікті қарым-қатынас тілінен бағдарламада көрсетілген қоғамдық саяси тақырыптар бойынша сөйлеу деңгейіне дейін, сонымен қатар көркем әдебиет, ғылыми-ағарту тақырыптары да қамтылады. Бұл үшінші соңғы кезеңде ауызша сөйлеу мен оқу бірдей деңгейде алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет