Бастауыш мектепте шет тілін оқытудың теориясы мен техникасы Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі



бет6/18
Дата26.05.2022
өлшемі157,34 Kb.
#145154
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Оқытудың дамыту мақсаттары. Дамыту мақсаттары оқушылардың сезім, қозғалыс, ақыл-ой, ерік-жігерін дамыту арқылы жүзеге асыруға болады. Даму тек қана ойлаумен байланысты емес.
Оқу-ұйымдастыру білігі мен дағдысын қалыптастыру дамытушылық мақсаттардың негізі болып табылады. Себебі, оқушының тіл білімі деңгейін жоғарлату және сол тілде ойлауды дамыту - тіл білімін дамытудың басты мақсаты.
Әйтсе де, окытудың барлық мақсаттары өзара тығыз байланысты. Демек, қарастырып жатқан мақсаттардың барлығы кез-келген тілді үйрену үшін өте маңызды. Сондықтан осы максаттарды алға қою арқылы қалаған тілді меңгеруге болатынын көреміз.
Оқытудың ағартушылық мақсаттары. Кез келген тілдің ағартушылық қызметі өте зор. Әрбір тіл сол тілде сөйлейтін халыктың мәдениетінің тікелей көрсеткіші. (мәселен, француз тілі - француздар мәдениеті туралы хабар береді, иврит тілі - еврейлердің мәдениетінің көрсеткіші болып келеді). Оқушылар жаңа тілді оқып үйрену үшін сол тілде сөйлетін халық туралы хабардар болады, өз ойын дұрыс жеткізе алуды үйренеді, осының бәрі - тілді оқытудың ағартушылық мақсаты.
Ана тілін оқып үйренгенде тілдің негізгі кұралдары -сөздер мен грамматикалык формалар туралы түсінік қалыптасады. Ал, шет тілінің терминдермен салыстыру арқылы оқушы туған тілдің сөздері мен грамматикасының категориясын толық түсіне алады. Сондықтан, мұғгалім бірінші сабақтан бастап ана тілі мен шет тілін салыстыра отырып оқытады.
Мысалы: Верещагина, Притыкина ағылшын тілін өлең арқылы таныстыруды ұсынады ("wһаt іs уоur namе?"). Мысалы, дауысты дыбыстың ұзақ-қысқалылығы, т.б. сипатына қарай. Шет тілінде оқыту логикалық ойлауды дамытады. Тілді үйрену тыңдау, көру, есту, қозғалыс мүшелерін белсенді пайдалануға үйретеді, ол зейінді, қиялды, үғымды дамытады.
Оқытудың тәжірибелік мақсаты. Оқытудың тәжірибелік мақсатының түсіну үшін шет тілі пәнінің ерекшелігімен танысуымыз қажет. Тіл - сырткы дүние мен қоршаған орта туралы білім алу көзі.
Бұл пәнді оқытуда оқушылар шет тіліндегі атаулармен, құбылыстарымен танысады. Танысу ауызша және жазбаша түрде жүреді. Осы екі түрді меңгеру шет тілін игерудің тәжірибелік мақсаты болып табылады. Яғни, оқушы шет тілін ауызша және жазбаша түрде пайдалана білуі тиіс.
Шет тілін тыңдап түсіне білу (аударғанша) және сөйлеп білу ауызша түрге жатады. Жазбаша түрге тілдің жазбаша түрін пайлалана білу немесе жазу және шет тілінде жазылған мәтінді оқып білу жатады.
Сызба түрінде былай көрсетуге болады:

Тыңдау, сөйлеу, жазу және оқу дағдыларын қалыптастыру оқушының тілді ауызша да, жазбаша да жақсы меңгеруіне тікелей әсер етеді.
Тілді жақсы меңгеру үшін бастауыш сыныптарда осы төрт дағдының негізін берік қалыптастыру қажет. Бастауыш кезеңде нені оқып үйренуге болады?
Жоспарланған нәтижелер оқу бағдарламасында көрсетілген. Оқыту әдістемесін кешенді дұрыс пайдалану - оны оқытудағы белгілі бір нәтижеге жетуге болатынын көрсетті. Мысалы: 5-сыныпта 1 минут ұзақтығындағы сөзді түсінуге мүмкіндік бар.
Бастауыш кезеңнің аяғында окушы мыналарді білуі тиіс:
— Амандасу - Сооd morning!
— Қалын сұрау - Неllо! How аге уоu?
— Қоштасу - Gооd bуе!
— Таныстыру – Тһіs is Міке.
— Жауап беру - Неllо! Glad to meet уоu.
— Туған күнмен құттықтау — Нарру вirtday!
— Жаңа жылмен құттыктау - Нарру New Үеаг!
— Рұқсат сұрау - Мау I
— Кешірім сұрау - I аm sorrу.
— Рахмет айту - Тһаnк уou!
— Өзінің кім екені, мекені, отбасы, қызметі, өзінің туғандары, достары, мектебі, үйі, көшесі, қаласы туралы айтып және суреттеп беру.
— Сұрақтарға жауап беру, сұрак қою.
Бастапқы кезде оқу мен жазу негіздері қаланады.
Оқушылар ағылшын тілінде оқуды үйренеді. Оқу техникасы мен дауыс ырғағын қалыптастыру үшін арнайы жаттығулар бар. Дауыстап оқу, жазу, бірінші оқу кезенінде қалыптастырады.
Ағылшын тілін оқыту мақсаттары

Оқытудың мазмұны әдістеменің негізгі мәселесі болып табылады. Мазмұн ағылшын тілін пән ретінде қалай және нені оқыту керектігін аңықтайдады.
Оқытудың мазмұны 3 негізгі компоненттен тұрады:
1) лингвистикалық
2) психологиялық
3) әдістемелік
Мұғалім осы 3 компонентке байланысты нені оқытуды білуімен катар, неге осы 3 компонентке сүйеніп оқыту керек екенін білуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет