Бастауыш мектепте шет тілін оқытудың теориясы мен техникасы Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі



бет8/18
Дата26.05.2022
өлшемі157,34 Kb.
#145154
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
Психологаялық компонент. Психология ғылымынсыз оқытудың мазмүнын анықтау мүмкін емес. Психология адамның іс-әрекеті мен оның қалыптасуын зерттейді. Шет тілінде сөйлеу де адамның іс-әрекетінің түріне жатады. Сөйлеу әрекетінің құрылысын зерттейтін ғылым саласын - психолингвистика деп атайды. Мұнда адамның сөйлеу әрекеті, тыңдағанда және сөйлегенде жүретін іс-қимылды, әрекетті ойлау моделі ретінде зерттейді. Психолингвистер сөйлеу және тыңдау процесінде қандай тілдік бірліктер қандай тәртіппен қатысады, тілдік жүйе қандай тәртіппен оқылатынын зерттейді.
Сөйлеу процесінде сөйлеу механизмі қальптасады: тыңдау мен оқуда тілдік материал қабылданады; сөйлеу мен жазуда тілдік қор пайдаланылады.
Диалог, әңгіме. мәтіндер тек сөйлеу әрекеті арқылы жүзеге асырылады. Сөйлеу әрекеті - тілдік және сөйлеу материалы дағдылары мен біліктілік арқылы дамытылғанда ғана мүмкін болады.
Дағды дегеніміз - жаттығу мен қайталау аркылы автоматтандырылған іс-әрекеттің бөлігі. Мысалы: А.Леонтьев сейлеу дағдысы деп өте жоғары дамытылған сөйлеу әрекетін айтады.
Шет тілін меңгеру - тілдік дағдылар жүйесін үйрену, ол үшін тілдік біліктілік керек. Тілдік біліктілік шығармашклық іс-әрекетпен байланысты. Ол ойлаумен, эмоциямен, елестетумен байланысты. Ал Е.И. Пассов дағдыға айту, грамматикалық, лексикалық, графикалық, орфографиялық, оқу және жазу дағдысын жатқызады.
Сонымен қатар, психологиялық компонентке коммуникатнвтілік мақсат үшін тілдің дағдысын және біліктілігін пайдалана білу жолы жатады.
Әдістемелік компонент. Қазіргі дидактика ғылыми оқу процесінде оқушының белсенділігін арттыруға, әдістерді жоспарлауға, ұйымдастыру мен бақылауды пайдалануға көп көңіл бөледі. Бұл жағдайда мұғалім оқу процесін үйымдастырушы болып табылады. Оқушының белсеңділігіне басты назар аударылады.
Тілді үйренудің нәтижелілігі оқушыға тікелей байланысты, олар мүмкіндігінше шет тілінде көп сөйлеп, тыңдап. оқып, жазулары керек.
Тілдік ортаның болмауы тілді оқыту ісінде кері әсер етеді. Сондықтан мүғалім сабаққа шығармашылықпен әзірленуі керек, тілді үйренуді окушы тек сабақта ғана емес, сабақтан тыс уакытта да ұмытпауы керек.
Тіл сабағы бастауыш сыныптарда аптасына 3-4 рет болса, жоғары сыньптарда 1 рет болады, сондыктан жоғары сыныпта өзіндік оқу ерекше маңызды. Ол үшін оқушыны оқу әдістеріне, тәсілдеріне үйрету керек.
Мысалы, оқушы тілдік дәлелді бақылап үйреңеді.
Белгілі бір сөзді айтып үйренуде сөздің айтылуының айырмашылығын үйренеді, сол аркылы оқылу ережесін үйренеді, пайдаланады.
Оқыту процесінде екі тілдің ұқсастықтарын да пайдалану қажет. Оқушыны жазу, оқу тәсілдеріне, оқулықты, оқу құралдарын пайдалануға үйрету қажет.
Осы айтылғандардың барлығы оқытудың 3-ші компонентін - әдістемелік компонентті құрайды.
Әдістемелік компонент - оқудың тәсілдерін үйрену, қарым-қатынас жасау үшін тілдік дағдыны және біліктілікті қалыптастыру.
Шынында да, белгілі бір дағдысыз, білімсіз шет тілін оқып-үйрену, сөйлеу, айту, жазу мүмкін емес. Ол үшін күнде шамалы болса да оқып тұру қажет, сөздерді жаттау қажег. Бұдан басқа тілді үйрену жолы жоқ.
Сонымен 3 компонентті атайық:
1. Лингвистикалык компонент: тілдік және сөйлеу материалы.
2. Психологиялық компонент: дағды мен біліктілікті қалыптасгыру.
3. Әдістемелік компонент: оқыгу тәсілдерін игеру әдістері.
— Оқыту принциптері – оқудың ең маңызды негізін салушы қағидасы
— Оқыту принциптерінің түрлері
— Оқытудың арнайы принциптері
— Оқытудың жалпы дидактикалық принциптері
— Оқыту құралдары туралы түсінік
— Оқыту құралдарының түрлері
— Негізгі оқыту құралдары
— Көмекші оқыту құралдары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет