Көрнекілік қағидатында оқыту көру және қабылдау әдістері арқылы жүзеге асады. Көрнекілік принципі, әсіресе бастауыш сыныпта, оқытудың алғашқы сатысында көбірек қолданылады.
Жеңілдету қағидаты. Жаңа тақырып оқушының қабылдауына еш кедергі келтірмейтіндей , оқушылардың білім дәрежелеріне сай жеңіл түрде берілуі тиіс. Кездескен қиындықтарды өз бетімен немесе мұғалімінің көмегімен шеше алатындай тақырыптар беріледі.
Дәйектілік қағидаты. Білім жүйелі түрде өсіп тұруы тиіс. Қолданылған барлық сөздер, өз бірліктері оқушының сақтау керек, тыңдап түсіну, сөйлеу, оқу және жазу кезінде барлық материал дәйекті түрде алынуы керек. Берілген ақпарат оқушының есінде сақталуынан білім берудегі нәтиже аанықталады. Жеке ерекшеліктерін ескеру қағидаты бойынша мұғалім оқушының жеке ерекшеліктерін, білім дәрежесін керек, соған байланыстыәр оқушыға әртүрлі тапсырмалар беріледі. Әсіресе, үлестірмелі материал берген кезде ескеріледі. Бірізділік қағидаты бойынша барлық материал бірін-бірі жалғастыратын негізде берілуі керек. Ана тілінде берілген материалдың негізінде беріледі.
Жүйелік қағидаты бойынша белгілі бір жүйе бойынша оқыту процесі бір мақсатты негіздейтін іс-әрекет болуы тиіс. Әрбір жаңа алынған тақырып өткен тақырыпты күрделі түрде қайталап, тереңдете жалғастырылуы керек. Ғылымилық қағидаты, яғни теориялық тәжірибемен байланысты. Ағылшын тілін оқытуда алынған білімді тәжірибеде дәлелдеуде үлкен көңіл бөлінеді. Іс-әрекет кезінде ғана оқушының білім және материалды меңгеру дәрежесі анықталады. Берілген материалды игерген оқушы әрі қарай басқа да ғылым салаларын пайдаланғанда, техника , өнер саласында өз білімін пайдалана алады.
Ағылшын тілін оқыту құралдары
Оқыту құралдарына оқу-тәрбиелеу процесін ұйымдастыру мен өткізу үшін көмек ретінде қолданылатын техникалық және техникалық емес құрал –жабдықтар, заттар жатады.
Мұғалім әрбір құралды қайда, қашан , қалай қолдануы және қандай нәтиже жетуге болатынын білгенде ғана құралдың пайдалы қолданылуына қол жеткізе алады.
Достарыңызбен бөлісу: |