Пазылбек Баян
Оқушыны қалай және не үшін жазалау керек?
Оқушылардың оқу материалын қалай меңгергенінтексеру және бағалау оқыту процесіне керекті бөлік. Бұл тек қана оқыту нәтижелерін бақылауемес, соынмен қатар оқу процесініңәртүрлі кезеңіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару.Білімді тексреу және бағалау оқушының білім алуына көмектеседі, себебі мұғалім және оқушы оқу материалын меңгергендігі жөнінде сандық мәлімет алады. Мұғалімге оқушының нені білетіні, нені түсінбейтіні, қай материалжақсы меңгерілгенін, қайсылары нашар немесе мүлдеммеңгерілмегені білгілі болады. Бұл оқушылардың танымдық жұмысын ұйымдастыру үшін негіз. Мұғалім өз жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктерге баға береді, жұмыс әдістеріне толықтырулар, түзетулер енгізіп, жеке оқушылармен жұмыстың жолдарын және құралдарын табады, бағдарламаның қандай сұрақтарын, ережелерін, ұғымдарын, заңдарын оқушылар нашар түсінетінін, жақсы түсінетіндерін біледі.
Білімді тексеруге қойылатын талаптар. Білімді тексеру және бағалау белгілі бір дидактикалық талаптарды қанағаттандыру керек:Тексерудің және бақылаудың жүйелілігі, тұрақтылығы, міндеттелігі. Бұл талапты бұзу оқушылардың оқуға деген қатынасын нашарлатып, білімніңсапасына кері әсер етеді. Оқушылар сабаққакүн сайын әзірлену керек. Оған мұғалімнің тұрақты бақылауы әсер етеді.
Әрбір оқушыны өзінің білімінің, іскерлік дағдысының бағаланатынын түсіну керек. Егер білімді тексеру және бағалау оқытупроцесінің құрылымына тұрақты түрде енсе, онда оқушы мұғалімнің сұрақтары мен тапсырмаларына жауап беруге дайын болады.Оқушылардың білім, іскерлік және дағдылары мемлекеттік оқу бағдарламаларына сәйкес тексеріледі. Бағдарламаны меңгерубілімді бағалаудың негізгі өлшемі. Мұғлім оқушының қосымша білімін, қандай қосымша әдебиеттерді оқитынын білу керек., бірақ ол үшін баға қойылмайды. Кеңес, нұсқау, консультация беру жеткілікті.Оқушылардың теорияны және фактілерді білуін тексеру және бағалау арқылы, алған білімдердің оқушылардың жалпыжәне ақыл-ой дамуына, жеке тұлғаның сапаларын қалыптасыруға ықпалын оқуға әсерін білу керек.
Білім, іскерлік, дағдыларды алуан түрлі формалар арықылы тексеру керек.
Байқалған кемшіліктерді оқушы өзі түзету керек.Мұғалім оқушыларды білімдерін бақылап, бағалауға, кемшіліктерді жоюдыңәдістемесі мен тәсілдерін білуге үйрету керек.Баға әділ қойылу керек, оны көтеріп, не кемітіп қоюға болмайды.
Баға бааның ынтасын туғызатын құрал, оны мадақтау не жазалау үшін қолдануға болмайды.Оқушының өзін-өзі және басқаны бақылауы және бағалауы.
Әр тақырыпты оқудың нәтижесіне мұғалім баға береді, бірақ оқушылардың өздерін де қатыстыру керек.
Бүкіл бақылау – бағалау процесі әрбір баланың оқуда артта қалып қоймауына, көңіл-күйінің жақсы болуына көмектесу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |