«Су моншақпен тоқу»
үйірме жоспары
Құрастырған технология пні мұғалмі:Ахметова А.Б.
Жезқазған 2015
«Су моншақпен тоқу»
үйірме жоспары
(2-3 сынып оқушыларына арналған)
Бағдарламаның мақсаты:
-Балаларға қосымша білім беруде оқушының білімін, шеберлігін көрсету. Оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту.
Бағдарламаның міндеті:
Оқушыларды шығармашылыққа тарта отырып жобаны тани білуге, он саусағынан өнері тамған баланы тәрбиелеу. Шәкіттердің шеберлігін, білім мен еңбегін көрсету.
Іскерлік, икемділік қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік дағдысын жеткізіп, еңбектену жұмысына төзімділігін жеткізу.
Қазір ел болып егемендік алып, көк туымыз желбіреп, әлемдегі тұрағы биік елдермен терезесі тең өмір сүріп келеміз.
Сапалы білім берумен қатар еңбекке баулу, үйрету аса қажет.
«Су мошақ тоқу» үйірмесі өнер мен білім беру ісін бір-бірімен ұштастырып, бала санасына ұялатуда үлкен жүрек, мол мейрімділікпен қоса кәсіби дарын, іздемпаздық, іскерлік екендігі адамның адамгершілік дүние танымын қалыптастырып үйрету.
Бағдарлама оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты 2-3 сыныпта оқитын оқушыларға арналған.
Негізгі мақсат орта және үлкен топқа бөлінген оқушыларды шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, су моншақпен тоқу туралы білімін жүйелендіру болатын.. Осы үйірмеде сумоншақтың тоқылу жолдары үйретіліп, оқушылар білезік пен алқаның түрін жасады. Сумоншақпен тоқу өнері өте нәзіктілікті, әдемілікті, шыдамдылықты және қиял ұшқырлығы мен шеберлікті талап етеді екен.
Сабақтың түрлері: баяндама, лексия, пікірталас, әңгімелесу, талдау, теориялық, сарамандық, жеке, топтық, түрінде, технологиялық нұсқау карталар, үлгі суреттер арқылы орындалуы жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |