29. Маникюр мен педикюр бойынша үйде қызмет көрсету
1. Жалпы ақпарат. Қазіргі заманда маникюр, педикюр, бет пен шаштың, дененің күтіміне мән бермейтін адамды таба алмаймыз. Үй жағдайында адамдардың өздерінің жақсы нәтижеге қол жеткізуі оңай емес. Сондықтан маманды үйге шақырған әлдеқайда тиімді. Мұндай үйде көрсетілетін қызмет түрлері үлкен сұранысқа ие. Аталған салада кызмет көрсету табысты бизнес болып табылады. Сонымен қатар, көп шығындалуды қажет етпейді. Маникюр, педикюр жасауды үйрену қиын емес, ол мезгілдік бизнес түрі де емес. Тек жаз айларында педикюрға деген сұраныс аздап артады.
2. Неден бастау керек? Арнайы курстарға барудан, қажетті материалдар мен құрал-жабдықтарды алудан бастау керек. Оқуға 1 - 2 апта уақыт керек. Оқыту орталықтарында қызметпен қамтамасыз етуді ұсынса, келісіңіз, сіз үшін ол үлкен тәжірибе, сонымен қатар, болашақ үйде қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін клиенттерді табу мүмкіндігі. Кепілдіктің бар-жоғына назар аударыңыз. Оқу курстарын аяқтау жөніндегі сертификат пен келісім-шарт болуы керек.
Жарнаманың орны ерекше. Сіз өзіңіз тұрып жатқан аймаққа хабарландырулар іле аласыз немесе тегін газетке жарнама беруге де болады. Алайда ең бастысы – сапалы қызмет көрсету.
3. Құрал-жабдықтар мен қажетті материалдар:
еуропалық маникюрді кесуге арналған аппарат (фреза);
акрил үшін қылқалам;
табиғи тырнақтарға арналған арашалар;
апельсин арашалары;
кутикулдарды кесетін қысқыштар;
маникюрға арналған күрекшелер;
педикюрға арналған щетка (табандарға);
қолға арналған кішкентай ванна;
аяқ массажына арналған кішкентай ванна;
жазуға арналған қылқалам.
Шығын материалдары:
өсірту үшін пішіндер мен типсылар (күңгірт және френч);
акрил (түссіз, қызғылт, ақ);
ликвид (акрил ұнтағымен араластыруға арналған сұйықтық);
кутикулды жұмсартатын сұйықтық;
кутикулға арналған май;
лактар;
лакты өшіретін сұйықтық;
мақталық дискілер;
қолға арналған крем;
ментолы бар аяққа арналған крем;
аяққа арналған скраб;
ваннаға арналған тұз;
жылтырақтар;
асқын тотық (перекись).
Құралдар іске жарамсыз болып қалғанда оларды ауыстыру керек.
4. Қызмет түрлері. Маман мынадай қызмет түрлерін көрсете алады:
лакты, лаксыз гигиеналық маникюр, декоративті элементтерді;
қолға арналған массаж;
аяққа арналған массаж.
Маникюр мен педикюрдің келесі түрлері бар: классикалық, европалық, аппараттық, SPA маникюр мен педикюр: массаж, пиллинг, маскалар, кутикуланы алып тастау, француз және жапон т.б.
5. Болжамды есептеулер.
5.1. Шығыстар:
арнайы курсқа бару - 25 000 теңге + 30 000 теңге
құрал-саймандар мен материалдар шығыны = 55 000 теңге.
5.2. Табыс:
Тырнақты тазалау 4 000 теңге не одан жоғары, уақыт бойынша 2-2,5 сағат алады.
Маникюр – 1 000 теңгеден жоғары, уақыт бойынша 1 сағат.
Педикюр – 5 000 теңге және одан жоғары, уақыт бойынша 1,5-2 сағат.
Күніне 5-6 маникюр жасасаңыз, сіздің бір күндік табысыңыз 5 000-6 000 теңгені құрайды.
6. Пайдалы сілтемелер:
www.godlike-nails.ru/content/view/234/66/
www.weddinginukraine.com/fakty.php?fakty_id=10
www.svadbavrn.ru/sov/man
www.doctor.kz/content/228.html
Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «маникюр жасау» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
30. Массаж (уқалаушының) қызметі
Жалпы ақпарат. Адамдар қашанда денсаулық пен оны нығайтуға ерекше мән береді. Ең танымал рәсімдердің бірі – массаж (уқалау). Бұдан бұрын бұл қызметті тек медициналық мекеме мамандары ғана жасауға құқылы болатын. Ал бүгін бәрі басқаша. Уқалау бойынша қызметті мынадай мекемелер көрсетеді: уқалау салондары, студиялар, сұлулық салондары мен фитнес-орталықтар.
Косметикалық және босаңсытатын уқалаумен айналысу үшін арнайы рұқсат қағаз бен лицензия алудың қажеті жоқ. Массаж бизнесі өзін-өзі тез ақтайды. Көп шығындалуды қажет етпейді. Негізгі шығыстар оқуға, тақтай төсек пен уқалауға арналған майлар алуға жұмсалады. Екі-үш ай ішінде таза табыс түсе бастайды. Оқудан бастау керек. Ең бастысы адам денсулығына зиян келтірмеу. Сондықтан да уқалаудың барлық тетіктерін үйреніп алу шарт.
Ғимарат. Массаж салонын ашу үшін сізге арнайы орын керек. Алайда бастапқы кезде уқалауды не өз үйіңізде, не клиенттің үйінде жасай аласыз. Ал егер сіз орынды жалға аламын десеңіз, болашақ клиенттеріңіздің санатын анықтап алу керек. Медициналық көрсеткіштері бойынша уқалауды қажет ететін клиенттер үшін салонның орналасуы үлкен маңызға ие емес, ал уқалаудан рахат аламын деушілер үшін салонның өз үйінің маңында орналасқаны ыңғайлы болады. Олар жалпы келетін клиенттердің 70 пайызын құрайды. Сондықтан да салонды элиталы шағын ауданда ашқан дұрыс.
Массаж салонының көлемі онда жұмыс жасайтын уқалаушылардың санына байланысты. Бір мезетте екі уқалаушының жұмысы үшін жеке кабинеттердің болғаны дұрыс.
Құрал-жабдықтар. Уқалау салонын ашу үшін арнайы жабдықтар керек: уқалау үстелі (75 000 теңге), тақтай төсек (20 000 теңге).
Бұдан бөлек уқалаушы жұмысы үшін арнайы майлар керек. Қарапайым уқалау үшін зәйтүн майы жарайды, ал қайта қалыпқа келтіру мен одан да күрделілері үшін эфир майларын қолдану керек. Майларды дәріхана қоймаларынан сатып алған дұрыс, себебі онда тауарларды бөлшек саудамен салыстырғанда 30 %-ға арзан бағамен жаппай сатып ала аласыз. 100 рет уқалау үшін бір эфир майының бөтелкесі жеткілікті. Масаж кабинетінде міндетті түрде, сүлгілердің болу керектігін де естен шығарып алмаңыз.
Технология. Жоғары сұранысқа ие, ең танымал уқалау түрлері – босаңсытатын және целлюлитке қарсы. Клиенттердің 70%-ы уқалаудың осы түрлерін ұнатады.
Бастапқы кезеңде күніне 3-4 клиент қабылдауға болады. 2 маманы бар, екі жұмыс орнымен жабдықталған салон күніне 10 клиентті қабылдауға қауқарлы. Клиенттердің бұлай келуіне үш айда-ақ қол жеткізуге болады. Ер кісілер мен әйел кісілердің қабылдау кабиналарының бөлек болуын ескеріңіз. Сондай-ақ, ер клиенттерге ер уқалаушы, әйел кісілерге әйел уқалаушы алу шартын орындауды ұмытпаңыз. Осы жағдайды ескерсеңіз, бұл сұрақ клиенттеріңізді алаңдатпайтын болады.
Өткізу нарығы. Массаж салоны жайлы БАҚ-қа берілген жарнамалар аз нәтиже береді, ал тартымды маңдайша ілу, парақшалар тарату, ең бастысы сапалы қызмет көрсету клиенттерді тартуға айтарлықтай септігін тигізеді.
Массаж салонына негізделген бизнес мезгілге тәуелді. Бұл қызметке деген сұраныс, әсіресе, көктем айларында жоғары болады, өйткені адамдар жаз алдында денсаулығын нығайуға кіріседі. Ал жазда сұраныс төмендейді, қыста «орташа» деп бағалауға болады.
Болжамды есептеулер.
Шығыстар:
орынды жалға алу 40 м² * 1 200 теңге = ай сайын 48 000 теңге.
жабдықтар алу (үстел, тақтай төсек, орамал, май) - 250 000 теңге.
оқу курсына бару 4-5 апта (классикалық уқалау, I кезең) – 70 000 теңге.
Массаж салонын ашу үшін бастапқы шығын, орташа есеппен, 368 000 теңгені құрайды.
Табыс:
Классикалық массаж сеансының құны 4 000-нан 6 000 теңгеге дейін, босаңсытатын және шығыс массажы – 6 000-нан 8 000 теңгеге дейін.
Сіз күніне 4 клиентке қызмет көрсетсеңіз * 4 000 теңге – 16 000 теңге * 24 жұмыс күні – 384 000 теңге.
Алғашқы айда таза табыс 250 000 теңгені құрауы мүмкін.
Бизнесті бірнеше бағыт бойынша кеңейтіп, дамытуға болады:
СПА-салон;
массаж-косметологиялық салон;
саунасы мен бассейні бар демалу орталығы.
Пайдалы сілтемелер:
http://massage.ucoz.kz/index/0-2
http://manualdoktor.ru/php/content.php?id=445
http://www.magichands.ru/content/category/5/100/102/
http://mirsovetov.ru/a/fashion/beauty-and-health/cellulitis-home.html
http://beauty.popmed.ru/careforbody/body_massage/
http://www.freemove.ru/services/massage.php
Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «массаж қызметі» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |