Жалпы ақпарат. Көптеген әйелдерге ана болу бақытын сезіну жазылған. Қиындықтар мен толғануларға қарамастан жас аналар өз нәрестесін көргенде бәрін ұмытып кетеді. Ана барлық уақытын баласына арнайды. Баланың өсіп келе жатқанын, оның алғашқы қадамдарын бақылау, оның ең бірінші қызық сұрақтарын тамашалау – осының бәрі ана үшін үлкен бақыт. Ананың баланы балабақшаға беру мүмкіндігі болуы да, болмауы да мүмкін. Дегенмен ана бірінші баласын тәрбиешілердің қолына бергісі келмейді. Жас аналарға да бір-бірімен кездесуге уақыт жетпейді. Олар өздері сияқты қыз-келіншектермен кездесіп, пікір алмасып, бір-біріне кеңес айтқысы келіп жатады. Осындайға қолайлы орын – 1 мен 4 жас аралығындағы балалары бар жас аналарға арналған ақылы демалыс орталығы.
2. Ғимарат. Ғимаратты жалға алудан бұрын орталығыңызға шамамен қанша адамның келетінін шешіп алу керек. Орталық қолжетімді жерде орналасқаны дұрыс. Ең жақсысы әрі қолайлысы – бір қабатты кішігірім ғимарат, себебі онда далаға шығып, қыдырып келуге мүмкіндік болады. Егер орталық көпқабатты үйде орналасатын болса, онда балаларға арналған алаңды ішке орналастыруға тура келеді. Орталық бірнеше бөлімнен тұру керек: сурет салуға арналған бөлме, ән-күй бөлмесі, би бөлмесі және т.б.
3. Құрал-жабдықтар. Жиһаз аналар мен балаларға арналған болу керек. Аналарға ыңғайлы диван мен креслолар, ал балаларға қызығушылықтарына байланысты кішкентай орындықтар мен үстелдер қойған дұрыс. Орталықтың іші жарық болғаны жөн.
Балаларды шығармашылыққа баулу үшін түрлі жасқа арналған ойындар, қалам, қарындаш, сурет салуға арналған фломастерлер мен альбомдар алу керек. Үлкен түрлі-түсті әріптері бар кітаптар алған да дұрыс болады, бәлкім біреудің кітап оқу құлшынысы пайда болар. Жұмсақ ойыншықтар, қуыршақтар мен машиналар да керек. Кішігірім тамақтанатын орын да артықтық етпейді.
4. Технология. Төлемнің екі түрі бар: сағат сайынғы немесе бір айға абонемент алу. Абонементке жеңілдіктер, тұрақты клиенттерге бонустар тағайындау керек.
1 және 2 жас аралығындағы балалар әр нәрсеге қызығушылық білдіреді, сондықтан сананы дамытатын ойындарды қызыға ойнайды. Баланың санасына, ойлауы мен сөйлеуіне әсер ету үшін сабақтар ойын түрінде өтуі тиіс.
Сонымен қатар тағы бір айта кететін жайт – осы жаста балалар бір-бірімен араласуға үйренеді. 2 жастан бастап балаларда «мен өзім» деген ұғым пайда болады, өз-өзін тұлға ретінде таниды. Сондықтан бастысы – сабақтарда баланың есте сақтау, көңіл аудару, ойлау қабілеттерін дамыту.
3 жастан бастап бала тәрбиесімен педагогтар айналысады: музыка қызметкері, мектепке дейінгі білім беретін ұстаз, логопед, психолог.
Ең басты сабақ - шығармашылық. Балалар мұғалімдермен отырған кезде аналар бір-бірлерімен әңгімелесе алады. Аналар да баланың психологиялық дамуы туралы дәріс алады, баланы қалай тәрбиелеу керек екенін үйренеді. Сонымен қатар, оқу, тігу сабақтарын ашуға болады.
5. Қызметкерлер. Орталықтың көлеміне қарамастан, онда педагогикалық білімі бар менеджерлер жұмыс жасау керек. Олар балалармен ойнап, ойын барысын қадағалайды.
Орталықта екі топ аша аласыз: біреуі түске дейін, екіншісі түстен кейін. Бір топта 10-12 бала болады. Осыны ескере отыра, сіз педагогикалық білімі бар екі қызметкер алуыңыз керек. Профильді педагогтар белгілі бір уақыттарда ғана келетін болады. Әр қызметкермен келісім-шартқа тұрыңыз.
6. Өткізу. Хабарландырулар мен визиткаларыңызды қала бойынша бизнес-орталықтарда, сауда орындарда, балалар емханаларында тарата аласыз. Жергілікті газет-журналдарға жарнама беруге де болады.
7. Болжамды есептеулер.
7.1. Шығыстар:
орынды жалға алу, 100 м² * 1000 теңге = 100 000 теңге.
пластмассадан жасалған балаларға арналған орындықтар мен үстелдер, 1 жиынтық = 10 000 теңге * 10 жиынтық = 100 000 теңге.
кеңсе тауарлары– 30 000 теңге.
ой-сананы дамытатын ойындар мен ойыншықтар – 40 000 теңге.
балаларға арналған кітаптар – 20 000 теңге.
қызметкерлердің жалақысы - 2 қызметкер * 40 000 теңге = 80 000 теңге.
Барлығы: 370 000 теңге.
7.2. Табыс:
Орталықтың жұмыс кестесі – 10.00-18.00 аралығы, яғни күніне 8 сағат.
Төлем – 1 сағат = 400-600 теңге (аймаққа байланысты). Күніне бір орын үшін – 8 сағат * 400 теңге = 3 200 теңге.
Алғашқы кезеңде орталықта 10 бала болса, онда 10 орын * 3 200 теңге * 24 жұмыс күні = айына 768 000 теңге.
Барлығы: 768 000 теңге.
8. Пайдалы сілтемелер:
http://www.mamashkam.ru/childrenandbook/dosug_otdih_semii/otdih_sport/
http://homebiz.ru/uslugi-byt/188.html
http://www.allprobiz.net/viewpage.php?page_id=202
32. Бөлме өсімдіктерін өсіру
Жалпы ақпарат. Әдемілікті әрдайым тану адам психикасына жақсы әсер ететіні ғылыми дәлелденген. Айналаны әдемі етудің ең оңай тәсілі – кеңсеге немесе үйге декоративті өсімдіктер сатып алу. Бөлме гүлдері кеңсенің, үйдің сәні болып табылады. Олар жалпыға қол жетерлік, олардың көптүрлілігі де бөлме интерьеріне cәйкесін таңдауға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда оны арнайы салондар мен гүл сататын дүкендерден алуға болады. Бірақ әдемі гүлдердің бағасы баршаға қол жетімді бола бермейді. Ал сол гүлдерді үй жағдайында-ақ арзанға өсіруге болады ғой! Әрине, ол үшін бөлме өсімдіктеріне күтім жасай білу керек, ал бұл жағдайда интернеттен түрлі ақпарат алудың мәні зор.
Өсірілген өсімдіктерді жекелеген клиенттерге, өз кеңсесін арзан бағаға жұпар иісті тірі гүлдермен толтырғысы келетін түрлі компания басшыларына сатуға болады. Өзіңіз тұратын қаланың жағдайына байланысты аталған бағыттардың бірін таңдап немесе екі бағытта да жұмыс істей аласыз.
Технология. Егер сіз бөлме өсімдіктерін өсірумен ешқашан айналыспасаңыз, тәжірибені кактус өсіруден бастаған жөн. Олардың басқа гүлдерге қарағанда бірқатар басымдықтары бар:
Күтімді көп қажет етпейді. Бұл ерекшелікті өзіңіз қалай бағаласаңыз, потенциалды сатып алушы да солай бағалайды. Бөлме өсімдіктеріне күтім жасау үшін көп адамның мүмкіндігі бола бермейді. Ал кактус күтімді аз қажет ететін өсімдік.
Өте аз орын алады. Басқа өсімдік түрлеріне қарағанда кактустар көлемді ыдысты қажет етпейді. Орташа кактус диаметрі 20 см-лік ыдысқа оңай орнығады, ал кішігірім түрлерін одан да аз көлемдісінде өсіруге болады.
Үй мен кеңселердің түрлі интерьерлеріне оңай сәйкес келеді.
Кактустар электромагнитті толқындарды (оған компьютерді жатқызуға болады) сіңіру қасиетіне ие. Дәрігерлер компьютермен жұмыс жасағаннан бастары ауыратын адамдарға компьютердің қасына кактус қоюды кеңес етеді. Жағымсыз жағдайларда кактустар өздерін жайлы сезінеді және бұл олардың жақсы өсуіне септігін тигізеді.
Егер сіздің бөлме өсімдіктерін өсіру бойынша тәжірибеңіз болмаса, алғашқы уақытта жаңадан отырғызылған өсімдіктерді сатып алып, оларға тек күтім жасап көруіңізге болады. Ал кейін тұқым алып, өсімдіктерді өсіруге көшесіз.
Өткізу нарығы. Сізге тұрғылықты жеріңіздегі түрлі салондарға, дүкендерге, банктерге, компанияларға, т.б. өз қызметіңізді ұсынуға болады. Дұрыс жұмыс жасаған жағдайда сіздің тауарларыңызға деген сұраныс арта түседі. Ауылда немесе кішігірім қалада тұрсаңыз, онда да өз үйін бөлме гүлдерімен безендіргісі келетін адамдар міндетті түрде табылады.
Болжамды есептеулер.
Кактусты алатын болсақ, кішкентай кактустың бағасы шамамен 400-500 теңгені құрайды, ал үлкен кактус өзінің түрі мен ыдыс диаметріне байланысты 4 000-5 000 теңгеге дейін барады.
Пайдалы сілтемелер:
http://cactus.itoa.ru/?pg=02
http://shkolazhizni.ru/archive/0/n-13026/
http://www.flowers.bitrix.ru/cactusclub/practice/seeds-1.php
http://www.keepflowers.ru/cactuses/
http://www.cacty.ru/
http://www.flowers-house.ru/
http://www.homeflowers.com.ua/
Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «бөлме өсімдіктерін өсіру» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |