Жоспар: Тұқым жайлы түсінік



Дата07.02.2022
өлшемі0,79 Mb.
#90238
Байланысты:
Тұқым презентация ХБ-31 топ


Тұқым
Орындаған:ХБ-31 топ студенті
Айтмухамбетова Айдана
Ашимова Адия
Досымжанова Сауле
Төлеген Алтынай
Жоспар:
  • Тұқым жайлы түсінік
  • Тұқым түрлері:қосжарнақты және даражарнақты
  • Сұрақтар
  • Ребус

Тұқым (лат. semen) - өсімдіктердің көбеюіне және таралуына арналған мүше.
Тұқым гүлді өсімдіктерде жемістің ішінде болатын, ал жалаңаш тұқымдылардың мегаспорофиллде орналасқан түйінде тұқым ұрығынан, (тұқымбүршігінен) дамиды. Кейде ұрықтанусыз дамиды, (апомиксис). 
Тұқым – жатынның тұқым бүршігінен дамиды.
 

ТҰҚЫМ
Қосжарнақты
Даражарнақты
Қос жарнақты тұқымның құрылысы. Қос жарнақты тұқымның мысалы ретінде үрмебұршақ (фасоль) тұқымын қарастырайық (1-сурет). Тұқымның қабығы (қауызы), жарнағы және ұрығы болады. Үрмебұршақ тұқымының пішіні бүйрекке ұқсайды. Оның ойыс жағында жеміске бекінген жерін тұқым кіндігі дейді. Тұқым кіндігінен тұқымның ішіне ауа, су кіреді.
 
 
1-сурет. Үрмебұршақ тұқымының құрылысы (ұзынынан қақ жарылған).

Дара жарнақты тұқымның құрылысы. Дара жарнақты тұқымға алдын ала суға жібітілген бидай дәнегін аламыз. Дәнектің сырты тығыз қабықпен (қауыз) қапталған. Бидайдың жемісі бір тұқымды. Піскенде қабығы ажырамай, тұқымға тығыз жанасып бірігіп кетеді. Қанша жібітсе де қабығын ажырату қиын. Бидай тұқымы әрі жеміс, әрі тұқым болып есептелетіндіктен дәнек дейді. Бидай қабығы (қауызы) тез сылынбайтындықтан, өткір ұстарамен ұзынынан тең екіге жарады (2-сурет). Дәнектің едәуір бөлігін – эндосперм алып жатады. Эндосперм жасушаларында крахмал, нәруыз, май заттары жиналады. Дәнектің төменгі ұшында эндоспермге тығыз жанасып бекінген ұрық бар (құрылысы үрмебұршақтікіндей). Ұрық пен эндоспермнің арасында жұқа бір жарнақ орналасады (бітеу бидайдың сыртынан сәл білеуленіп белдік тәрізді білінеді). Коректік заттар қоры эндоспермде жиналады, жарнағында болмайды. Дара жарнақтылардың тұқым жарнағы, тұқым өнген кезде эндоспермдегі қоректік заттарды ерітетін зат бөледі. Ерітетін зат органикалық заттарды сұйылтады. Сұйылтылған қоректі жасушалары арқылы сорып, бастама тамырша мен бүршікшеге өткізеді. Ұрықтағы май қоры да өнуге жұмсалады.
2-сурет. Бидай дәнегінің ұзынынан (қақ жарылған) құрылысы.
Дара жарнақты өсімдіктерге лалагүл, жуа, бидай, құртқашаш, банан, қияқөлең, пальма, жүгері, күріш, тары жатады.
  • СҰРАҚТАР
  • Дәнектің едәуір бөлігін:
  • Қос жарнақты өсімдік:
  • Дара жарнақты өсімдік:
  • Қоректік заттар қоры жиналады:
  • Тұқымды кеуіп кетуден, мезгілсіз өнуден, зақымданудан, шіруден сақтайды:
  • Дара жарнақты өсімдіктерге жатпайды:
  • Ұрық тұрады:
  • Эндосперм жасушаларында жиналады:
  • Дара жарнақты тұқымның құрлысы:
  • Дара жарнақтылардың тұқым жарнағы қандай қызмет атқарады:



,,,,
,,,,
,,,,
,
,,,,
Жарнақ
РЕБУС ЖАУАБЫ
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет