77. Тұқым. Құрылысы жəне қызметі. Дара жəне қос жарнақты тұқым



Pdf көрінісі
бет1/19
Дата26.01.2022
өлшемі227,25 Kb.
#114799
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
77-95-1



77.Тұқым. Құрылысы жəне қызметі. Дара жəне қос жарнақты тұқым

.

Тұқым (лат. семен) - өсімдіктердің көбеюіне жəне таралуына арналған мүше.Тұқым



гүлді өсімдіктерде жемістің ішінде болатын, ал жалаңаш тұқымдылардың

мегаспорофиллде орналасқан түйінде тұқым ұрығынан, (тұқымбүршігінен) дамиды.

Кейде ұрықтанусыз дамиды, (апомиксис). Типтік тұқым 1-2 интегументтен түзілген

жабыннан, (қауыз), ұрықтан жəне эндоспермадан жəне, (немесе) периспермадан

тұрады. Тұқымда кейде бірнеше ұрықтар түзіледі, полиэмбриония, (жалаңаш

тұқымдарда, орхидті, күрделі гүлділерде, лалагүлділерде жиі болады).Қалыптасқан

ұрықта ұрық қапшығы, тамыр мойыны, тұқымжарнақтары, (немесе тұқымжарнағы),

бүршігі болады.Тұқым – жатынның тұқым бүршігінен дамиды.Қос жарнақты тұқымның

құрылысы. Қос жарнақты тұқымның мысалы ретінде үрмебұршақ (фасоль) тұқымын

қарастырайық. Тұқымның қабығы (қауызы), жарнағы жəне ұрығы болады. Үрмебұршақ

тұқымының пішіні бүйрекке ұқсайды. Оның ойыс жағында жеміске бекінген жерін тұқым

кіндігі дейді. Тұқым кіндігінен тұқымның ішіне ауа, су кіреді.Тұқым қабығы (қауызы)

қалың, тығыз, сырты тегіс жылтыр, түрлі түсті. Қабығы тұқымды кеуіп кетуден, мезгілсіз

өнуден, зақымданудан, шіруден сақтайды.Қабығын сылып алса (суға жібіген тұқымда

тез сылынады), ішінен екі тұқым жарнағы көрінеді. Тұқымда екі тұқым жарнағы бар

өсімдіктер қос жарнақтылар деп аталады. Қос жарнақтыларда (күнбағыс, қауын,

қарбыз, асқабақ, қияр жəне т. б.) ұрыққа қорек болатын заттар жарнақта жиналады.

Жарнақты ұзынынан екіге жарса, бір ұшында жабысып тұрған ұрығы болады.Ұрық –

алғашқы тамырша, алғашқы сабақша жəне бүршікшеден тұрады. Дара жарнақты

тұқымның құрылысы. Дара жарнақты тұқымға алдын ала суға жібітілген бидай дəнегін

аламыз. Дəнектің сырты тығыз қабықпен (қауыз) қапталған. Бидайдың жемісі бір

тұқымды. Піскенде қабығы ажырамай, тұқымға тығыз жанасып бірігіп кетеді. Қанша

жібітсе де қабығын ажырату қиын. Бидай тұқымы əрі жеміс, əрі тұқым болып

есептелетіндіктен дəнек дейді. Бидай қабығы (қауызы) тез сылынбайтындықтан, өткір

ұстарамен ұзынынан тең екіге жарады. Дəнектің едəуір бөлігін – эндосперм алып

жатады. Эндосперм жасушаларында крахмал, нəруыз, май заттары жиналады.

Дəнектің төменгі ұшында эндоспермге тығыз жанасып бекінген ұрық бар (құрылысы

үрмебұршақтікіндей). Ұрық пен эндоспермнің арасында жұқа бір жарнақ орналасады

(бітеу бидайдың сыртынан сəл білеуленіп белдік тəрізді білінеді). Коректік заттар қоры

эндоспермде жиналады, жарнағында болмайды. Дара жарнақтылардың тұқым

жарнағы, тұқым өнген кезде эндоспермдегі қоректік заттарды ерітетін зат бөледі.

Ерітетін зат органикалық заттарды сұйылтады. Сұйылтылған қоректі жасушалары

арқылы сорып, бастама тамырша мен бүршікшеге өткізеді. Ұрықтағы май қоры да өнуге

жұмсалады. Дара жарнақты өсімдіктерге лалагүл, жуа, бидай, құртқашаш, банан,

қияқөлең, пальма, жүгері, күріш, тары жатады. Тұқымда бір тұқым жарнағы бар

өсімдіктер дара жарнақтылар деп аталады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет