77. Тұқым. Құрылысы жəне қызметі. Дара жəне қос жарнақты тұқым


Базидиомицеттер класы. Жалпы сипаттамасы, ерекшелігі, көбеюі



Pdf көрінісі
бет9/19
Дата26.01.2022
өлшемі227,25 Kb.
#114799
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
Байланысты:
77-95-1

85.

Базидиомицеттер класы. Жалпы сипаттамасы, ерекшелігі, көбеюі.

Жыныстық көбеюі: базидийлер мен базидиоспоралардың түзілуі.

Холобазидиомицеттер, телиобазидиомицеттер класс тармақтары. Басты

өкілдері. Экологиялық топтары.


Базидиомицеттер – Basidiomycetes класы. Барлық қалпақты саңырауқұлақтарға

жататын базидиомицеттер жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтардың екінші класы.

Мицелийі жақсы жетілген, екі ядролы клеткадан құралған. Жынысты спора құраушы

мүшесі болып базидий есептеледі. Базидий бір клеткалы не көп клеткалы. Жыныссыз

конидиальды спора тасушы мүшесі қалталы саңырауқұлақтарға қарағанда аз тараған.

Клетка қабықшасының құрамында хитин жəне глюкан болады.Базидиомицеттерде

мицелийлердің дамуының үш кезеңі болады. Мицелийдің дамуы базидиоспораның

өсуəінен басталады. Ол өне келе алғашқы бірінші ретті гаплоидты мицелийді береді.

Гаплоидты мицелий бір ядролы жіне көп уақыт тіршілік ете алмайды. Əр жынысты

споралардан дамыған гифалар қосылып анастомозға ұшырап, екі ядролы екінші ретті

дикарионды мицелий құрайды. Мицелий гифаларының ұштары қосылған уақытта

плазмогомия процесі ғана жүреді, əр жынысты ядролар қосылмайды, олар бір-бірімен

жақындасып дикарион түзеді. Үшінші ретті диплоидты мицелий, дикарион

ядроларының қосылуы нəтижесінде жемісті денелерде түзіледі. Базидиалды

саңырауқұлақтардың мицелийлері əртүрлі пішінді, құрылысы да əртүрлі

келеді.Базидиомицеттерде жынысты спора құру – базидиоспораның түзілуімен

аяқталады. Базидиоспора ерекше өсінділерде – базидийлерде түзіледі. Базидий екі

ядролы – дикарионды мицелийлерден құралады. Арнаулы жыныс мүшесі болмайды.

Жыныс процесі екі вегетативтік гаплоидты базидиоспорадан түзілген мицелий

гифаларының ұштарының қосылуынан дикарион түзіледі. Одан соң клеткадағы

дикарион ядролары қосылып диплоидты ядро түзеді. Зигота ядросы екі рет бөлініп 4

гаплоидты ядро құрады. Осы уақытта зигота қабығы жоғары қарай қапшық пішінді

ұзарып өседі, оны базидий деп атайды. Базидийдің жоғарғы жағынан өсінділер пайда

болып, оларт үйреуіштің басы сияқты қампиып өседі де, оның стеригма деп аталатын

жіңішке сағағы арқылы əрқайсысына редукциялы бөлінудің нəтижесінде түзілген

гаплоидты ядролар өтеді. Сөйтіп жыныс процесінің нəтижесінде 4 гаплоидты

базидиоспора құралады. Базидиоспораның құралуы аскоспоралардың құралуы сияқты

күрделі жолмен түзіледі.Базидиомицеттердің дикариондық мицелийлердің екі ядросы

бір мезгілде қатар бөлінеді де, пайда болған екі жұп ядролардың аралығында перде

құралады. Базидиомицеттердің екінші біреулерінде дикарионды мицелийлер күрделі

жолмен көбейеді. Дикарион бөліне алдында оған қарама-қарсы гифаның бүйірінен

базальды бөліміне қарай иілген бүйір өсінді шығады.Бөлінетін ядролар өсіндіге қарай

сəл көлбей орналасады да, бөлінген кезде оның біреуі сол өсіндіге өтеді. Екі

қарама-қарсы жынысты бір жұп ядроның бір сыңары гифаның төменгі (базальды)

жағына қарай ауысады. Содан кейін гифа бүйір өсіндінің тұсынан пердемен бөлінеді,

бұл кезде өсіндінің өзі де дистальды жағынан пердемен бөлініп қалады. Бұдан соң

бүйір өсінді гифаның базальды клеткасына қарай иіліп, шеттерімен түйіседі. Түйіскен

жерінде тесік пайда болып, қарама-қарсы жынысты ядролар түзіледі. Бұл бүйір

өсіндісінің гифамен бірігіп, қосылып кетуін «қапсырма» (тоға) деп атайды.

Морфологиялық жағынан алғанда қапсырманың түзілуі қалталы саңырауқұлақтың

аскогондік гифаларының ілгектеріне сəйкес келеді.Базидиомицеттердің жемісті денесі

сырт пішіні жəне консистенциясы жағынан əр түрлі. Олар тор, жұмсақ, көн, таға сияқты

қатты не түбірі бар қалпақты етті жұмсақ болып келеді. Жемісті дененің спора құратын

қабатын гимений деп атайды. Ол қарапайым түрлерінде жемісті дененің жоғарғы

жағында, ал күрделі құрылысты түрлерінде төменгі жағында орналасады. Гимений

қабаты базидий мен базидиоспорадан жəне парафизден тұрады. Жемісті дененің

гимений өсетін қабатын гименофор деп атайды. Қарапайым базидиомицеттерде

гименофор қабаты тегіс, ал күрделі құрылысты түрлерінде пластинка, түтік, иректелген




тіс пішінді болып, жемісті денесінің төменгі жағында орналасады.Күрделі құрылысты

базидиомицеттердің жемісті денесінің дамуының құрылысына қарай негізінен 3-ке

бөлуге болады. Гимнокарпты – жемісті денесінің гимений қабаты алғашқы дамуынан

спора жетілгенге дейін ашық келеді (Russula, Hygrocybe, Camarophyllus, Marasimius).

Гемиангиокарпты – саңырауқұлақтың жемісті денесінің гимений қабаты алғашқы даму

сатысында жабық, спораның жетілуіне қарай ашылады (Agaricus, Volvariella, Cortinarius

т.б.). Жалған ангиокарпты жемісті денесінің алғашқы дамуында гимений қабаты ашық

болады, кейін қалпақтың жиектерінің ішке қарай иіліп өсуіне байланысты

жабылады.Көпшілік агарикалықтардың жемісті денесі гемиангиокарпты. Олардың

жемісті денелерінің жеке жəне жалпы жамылғылары болады. Олар қорғаныш қызметін

атқарады. Жалпы жамылғы жас жемісті денені жауып тұрады. Жемісті дене ұлғайған

уақытта жамылғы жыртылып төменгі жағы түбірдің түбінде тостағанша сияқты қалып

қойса, жоғарғы жағы қалпақтың үстіңгі жағында ұсақ қабыршақ түрінде қалады (Amonita

phalloides, A.muscaria), кейде жойылып кетеді (Hygrophorus). Жеке жамылғы

гименофорды, кейде түбірді ғана жауып тұрады. Жемісті дененің жетілуіне қарай

қалпақтың жиегінен жыртылып түбірде сақина қалады, не түбірде жыртылып қалпақтың

жиегінде қалады (Agaricus, Lepiota). Қалпақтарының формалары жастықша, воронка,

жұмыртқа, бүйрек т.б. пішінді болып келеді. Жеміс денесінің жұмсағы негізгі жəне

дəнекер тіндерден тұрады. Негізгі тін қалың қабықты гифалардан құралса, дəнекер тін

жұқа қабықты гифалардан құралады. Бұл тіндерде қор заттарын, керексіз заттарды

өткізіп отыратын арнаулы өткізгіш гифалары болады.Базидий құрылысына қарай бір

клеткалы, көп клеткалы болады. Бір клеткалы базидийді холобазидий деп атайды.

Базидий екі бөлімнен тұруы мүмкін: төменгі кеңейген бөлімін гипобазидий, ал жоғарғы

өсіндісін эпибазидий деп атайды. Эпибазидий көп жағдайда 2 не 4 бөліктен тұрады,

гипобазидийден перде арқылы бөлініп тұрады. Мұндай базидийді гетеробазидий деп

атайды. Базидийдің үшінші типінде базидий көлденең перде арқылы 4 клеткаға

бөлінеді. Олардың бүйір жағының əрбір клеткасынан бүйірлік базидиоспора түзіледі.

Мұндай базидийді фрагмобазидий деп атайды. Фрагмобазидийдің басқа базидийден

айырмашылығы оның клетка қабықшасы қалың тынышталған клеткадан құралады. Бұл

класқа 1300-ден (30000) астам түрлер жатады. Базидиомицеттер базидийдің

құрылысына қарай: холобазидиомицеттер, гетеробазидиомицеттер жəне

телиобазидиомицеттер немесе фрагмобазидиомицеттер болып үш класс тармағына

бөлінеді



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет