Қоңыр балдырлар бөлімі. Талломдарының құрылысы. Табиғатта таралуы
жəне маңызы, маңызды өкілдері, экологиясы. Қоңыр балдырлардағы ұрпақ
алмасу жəне фаза алмасуы
Теңіздің тұзды суылда өсетін балдырлар жасыл балдырлардан өзгеше келеді. Олар
теңіздер мен мұхиттардың түбінде жүздеген шақырым жерді қамтып өседі. Оған —
қоңыр жəне қызыл балдырлар жатады. Бұл балдырлардың кейбір түрлері Қазақстанда
Каспий теңізінде де кездеседі.Қоңыр балдырлардың барлығы да көпжасушалы, 1
500-дей түрі бар. Биіктігі бір миллиметрден бірнеше ондаған метрге дейін жетелі. Ең
ірілерінің талломы (денесі) тарамдалып тұрады.Қоңыр балдырдың жасуша
қабықшасының сырты созылыңқы сілемейлі қабықшамен қапта лған. Жасушасы - бір
ядролы, вакуольдері біреу немесе көп болады. Сілемейлі қабықша теңіз толқынының
күшіне төтеп беріп, су қайтқанда балдырларды құрғап кетуден сақтайды. Майда
вакуольдердің құрамында илік заттары бар. Олардың дəн тəрізді хроматофорлары
жасуша қабықшасына жақын орналасады. Хроматофорларында хлорофилл жəне
қоңыр бояулары (пигменттері) болады. Бұл бояу қоңыр балдырларда жүретін
фотосинтезге күннің ультракүлгін сəулесін тиімді пайдалануға көмектеседі. Жасушаның
қор заты - полисахаридтер (ерітінді күйіндегі көмірсулар).Қоңыр балдырға ламинария,
саргассум жəне т.б. жатады. Ламинария теңіз жағалауындағы 5-10 шақырым аймақты
қамтып, 20-30 метр тереңдікте өседі. Оның сыртқы құрылымы гүлді өсімдіктерге ұқсас.
Ламинария су түбіндегі төсемікке тамырға ұқсас өсінділерімен (ризоидтарымен) бекініп
өседі. Ұзындығы 50 сантиметрге дейін жоғары қарай созылған бөлімі болады. Одан
ұзындығы 3-4 метрдей жалпақ таспа тəрізді өсінділері жетіледі. Солтүстік ендіктердегі
түрлерінің жалпақ таспа тəрізді өсінділері қаңтар, ақпан айларында түсіп
қалады.Жаздың соңы, күздің басында жалпақ өсінділерінің бетінде дақтар пайда
болады. Сол жерде тізілт эллипс, цилиндр тəрізді біржасушалы зооспорангийлер
(зооспора түзілетін қалта) түзіледі. Зооспорангийдің əрқайсысынан екі талшықты
зооспоралар дамиды. Қозғалып жүріп төсемікке бекінеді де талшығын жойып, бірнеше
жасушаға бөлінеді. Жынысты ұрпағы өскіншеге айналады. Оларда жыныстық
мүшелерінде түзілген жыныстық жасушалары (гаметалар) қосылып, зигота түзеді. Ол
бөліне бастайды да қайтадан ірі ламинарияға айналады.Саргассум балдырына зер
сала қарасақдар, жидекке ұқсас домалақ өсінділерді көресіңдер. Алайда ол жидек
емес, іші ауаға толы көпіршіктер. Балдырлар солардың жəрдемімен суда жүзуін
тездетеді, сөйтіп басқа жерлерге тез тарала алады. Саргассум тұқымдас турбипария
балдырларында бұл ауалы көпіршік жұзім салқымына ұқсас болады. Сондықтан оны
жергілікті түрғындар «теңіз жүзімі» деп атайды.Қоңыр балдырлардың кейбір түрлерінің
таспа тəрізді өсінділерінің ұзындығы 60 метр дей болып, биіктігі құрлықтағы кейбір
ағашты өсімдіктердің биіктігінен асып түседі.Қоңыр балдырлар бөлімі (Рһаеорһута)
Түрлерінің жалпы саны 1,5 мыңдай болады. Қоңыр балдырлар бентостың маңызды
компоненттерінің бірі болып табылады. Қоңыр балдырлардың талломының бояуы
сарғыштан қара-қоңыр, тіптен қара-қышқыл түске дейін болады. Ол осы балдырлардың
пигменттерінің: хлорофиллдің, каротиноидтардың, фукоксантиннің (қоңыр түсті)
араласып келуінің нəтижесінде қалыптасатын түстер. Қоңыр балдырлардың талломы
көп клеткалы болады. Олардан микроскопиялық ұсақ организмдерден бастап, аса
үлкен (гигантский), кейде тіптен 60-100м жететіндеріне дейін кездестіруге болады.
Қарапайым түрлерінің талломы жіп тəрізді болып келеді жəне бір қатар клеткалардың
тізбегінен тұрады. Жақсы жетілгендерінің клеткалары əртүрле бағытта бөлінеді жəне
көп жағдайда дифференцияланып, ассимиляциялық, қорлық, арқаулық (механикалық)
жəне өткізгіш ұлпаларға ұқсас клеткалардың дараланған комплекстерін түзеді. Мұндай
дифференциация талломның əртүрлі қызмет атқаратын участіктерге- ризоидтарға,
өстік бөлікке ("сабаққа") жəне филоидтарға ("жапырақтарға") бөлінуіне байланысты
болса керек. Қоңыр балдырлардың клеткалары бір ядролы. Хроматофоры көп
жағдайда диск тəрізді, көп болып келеді. Артық қор заттары ламинарин (полисахарид),
маннит (сахатоспирт) жəне шыны май тамшылары түрінде жиналады.
Пектинді-феллюлозды клетка қабықшасы оңай шырыштанады. Талломы төбелік
немесе қыстырма меристемасы арқылы өседі. Өмірінің ұзақтығы бірнеше жылға
созылады. Вегетативтік көбеюі талломның бірнеше бөліктерге үзілуі арқылы жүзеге
асады. Жыныссыз көбеюі (фукустар жыныссыз жолмен көбеймейді) көптеген екі
талшақты зооспоралары, немесе қозғалмайтын тетраспоралары арқылы жүзеге асады.
Зооспоралары тірі клеткалы, сиректеу көп клеткалы зооспорангияларда, ал
тетраспоралары тетраспорангияларда пайда болады. Жыныстық процесі изогамиялы,
гетерогамиялы жəне оогамиялы болып келеді. Изо- жəне гетерогаметалары көп
клеткалы гаметангияларда пайда болады: оогонийлері мен антеридийлері- бір
клеткалы. Қоңыр балдырлардың фукустан басқаларының барлығының өмірлік циклінде
ұрпақ алмасуы айқын байқалады. Мейоз зоспорангияларда немесе
тетраспорагияларда жүреді. Зооспоралары, немесе тетраспоралары гаметофитке (п)
бастама береді. Гаметофиттері қос жынысты немесе дара жынысты болады. Зигота
тыныштық кезеңіне көшпей-ақ спорофитке (2п) айналады. Əртүрлі түрлерінде ұрпақ
алмасуы əртүрлі болады: біреулерінің спорофиті мен гаметофиті сырт қарағанда
бірдей болады, ал екіншілерінің спорофиті гаметофитіне қарағанда біршама үлкен
жəне көпжылдық болып келеді. Қоңыр балдырлар төменгі сатыдағы өсімдіктердің
ішіндегі ең ірісі. Олар теңіздердің түбінде орман немесе шалғын түзіп өседі. Кейбір
қоңыр балдырлардың талломасының ұзындығы 60-100 м дейін барады (макроцистис
туысы). Сондықтанда оларды моряктар "тірі кедергілер" деп атайды. Мұндай
балдырлар кішірек катерлерді тоқтатып тоқтайды, үлкен пароходтардың жүрісін тежейді
жəне суға қонатын самолеттердің қонуына едəуір кедергі жасайды. Классификациясы.
Қоңыр балдырлар бөлімі үш кластан тұрады: изогенераттылар (Ісогенератае) класы,
гетерогенераттылар (Нетерогенератае) класы жəне цикласпоралылар (Суслосрореае)
класы.Гетерогенераттылар класы- Неtеrоgепеrаtае.Солтүстік мұзды мұхиттың
теңіздеріне аса ірі көпклеткалы қоңыр балдырлардың бірі ламинария өседі. Оның
талломасы бекініп тұрады. Ризоид ұғымы ғылымға гректің "риза"- тамыр жəне
"идос"-кескін деген сөздерінен енген. Ризоидтан жоғары қарай онша жалпақ болмайтын
ұзындығы 50-100 см-ден аспайтын цилиндр формалы сағақ орналасады. Сағақтан
саусақ салалы болып тілімделген немесе тұтас жапырақ тəрізді таллом кетеді.
Сағақпен жапырақ тəрізді пластинканың арасында интеркалярлық өсу зонасы
орналасады. Осы меристеманың клеткаларының бөлінуінің нəтижесінде сағақта,
жапырақ тақтасы да ұзарып өседі. Ламинария - көп жылдық өсімдік, оның сағағымен
ризоиды қыстап шығады, ал жапырақ тақтасы жыл сайын үзіліп түсіп шіриді. Көктемде
сағақтың ұшындағы меристеманың клеткаларының бөлінуінің нəтижесінде жаңадан
жапырақ тақтасы пайда болады. Қоңыр балдырлардың орман түзетін ерекше үлкен
түрлеріне макроцистис (60-100 м), нереоцистис (25 м), гессония (4 м) жəне тағы
басқалар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |