Теңіздің терең түбінде (270 м) көпжасушалы қызыл балдырлар өседі. Талломы (денесі)
- таспа, тақтайла, жіп тəрізді, кейде жіптері тарамдалған. Қоңыр балдырлар сияқты аса
ірі болмайды. Олардың жасушаларындағы дəн тəрізді хроматофорларында
хлорофилден басқа қызыл-көк пигменттері болады. Сондықтан бұл балдырлар түсінің
қызып, қызғылт жəне сары, көк-жасыл болуы да мүмкін. Теңіздің түбінде бұл
балдырлар айрықша əдемі, көз тартады. Жасушасының қор заты - май жəне қантты
заттар.Өсімді, жыныссыз, жынысты жолдармен көбейеді. Өсімді көбейгенде бөлініп
қалған бөліктерінен жаңа дарақ түзілмей, жетілт, бөлініп, өседі. Жыныссыз көбейгенде
түзілетін спораларының талшығы болмайды. Судың ағынымен қозғалады. Спора
түзетіл қалта - бір жасушадан түзілген спорангийдің ішінде бір немесе төрт спора
жетіледі. Кейде олар тарамдалған тармақтарының ұштарында пайда болады.
Споралардан төсемікте жыныстық жасушалар түзілетін жынысты ұрпағы
жетіледі.Біржасушалы аталық жыныстық мүшесі тармақтарының ұшында немесе
денесінің үстінде жетіледі. Онда көп аталық жыныс жасушалары түзіледі. Аналық
жыныс мүшесі — тармақ ұшындағы жасушадан пайда болады. Жұмыртқа жасушасы
ұрықтанғаннан соң күрделі өзгерістерге ұшырап, жыныссыз ұрпағына айналады.
93.
Достарыңызбен бөлісу: