77. Тұқым. Құрылысы жəне қызметі. Дара жəне қос жарнақты тұқым


Төменгі сатыдағы өсімдіктердің биологиялық əр алуандығына жалпы



Pdf көрінісі
бет13/19
Дата26.01.2022
өлшемі227,25 Kb.
#114799
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19
Байланысты:
77-95-1

89.

Төменгі сатыдағы өсімдіктердің биологиялық əр алуандығына жалпы

сипаттама. Балдырлардың құрылымдық типтері. Балдырлардың экологиялық

топтары.

Төменгі сатыдағы өсімдіктер – дене құрылысы талломды (қаттамалы) өсімдіктер.

Төменгі сатыдағы өсімдіктерге 20 ғасырдың ортасына дейін жоғары сатыдағы

өсімдіктер мен жануарлардан басқа бактерияларды, миксомицеттерді,

саңырауқұлақтарды, балдырлар мен қыналарды жатқызып келді. Соңғы жүйеленім

бойынша Төменгі сатыдағы өсімдіктерге тек балдырларды жатқызады. Төменгі

сатыдағы өсімдіктердің вегетативті денесі тамырға, сабаққа, жапыраққа бөлінбеген.

Бұлардың арасында клеткасы оқшауланған нағыз ядросы жоқ прокариоттар жəне

клеткаларында нағыз ядросы бар эукариоттар болады. Дене құрылысы жағынан бір не

көп клеткалы жəне ұзындығы 30 – 35 м-ге жететін түрлері де кездеседі. Қоректенуі

жағынан автотрофтылар (балдырлар, қыналар, кейбір бактериялар); гетеротрофтлар

жəне автогетеротрофтлар (миксотрофтар) болып бөлінеді. Төменгі сатыдағы

өсімдіктердің қазба қалдықтары өте ертеден белгілі. Бактериялар мен балдырлар

кембрийге дейінгі криптозойлық шөгінділерден табылған. Төменгі сатыдағы өсімдіктер

табиғатта зат алмасу процесінде (қ. Продуценттер. Консуметтер. Редуценттер) үлкен

рөл атқарады. Кейбір түрлері атмосферлік азотты фиксациялауға қабілетті. Көпшілік

түрі тағам ретінде (саңырауқұлақтар, балдырлар), тыңайтқыш ретінде (балдырлар),

кондитерлік өндірісте (агар), антибиотиктер алуда (сəулелі саңырауқұлақтар), қоршаған

ортаның ластану деңгейін анықтауда (қына) пайдаланылады. Араларында зиян

келтіретін түрлері де аз емес. Мысалы, ауру тарататын паразитті саңырауқұлақтар,

судың “гүлдеуін” туындататын кейбір балдырлар.Төменгі сатыдағы өсімдіктер жоғарғы

сатыдағы өсімдіктердің арғы тегі .Балдырлар (лат. Алгае) — төменгі сатыдағы су

өсімдіктері. Теңіз, көл, өзендерде, ағынсыз да жəне су қоймаларындарда өседі.

Балдырдың жасушалық құрылымы болмайды, бір жасушалы, колониялы, көп

жасушалы түрлері бар. Көп жасушалы өкілдерінің денесін таллом деп атайды. Жасуша

қабығы гемицеллюлозадан жəне пектинді заттардан тұрады. Жасушасы негізінен бір

ядролы. Цитоплазмасында митохондрия, диктиосома, рибосома, хромотофора сияқты

органоидтары жəне вакуолясы (бос қуысы) болады. Балдыр биохимикалық

қасиеттеріне жəне жасушалық құрылымына қарай 12 типке бөлінеді: көкжасыл Балдыр

(Цянопһyта), прохлорофитті Балдыр (Процһлоропһyта), қызыл Балдыр (Рһодопһyта),

жалтырауық Балдыр (Цһрyсопһyта), диатомды Балдыр (Діатомеае), криптофитті

Балдыр (Црyптопһyта), динофитті Балдыр (Дінопһyта), қоңыр Балдыр (Пһаеопһyта),

сарыжасыл Балдыр (Хантһопһyта), эвгленді Балдыр (Еұгленопһyта), жасыл Балдыр

(Цһлоропһyта), хара Балдыры (Цһаропһyта). Бұлардың 30 мыңға жуық түрі белгілі,




Қазақстанда 1 мыңнан астам түрі кездеседі.Балдырлар бүкіл əлемде таралады жəне əр

түрлі суда, құрлықта жəне топырақта жүретін биотоптарда кездеседі. Əр түрлі

экологиялық топтар бұл организмдер: 1) планктоникалық балдырлар; 2) нейстоникалық

балдырлар; 3) бентикалық балдырлар; 4) жердегі балдырлар; 5) топырақ балдырлары;

6) ыстық бұлақ балдырлары; 7) қар жəне мұз балдырлары; 8) тұзды су қоймаларының

балдырлары; 9) əктас субстратта болатын балдырлар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет