77. Тұқым. Құрылысы жəне қызметі. Дара жəне қос жарнақты тұқым


Өсімдіктер патшалығы. Жалпы сипаттамасы. Өсімдіктердің жануарлардан



Pdf көрінісі
бет12/19
Дата26.01.2022
өлшемі227,25 Kb.
#114799
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
Байланысты:
77-95-1

88.

Өсімдіктер патшалығы. Жалпы сипаттамасы. Өсімдіктердің жануарлардан

айырмашылығы.

Өсімдіктер (лат. Плантае)— тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі

(біріншісі - хайуандар). Құрлықтың барлық жерінде өседі, суда кездесетін түрлері де

бар.Өсімдіктердің 375 000-ға жуық түрі бар. Өсімдіктер тұқымтобының ең үлкені -

гүлдейтін немесе жабық тұқымды өсімдіктер. Олардың 250 000-нан астам түрі бар.

Өсімдіктер күн сəулесінің көмегімен (фотосинтез) өз қорегін табады. Саңырауқұлақтар

бұрын өсімдіктер қатарына жатқызылатын, алайда өз қорегін өндірмейтін

болғандықтан, қазір олар жеке класқа жіктелген. Олардың 100 000-ға жуық түрі бар.Тек

өсімдік жасушаларында болады. Хлоропласттар пішіні бойынша екі жағы дөңес

линзаға ұқсас жəне жасыл пигмент хлорофиллден тұрады; күн сəулесін сіңіріп, оның

көмегімен АТФ қатысында органикалық заттарды синтездеу қабілетіне

ие.Хромопласттар – өсімдік пигменттерінен (жасылдан басқа) тұратын пластидтер,

гүлдерге, жемістерге, сабақтар мен өсімдіктің басқа да бөліктеріне түс береді.

Лейкопласттар – түссіз пластидтер, жиі өсімдіктің боялмаған бөліктерінде – тамырда,




жуашықта жəне т.б. кездеседі. Оларда нəруыздар, майлар мен полисахаридтер

(крахмал) синтезделеді. Өсімдік жəне жануар жасушаларының құрылысы мен

химиялық құрамының принциптік ұқсастығы олардың шығу тегінің бір екендігін

көрсетеді, суда тіршілік ететін бір жасушалы ағзалардан болуы мүмкін. Жануарлар мен

өсімдіктер эволюция үрдісінде бір-бірінен едəуір алшақтады, олардың қоректену типі,

сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғану əдістері əр түрлі. Осының барлығы

да олардың жасушаларының құрылысына əсерін тигізді.Ұқсастықтары:1. Барлық тірі

ағзалар - өсімдіктер де, жануарлар да жасушалардан тұрады.2. Өсімдіктердің де,

жануарлардың да жасушалары үш бөліктен: қабықша, ядро мен цитоплазмадан

тұрады. 3. Ұсақ жасушаішілік құрылымдар - органиодтер деп аталады. Олар белгілі бір

құрылысқа ие жəне түрлі қызмет қызмет атқарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет