77. Тұқым. Құрылысы жəне қызметі. Дара жəне қос жарнақты тұқым


Аскомицеттер класы. Жалпы сипаттамасы. Қалта мен ілгіктің қалыптасуы



Pdf көрінісі
бет8/19
Дата26.01.2022
өлшемі227,25 Kb.
#114799
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Байланысты:
77-95-1

84.

Аскомицеттер класы. Жалпы сипаттамасы. Қалта мен ілгіктің қалыптасуы.

Жемісті дене мен қалта типтері. Сапрофитті жəне паразитті аскомицеттер. Ашу.

Гемиаскомицеттер, эуаскомицеттер класс тармағы, экологиялық топтары.

Қалталы саңырауқұлақтар – Ascomycetes класы. Аскомицеттердің мицелийлері

тармақталған, жақсы жетілген, гаплоидты, көп клеткалы, бір сирек көп ядролы.

Мицелийлері қалыпты жағдайда төсеміктің ішіне еніп жатады, ал оның үстінде спора

тасушы органдары түзіледі. Клетка қабықшамы хитин араласқан глюканды келеді.

Кейбір қарапайым құрылысты аскомицеттердің мицелийі болмайды. Вегетативтік

денесі бүршіктенетін бір клеткадан тұрады, клетка қабықшасында хитин болмай,

глюкан мен маннан болады. Клетка аралықтарында саңылаулары бар, олар арқылы

бір клеткадан екінші клеткаға ядро, цитоплазма жəне басқа органоидтар миграциясы

болуы мүмкін.Қалталы саңырауқұлақтардың басты ерекшелігі жыныс процесінің

нəтижесінде қалтаның түзілуінде. Оның ішінде қалыпты жағдайда 8 сирек 4,2

эндогендік əр түрлі формалы аскоспоралар түзіледі. Қарапайым қалталы

саңырауқұлақта қалта тікелей зиготадан түзілсе, күрделі құрылыстарында аскогон

гифаларының ұштарында дамиды.Аскомицеттерде жыныссыз көбею кең тараған, оның

себебі жынысты қалта құру процесі даму циклының аяғында, қолайсыз жағдайлар



туғанда болады. Жыныссыз көбею процесінің нəтижесінде түзілетін конидиялар

төсеміктің бетінде ұлпа, қатпар, нүкте, дақ жəне басқа пішінді болып келеді. Кейбір

аскомицеттерде қонидиялы спора құру жағдайы белгісіз, ал екінші біреулерінің даму

циклында басым болып келеді. Соған байланысты жыныс процесінің редукциясы

байқалады. Қалталы стадиясы сирек болады.Көпшілік күрделі құрылысты

аскомицеттерде жынысты көбеюі гаметангиогамия. Мұнда гаметаларға бөлінбеген

арнаулы ек гаметангиялардың қосылуы арқылы болады. Жыныс процесі əртүрлі, бір

топтың ішінде де əртүрлі жағдайда өтеді. Кейбір түрлерінде қалталы спора тасушы

органдар ретсіз шашылып жатса, ал көбісінде əртүрлі пішінді жемісті дене ішінде

белгілі бір ретпен орналасады.Қарапайым қалталы саңырауқұлақтарда жыныс процесі

зигомицеттерге ұқсас. Мұнда мицелийдің екі клеткасының ядролары қосылып зигота

түзеді. Ол тыныштық дəуіріне көшпей-ақ қосылған ядро редукциялы жолмен 3 рет

бөлініп, 8 гаплоидты ядро түзеді. Ядроның айналасындағы протоплазманың бір бөлімі

қатайып спора қабығына, ал зигота қабығы қалтаға айналады.Қалталы

саңырауқұлақтарда аскоспраның түзілуі зигомицеттердің спорангиоспораларының

түзілуі сияқты спорангия цитоплазмасының жыртылуы арқылы болмай, қалтадағы

цитоплазманың бір бөлімінің ядролар маңына жиналып қабыққа орануы арқылы

болады. Жалаңаш қалталыларда əрбір аскоспора жеке қоршалып жатса, жеміс

қалталыларда аскоспоралар алғашқы ортақ мембранамен оқшауланады. қалтада

аскоспора жұмсалмай қалған цитоплазма бөлімі – эпиплазмамен қоршалады.

Аскоспора пісуге жақындаған уақытта гликоген қантқа айналып, қалтадағы тургор

қысымын күшейтеді де, аскоспораны 1 мм-ден 10 см-ге, тіптен одан да артыққа

лақтырады.Көпшілік қалталы саңырауқұлақтардың жетілген қалталы кезеңі –

телеоморфамен бірге жетілмеген конидия кезеңі – анаморфа болады. Ал екінші

біреулерінде анаморфа стадиясы болмайды. Базидиялы саңырауқұлақтарда

телеоморфа кезеңі базидий түрінде болады.Қалта атқаратын қызметіне қарай

протуникатты, эутуникатты болып екіге бөлінеді. Протуникатты қалта жұқа

дифференцияланбаған, спора құрау мүшесі ғана болып есептеледі. Оның таралу

қызметін атқармайды. Эутуникатты қалта қалың, арнаулы бейімделген мүшесі арқылы

ашылады. Ол аскоспораның таралуына қызмет етеді. Эутуникатты қалта

қабықшасының құрылысна қарай унитуникатты, битуникатты болып бөлінеді.

Унитуникатты қалта жұқа бір қабаттан тұрады. Жоғарғы жағында əртүрлі құрылысты

ашылатын апикальды аппараты болады. Битуникатты қалта екі қабаттан ішкі икемді

созылғыш, сыртқы қатты қабаттардан тұрады. Спора піскен кезде сыртқы қабат

жоғарғы жағынан бұзылып, ішкі қабат тургор қысымының əсерінен созылып

аскоспораларды шашады.Көпшілік күрделі құрылысты қалталы саңырауқұлақтарда

арнаулы аналық жынысты мүшесі архикарп, аталық жыныс мүшесі антеридий дамиды.

Аналық жыныс мүшесі екі бөлімнен тұрады. Төменгі кеңейген шар тəрізді бөлімін

аскогон, жоғарғы цилиндр пішінді бөлімін – трихоген деп атайды.Аталық жыныс мүшесі

– антеридий цилиндр тəрізді клеткадан тұрады. ол аналық жыныс мүшесіне тақап

асылып өседі. Аталық, аналық жыныс мүшелері көп ядролы, жыныстық гаметаларға

бөлінбеген. Жыныс мүшелері піскен кезде антеридий трихогинаның ұшы арқылы

клетка ішілік затын аскогенге құяды. Жыныс ядролары бір-бірімен қосылмай

жұп-жұбымен жақындасып дикариондар түзеді. Карпогамия процесі бірден жүрмей

плазмогамия процесі жүреді. Аскогоннан қап пішінді тармақталған өсінділер одан

аскогон гифалары өседі. Бір-бірімен жақындасқан əр жынысқа жататын дикариондар

аскогондік гифаларға өтеді де, синхронды жолмен бөлінеді. Осы уақытта аскогон

гифасының ұшы төмен ілгек сияқты иіледі де екі жерден перде пайда болады.




Синхронды бөлінудің нəтижесінде пайда болған 4 ядроның екеуі аскогон гифасының

төменгі – базальды жағында қалады. Ілгек базальды клеткаға қарай өсіп дикарион

ядролары қалпына келеді. Аскогонның жоғарғы жағында дикарион клеткасы ұзарып

өседі де, ядролар қосылып диплоидты ядро түзеді. Диплоидты ядро редукциялы

жолмен үш рет бөлініп 8 ядро береді, оның əрқайсысының маңына цитоплазма

топталып, одан 8 аскоспора түзіледі. Зигота қабығы қалтаға айналады. Күрделі

құрылысты қалталы саңырауқұлақтардың даму циклында ұзақ гаплоидты, аз уақыт

болатын дикарионды жəне өте қысқа диплоидты кезеңі болады. Аскомицеттердің

ішінде гомоталды жəне гетероталды мицелий түрлері бар. Жыныс мүшесі дамыған

мицелийлердің бір бөлімі, оның айналасына тоқылып жеміс денесінің тінін түзеді. Одан

пішіні əртүрлі жеміс денесі мицелийдің үстінде немесе строма деп аталатын

тығыздалып өрімделген гифалардың ішінде дамиды. Аскомицеттерді жемісті денесінің

құрылысына қарай негізінен 4-ке бөлуге болады:1) клейстотеций – тұйықталған жемісті

дене, оның ішінде қалта ретсіз, ал күрделі құрылыстарында белгілі бір ретпен

орналасады. қалта жемісті дененің жыртылуы арқылы сыртқа босап шығады;2)

перитеций – құмыра пішінді, жоғарғы жағында тар тесігі бар жартылай тұйықталған

жемісті дене. қалта топталып жеміс денесінің түбіне орналасады. Спора піскен кезде

жеміс денесінің түбінен қалта көтеріліп құмыраның мойнына келіп ашылып,

аскоспораларын шашады.Бос қалта жеміс денесінің түбіне түседі де, оның орнын

келесі қалта басады;3) Апотеций – ашық, табақша пішінді жемісті дене. Қалта, оның

үстінде гимений деп аталатын қабатта жеміссіз жіпше парафиздермен кезектесіп

орналасады;4) Жалған жемісті дене (псевдотеций – аскострома) ұрықтанудан кейін

локула деп аталатын қуыстарда пайда болады. Мұндай жемісті дене жетілген кезде

перитецийге ұқсас, алғашқы уақытта строма сияқты қалыптасады. Бірақ аскогон

гифаларының ұлғаюы нəтижесінде строма тінін бұзып ығыстырады да қуыстар түзіледі.

Осы қуыстарда қалталар мен аскоспоралар дамиды. Перитецийден айырмашылығы

перидий қабаты болмайды, оның қызметін строманың плектенхимасы атқарады.

Бұлардан басқа: гистеротеций – ұзын келген жемісті дене жетілген уақытта жарғышақ

арқылы ашылады; тириотеций радиальды құрылысты, қалқан пішінді жемісті дене, түп

жағында тесігі болады. Протеций қарапайым қалталы саңырауқұлақтарға тəн

(Gymnoascus reessii). Бұларда жемісті дене болмай, қалта мицелийлердің арасында

топталып жатады, перитеций қабығы болмайды.Клейстотеций, перитеций, апотеций

нағыз жемісті денелер. Жеміс денелердің қабығы перидий ұрықтанғаннан кейін қалта

мен аскогон гифаларымен қатар дамиды.Аскомицеттердің көбі өсімдік қалдықтарында,

топырақта, тағамдарда сапрофитті тіршілік етеді. Біраз түрлері өсімідктердің, адам мен

жануарлардың паразиттері. аскомицеттердің көпшілігі вегетативтік сатысында өсімдікте

паразиттік тіршілік етіп конидиялар арқылы көбейсе, иесі тіршілігін жойғаннан кейін,

оның шіріндісінде сапрофитті тіршілік етуге көшеді де, көктемде одан жынысты

көбеюдің ақырғы сатысы қалталы аскоспора дамиды.Қалталы саңырауқұлақтарға

500-дей түр жатады, оны жеміс денелерінің бар-жоғына, қалтаның құрылысына жəне

стромалардың даму ерекшеліктеріне қарай жалаңаш қалталылар –

Hemiascomycetidae, жеміс қалталылар – Euascomycetidae, локулоаскомицеттер –

Loculoascomytidae деп үш клас тармағына бөледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет