77. Тұқым. Құрылысы жəне қызметі. Дара жəне қос жарнақты тұқым


Дробянкалар патшалығына жалпы сипаттама, шығу тегі, құрылысы



Pdf көрінісі
бет4/19
Дата26.01.2022
өлшемі227,25 Kb.
#114799
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
77-95-1

80.

Дробянкалар патшалығына жалпы сипаттама, шығу тегі, құрылысы,

көбеюі, биосферадағы мəні. Бактерияларға жалпы сипаттама, пішіндері,

ерекшелігі, көбеюі, таралуы. Цианобактериялар (көк-жасыл балдырлар) бөлімі.

Дробянкалар өз атын көбеюіне байланысты алынған. Жасушаларының жəй екіге

бөлінуі, ядролық аппарытының бөлінуімен аяқталады. Дробянкаларға жататын

организмдердың мембранамен қоршалған ядросы болмайды. ДНК-сы шеңбердің

ішінде жататын жалғыз ғана жіпше түзеді. Жасуша бөлінбес бұрын созылып

жіңішкереді, содан соң біртіндеп теңдей екі бөлікке бөлінеді. Олпрда пластидтерде,

митохондрияда болмайды.Жасуша қабықшасының негізін гликопептид муреин түзеді.

Дробянкалардың талшықтары болмайды, бола қалғанның өзінде олардың құрылысы

қарапайым болып келеді. Бактериялардың жіктелуін бір ізге келтірген ғалымдар

Н.А.Красильников(1949-1974), Д.И.Никитин(1979) болды. Қазақстанда бактерияларды

зерттеумен айналысқан ғалым академик А.Н.Илялетдинов(2001).Бактерия( грекше

«бактерион»- таяқша)- біржасушалы ағза. Бактериялардың пішіндері таяқша, шар,

оралма тəрізді болады. Оның əрбір жасушасы қабықша мен цитоплазмадан ,

оқшауланбаған ядро затынан тұрады. Оқшауланған ядросы болмағанымен

цитоплазмада ядролық зат шашыранды түрде орналасады. Жасушаның өте тығыз көп

қабатты қабықшасы болады. Ол қорғаныш, тірек қызметін атқарып, бактерияның пішінін

қалыптастырады. Цитоплазманың құрамында нəруыз жəне май заттары бар.

Бактериялар негізінен түссіз, тек кейбіреулерінде ғана аздап бояғыш заттар кездеседі.

Бактериялардың талшықты тобы болады. Олар өте тез қозғалады. Ылғалды ортамен

+10 +40 С температура аралығында жақсы дамиды жəне қолайсыз жағдайда ұзақ

шыдай алады.Тіршілігіне қолайсыз жағдайлар туса (мысалы қорек, ылғал жеткіліксіз

болса, температура күрт төмендеп немесе көтерілып кетсе), бактериялар спора түзеді.

Спора(грекше «спорос»- сеппе ,екпе)- тығыз қабықпен қапталған ерекше жасуша.

Спора күйінде бактерия қоректенбейді жəне қозғалмалы , тыныштық күйде сақтала

береді. Өйткені споралары қорғаныштық қызмет атқарып, бактерияларды сыртқы орта

жағдайларына(қатты суық, құрғақшылық, суға қайнату жəне т.б) өте төзімді етеді. Ол

топырақта 20-30 жылға дейін тіршілік ете алады. Қатты соққан желдің əсерінен

споралар алыс жерлерге таралады. Қолайлы жерге түссе, қоректеніп бактерияға

айналады. Осылай спораларға айналу арқылы бактериялар өз тіршілігін

сақтайды.Бірақ бактерия спораларының көбеюге ешқандай қатысы жоқ. Бактериялар

барлық жерде: ауада, суда, топырақта, өлі денелермен тірі ағзаларда кездеседі. Суық

болса да Арктика, Антрактида, қте ыстық Сахара шөлінде де 80 С ыстық қайнарларда

да, жер асты суларында да кездеседі.Басқа ағзалар сияқты бактериялар да

айналадағы сыртқы ортадан қоректік заттарды сіңіру арқылы қоректенеді. Жасушасына

енген қоректік заттардың бір бөлігі цитоплазманың құрамына енеді. Екінші бөлігі

энергиялы қор заттарын құрайды.Жасушасында хлорофилі болмағандықтан

бактериялардың көпшілігі дайын ағзалық заттармен қоректенеді. Табиғатта

бактерияларға қорек болмайтын зат жоқ десе де болады. Олар: асфальт, мұнай, ағаш,

пластмасса жəне т.б заттармен де қоректене береді. Тек аз ғана түрлері бейағзалық



заттардан ағзалық зат түзеді. Бактерияларды қоректенуіне қарай сапрофиттер жəне

паразиттер деп екі топқа бөледі. Көптеген бактериялар жануарлардың өлекселері мен

өсімдіктердің қалдықтарында мекендейді.Өлі ағзалардың денесінде тіршілік ететіндер-

сапрофиттер. Сапрофит(грекше «сапрос»- шіріген, «фитон»- өсімдік). Адамның,

жануарлардың, өсімдікктердің денесінде мекендеген, тірі ағзаның жасушаларынан

ағзалық заттарды сорып қоректенетін бактериялар паразиттер(грекше «параситос»-

басқаның есебінен қоректену) деп аталады.Барлық тірі ағзаларр сияқты бактерияларда

тыныс алады. Көптеген бактериялардың тыныс алуы жасыл өсімдіктерге өте ұқсас.

Тыныс алу кезінде ауадан оттегін сіңіреді де, көмірқышқыл газы мен химиялық

энергияны бөліп шығарады. Табиғатта мұндай бактериялар топырақтың, судың,

азықтардың үстіңгі қабықтарында тіршілік етеді. Қолайлы жағдайда(ауа,су, қорек

жеткілікті болғанда) бактериялар балғу арқылы көбейеді. Мұндайда бір жасуша екіге

бөлінеді. Пайда болған жас жасуша əрбір 20 минут сайын бөлініп отырады. Қанша

жылдам бөлінгенімен, олардың қолайсыз жағдайға кездескендері тіршілігін тез

жояды.Əйгілі адамдар мен ғалымдар деректері микробиология ғылымын дамытуға

үлес қосты. Солардың нəтижесінде бактериялардың пішіні, құрылымы жəне тіршілік

əрекеті едəуір толық зерттелді. Қоректенуіне қарай сапрофиттер жəне паразиттер

тобына бөлінеді. Қолайсыз жағдайда спора түзіп қорғанады. Бөліну арқылы

көбейді.Бактериялар орасан көп мөлшерде кең таралған. Ірі қалалардың 1 м2

ауасында 10-15 мың, ал сапалы сүтте 500 мыңға дейін актериялар болады.

Антрактиканың 1г мұзынан 100-ге деəін бактерия табылған. Жыртуға арналған жердің

1г топырағында 1 миллиардтан 20 миллиардқа дейін микроағзалар болады.

Бактериялардың көпшілігі 0С-де өмір сүруін тоқтатады, бірақ тіршілігін жоймайды.

Цианобактериялар(көк- жасыл балдырлар).2 мың түрге жуық 54 бактериялар тіршілік

етеді. Бұл үш млрд жыл бұрын пайда болған өте көне организмдер, клеткалардың

пішіні доғал, цилиндр, таяқша тəрізді. Цианобактериялар біржасушалы болуы мүмкін

немесе көпжасушалы жіпше құрайды. Клетканың жарғақшасы целлюлоза, нуклеин

жəне пектин затттарынан тұрады. Сыртынан клеткалар тығыз қапшық тəрізді

сілемеймен қапталған. Барлық прокариоттар сияқты оларда ядро болмайды.

Цианобактериялар клеткаларының түсі əр түрлі – көк жасылдан күлгін, қызыл, қараға

дейін, мұндай спектр ерекше пигменттер жинағымен анықталады. Олар- хлорофилдер,

ксантофилдер жəне фикобилиндер. Цианобактериялар жасушаның екіге бөліну

арқылы көбейеді. Тіршілік ету ерекшелігі фотосинтезбен атмосфералық азотты

азотфиксациялау қабілеті болып табылады. Көне дəуірде Архей заманында

атмосферасы оттегімен цианобактериялардың фотосинтезі қызметінің арасында

байыған цианобактериялардың негізгі бөлігі тұщы суларда, ал кейбір аздау түрлері

теңіздерде мекен етеді. Шалшық сулардың қарқынды гүлдеуі цианобактериялардың

көбеюімен байланысты. Азотфиксациялайтын цианобактериялар ауа азотын меңгеріп

оны басқа организмдер пайдалана алатын қолайлы қосылыстарға айналдырады.

Цианобактериялардың маңызы: зат жəне энергия айналымында үлкен рөл атқарады





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет