82.
Саңырауқұлақтар бөлімі. Оомицеттер класы. Жалпы сипаттамасы,
вегетативті денесінің құрылысы, таралуы, негізгі өкілдері, паразитті оомицеттер,
олармен күресу шаралары.
Оомицеттер – Oomycetes класы
Бұл класс көлденең перделерге бөлінбеген, көп ядролы мицелийлерінің болуымен
сипатталады. Кейбіреулерінде вегетативтік денесі плазмодий түрінде болады.
Гифаларының қабығы целлюлозалы жəне глюканды келеді, хитиндер болмайды.
Басым көпшілігі сулы ортада, өсімдіктердің қалдығында, жануарлардың өлексесінде
сапрофитті жəне балдырларда, су саңырауқұлақтарында, омыртқасыздарда,
қосмекенділерде, балықтарда паразитті тіршілік етеді. Екі талшықты зооспора арқылы
жыныссыз көбейеді. Зооспора талшығының бірі қауырсынды, екіншісі жай құрылысты.
Оомицеттер класында эволюция судан құрлыққа қарай тіршілік етуге көшуіне
байланысты біртіндеп конидиялар арқылы жыныссыз көбеюге ауыса бастағандығы
байқалады.Оомицеттер оогамиялы жолмен жынысты көбейеді, оогониінде көп
жұмыртқа клетка, антеридийде көптеген ядро түзіледі. Ұрықтанудың нəтижесінде
түзілетін ооспора оогонийдің ішінде бос жатады жəне қалың қоңыр қабығы болады.
Оомицеттер вегетатитвік күйінде гаплоидты, зиготасы ғана – диплоидты, зигота өсер
алдында редукциялы жолмен бөлінеді. Бұл класқа 150-дей (550) түр жатады. Оларды 4
қатарға (Lagenidiales, Leptimitales, Saprolegniales, Peronosporales)
бөледі.Лагендиялықтар – Lagenidiales қатарына вегетативтік денесі қарапайым
түрлерінде хитриомицеттердікі сияқты бір клеткалы, күрделі құрылысты түрлерінде
жақсы жетілген жіптесінді келеді, жетілген уақытта көп ядролы бөліктерге бөлінеді.
Жыныссыз көбеюі екі талшықты зооспора, жынысты көбеюі холомагия, күрделілерінде
оогамия. Өкілі Olpidiopsis saprolegniae сапролегнияда, ал Lagenidium giganteum
масаның балақұртында (личинка), бір жəне көп клеткалы жасыл балдырларда, Langena
radicicola астық тұқымдасының тамырларында жəне жабайы өсімдіктерде паразитті
тіршілік етеді.Лептомиталықтар – Leptimitales қатарына нашар жетілген мицелийлері
бар организмдер жатады. Мицелийлері жіңішке тармақталған жіптесінді пішінді,
олардың жалған перделері болады. Оның мицелийлері өрімделіп ақ ұлпа сияқты
үлпілдек келеді. Мицелийінен ұзын цилиндр пішінді зооспорангия түзіледі.
Зооспоралары диморфты жəне дипланетті. өкілі Leptomitus lacteus өсімдік қалдығында,
лас суда тіршілік етеді. Жынысты көбеюі белгісіз.
Достарыңызбен бөлісу: |