1. Бастауыш мектептегі критериалды бағалау жүйесін зерделеу үшін шетелдердегі тәжірибелерімен «Салыстырмалы кесте» арқылы талдау жасаңыз.
Ерекшеліктері Мемлекеттер
Бағалау жүйесінің ерекшелігі
Қазақстан Республикасындағы бағалау жүйесінің ерекшеліктері
Ой-тұжырымыңыз
Финляндия
Елде 10 балдық жүйе қалыптасқан, бірақ 7 сыныпқа дейін «үздік, жақсы, қанағаттанарлық» деген бағалар қолданылады. 1-3 сынып аралығында бағалау мүлдем болмайды. Барлық мектептер «Wilma» электронды жүйесіне қосылған.
Ата-аналар электронды күнделіктен барлығын бақылай алады. Мұғалімдер, психолог, социолог, медициналық қызметкер – барлығы мәлімет қалдырып отырады. Баға ешқандай рөл атқармайды. Тек оқушыларға мотивация ретінде қолданылады.
Елде критериалды бағалау жүйесі қолданғанға дейін 5 балдық жүйе қолданылып келді.
Қазіргі кезде бағалау жүйесі қалыптастырушы және жиынтық бағалау болып қолданылды
Қалыптастырушы бағалау күнделікті жүзеге ауызша және жазбаша коментарий мадақтау ретінде қолданылса, жиынтық бағалау бөлім/ортақ тақырыптар бойынша, тоқсандық, жиынтық бағалау болып жүзеге асырылады
Барлық мектептер «kundelik.kz» электронды жүйесіне қосылған. Ата-аналар электронды күнделіктен барлығын бақылай алады.
Финляндияда баға ешқандай рөл атқармай, тек мотивация ретінде қолданылса, біздіңм елімізде әлі де бағалау жүйесі әділ емес екені байқалады. Мұғалімдер, психолог, социолог, медициналық қызметкер – барлығы мәлімет қалдырып отыратыны біздің елімізде әлі жүйеге біріктірілмеді
Сингапур
Сингапур оқушылары 9 баллдық жүйемен бағаланады. А1/А2 өте жақсы, B3/B4 жақсы, C5/C6 қанағаттанарлық, D7 нашар, E8/F9 өте нашар деген бағалармен бағаланады.
Оқушылар өз ыңғайларына қарай тапсыратын емтихандарын таңдап алады, ауызша не жазбаша, тест сынақтары, т.с.с. Тілді білу дәрежесіне қарай арнайы сабақтар да өткізіліп тұрады.
Біздің елде 5 балдық бағалау жүзеге асырылады.Ол жарайсың, жақсы, орташа, талпын сөздерін алмастырады.
Оқушылар өз ыңғайларына қарай емтихан тапсыру мүмкіндіктері жоқ, олар мемлекеттік тест немесе емтихан тапсырып білім деңгейін анықтай алады.
Біздің елде балалардың білім деңгейін тек тест немесе емтихан тапсырудан аошақтатуымыз керек деп ойлаймын.Себебі бұл балалрдың алған білімін өмірде қолдануын кедергі жасайды.
Ұлыбритания
Оқушылары 10 баллдық жүйемен бағаланады
5 балдық бағалау жүйесі
Балалардың білім деңгейін анықтайтын негізгі факторлар айқындалмады
Жапония
Жапон елінде 9 жылдық білім беру ақысыз, білім беру құрылымы 6+3+3 (6 жылдық бастауыш мектеп - чугакко, 3 жылдық кіші орта мектеп – чугако, 3 – жылдық жоғары орта мектеп – като-гакко). Бастауыш сыныптарда негізгі сабақтар жапон тілі, арифметика, қалған сабақтар – жаратылыстану, қоғамтану, музыка, этика, дене тәрбиесі, өнер, қолөнер өтіледі. Кіші орта мектепке – емтихансыз, жоғары орта мектепке емтихан тапсырып түсе алады. Білімді тексеру тәсілі – жазбаша тест. Бастауыш және орта мектепте 5 дәрежелі шкала бағасы қолданылады: S (өте жақсы), А (жақсы), В (қанағаттанарлық), С (нашар), D (өте нашар).
Елімізде 12 жылдық білім беру жүйесі жүзеге асады.
Кіші орта мектепке – емтихансыз, жоғары орта мектепке емтихан тапсырып түсе алатыны ұнады.Себебі баланың бастапқы алған білімі кейінгі сыныптарда қандай екенін анықтауға болады.