Күндізгі емен көбелегі Махаон көбелегі және
және оның жұлдызқұрты оның жұлдызқұрты
Түйін: Көптеген бунақденелілер жұмыртқадан жаратылса, көбелектердің дернәсілі – жұлдызқұрт. Өзінен көбелек шығатын жұлдызқұрт көбелекке мүлде ұқсамайды. Көбелек жұлдызқұрты жапырақтармен қоректенеді.
Пәні: Ана тілі (қосымша 2)
Тақырыбы: «Малдың төлін сүюі»
Мақсаты: 1.Жануарлардың төлдеріне деген махаббатын оқушыға ұғындыру.
Адам мен баласының арасындағы сүйіспеншілікті салыстыра білу.
2. Мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіре отырып, сөйлеу қорларын
кеңейту. Зерттеу, жобалау жұмыстарына бағыт беру.
3.Ата-ананы сыйлауға, құрметтеуге баулу.
Зерттеу сұрақтары:
1. Түйе, бота, нар туралы білгім келеді?
2. Жылқылар туралы білгім келеді?
3. Сиыр мен бұзау туралы не білесіңдер?
4. Қой мен ешкіні неге бірге қосады?
1 – топ: «Түйе»
2 – топ: «Жылқы»
3 – топ: «Сиыр»
4 – топ: «Қой»
5 – топ: «Ешкі»
ІІІ. Берілген тапсырмалар бойынша көрсетілмдер шеруі
1 – топ Тақырыбы: «Түйе»
Ақпарат жинақтау: Топ мүшелері
Өнімі: А4 форматты буклет
Қорғау: Муслимов Алтынбек
2 – топ Тақырыбы: «Жылқы»
Ақпарат жинақтау: Топ мүшелері
Өнімі: А4 форматты буклет
Қорғау:Төреш Бекзат
3 – топ Тақырыбы: «Сиыр»
Ақпарат жинақтау: Топ мүшелері
Өнімі: Реферат
Қорғау: Хабибуллин Аманат
4 – топ Тақырыбы: «Қой»
Ақпарат жинақтау: Топ мүшелері
Өнімі: А4 форматты буклет
Қорғау: Бейімбетұлы Бекзат
5 – топ Тақырыбы: «Ешкі»
Ақпарат жинақтау: Топ мүшелері
Өнімі: А4 форматты буклет
Қорғау: Қыдырбекова Аяжан
Ашық тәрбие сағаты (қосымша 3) Тақырыбы: «Жаса, жайна, ару Астана!»
Мақсаты: Қазақ елінің кіндік қаласы Астана туралы толдық ақпарат жинап, мағлұмат алу. Оқушыларды жобалау, зерттеу жұмыстарына үйрету.
Бас қаламыз Астананың болашағын жалғастыратын, қазақ халқының адал, адамгершіл ұрпағын тәрбиелеу. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, елін, жерін сүюге баулу.
Әдісі: жобалық оқыту
Негізгі зерттеу сұрақтары:
Ежелгі Сарыарқа туралы не білеміз?
Ақмола қаласының Астана аталуы қалай болды?
Астанада қазір қандай өзгерістер жүріп жатыр?
Елордамызға көркем келбет беріп тұрған жаңа ғимараттарымыз қандай екен?
Жоба барысында нені білгім келеді? (оқушы көкейіндегі сұрақтар)
Астанадағы жаңа ғимараттар туралы білгім келеді?
Бұрынғы Ақмола қандай болды?
Қаланың атаулары қай жылдары, қалай өзгерді?
Алғашқы кездегі тұрғындары және білім ордалары туралы білгім келеді.
3. Презентациялар шеруі
1 – топ: «Ежелгі Сарыарқа, астықты алқап»
Ақпарат, мәлімет жинау: топ мүшелері
Өнімі: мультимедиялық презентация Қорғау: Саягүл Әбдірешова
2 – топ: «Жылдардан қалған естелік» (жылдар хрониасына шолу)
Ақпарат, мәлімет жинау: топ мүшелері
Өнімі: мультимедиялық презентация
Қорғау: Арайлым Маратова
3 – топ: «Көрікті Астананың көркем келбеті» (Астанадағы бой көтерген жаңа ғимараттарр туралы)
Ақпарат, мәлімет жинау: топ мүшелері
Өнімі: мультимедиялық презентация
Қорғау: Мерей Болатұлы, Мерей Құрманғазы, Ақөзен Бекежанова, Саяжан
Сабитова, Нұрқуат Мұсаев
(Қорғалған барлық ғимараттардың ішкі – сыртқы фотосуреттері көрсетілді)
Сонымен, оқушыларға дайын өнімді қабылдайтын ғана емес, өз бетімен ізденетін, дербес іс-әрекет жасай алатын тұлға ретінде қарау – жобалау технологиясының негізі. Оқушының зерттеу және жобалау мүмкіндіктерін бағалай келіп, баламен жұмыс барысында жобалау әдістері мен зерттеушілік оқыту әрекеттерінің пайдасын түсіне білу. Жобалаумен қатар зерттеушілік жұмыстар да атқарылады. Зерттеу жұмыстарының барлық кезеңдерінде негізгі күтілетін нәтиже – баланың жаңадан алған білімін игеру қабілетін, алған материалды талдау, өңдеу және зерттеу әдісінің дағдыларын дамыту.
2 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ ЖОБАЛАУ ІС-ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕЛІК ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫС МАЗМҰНЫ