Эксперимент және тәжірибе әдісінің ерекшеліктері Тәжірибе-эксперименталдық сипаттағы курс жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс бойынша эксперимент жұмысын жүргізудің ерекшеліктері, әдіс-тәсілдері. Курс жұмысының экспериментальдық бөлігі. Эксперимент – деректерді талдауға негізделген зерттеу жұмысының гипотезасын тексеру.
Эксперментке дайындық, ұйымдастыруға (сыналушыларды іріктеу; сыналушылардың саны, оларға жасы, жынысы және басқа белгілері бойынша мінездеме беру) және өткізуге сипаттама беру. Курс жұмысының экспериментальдық бөлігінің құрылымы (мәселені, зерттеудің мақсаты), міндеттерін және гипотезасын белгілеу; зерттеу жұмысын ұйымдастыру.
Экспериментальдық материалдар (мәтіндер, сөз, топшамалар, суреттер т.б). эксперимент процедурасы: барысы, кезеңдері, күні, ұзақтығы, сыналушылардан талап етілген іс-әрекет түрлері. Эксперименттің нәтижелері және оларды талқылау. Қорытынды. Ұсыныстар. бөлім. Курс жұмыстарын безендіруге қойылатын талаптар, тақырып. Курс жұмысындағы әдебиеттерді безендіруге қойылатын талаптар. Теориялық әдістер (модельдеу, жинақтау, бағалау, біріктіру, ұқсату, топтау).
Эксперимент әдісі. Егер бақылауда зерттеуші өзін қызықтыратын психикалық үрдістердің байқалуын бейжай күтетін болса, ал экспериментте зерттеуші өзіне қажетті жағдайда жасайды. Сөйте отырып, экспериментатор оларды тұрақты қамти алады. Басқа зерттеушілермен бірдей жағдайда зерттеуді қайталай отырып, экспериментатор зерттеушінің әрқайсысының үрдістерінің дара ерекшеліктерін анықтай алады. Экспериментатор өзінің жағдайына қарай тәжірибені жүргізу шартын өзгерте алады. Бұл эксперименттің негізгі артықшылығы, сонымен қатар ол оқу-тәрбие үрдісінде тәсілдерді табуға мүмкіндік береді.
Эксперименттің барысында арнаулы құралдар мен аппараттардың көмегімен психикалық үрдістер өзгерістерінің уақытын дәл көрсетуге болады, мәселен, жауап беру (реакция), оқу, еңбек, дағдылардың қалыптасу жылдамдығы. Психологиялық зерттеулерде негізінен екі түрлі эксперимент қолданылады. Олар зертханалық (лабораториялық) және табиғи деп аталады. Зертханалық эксперимент арнайы ұйымдастырылып, құралдар мен аспаптарды қолдану арқылы жүргізіледі. Зертханалық эксперимент адамның психикалық ерекшеліктерінің физиологиялық тетігін зерттеуде ерекше. Бұл әдіс жекелеген таным үрдістері мен психикалық қалыпты тиімді зерттеу үшін қолданылады, ең алдымен, түйсіктер, қабылдау, ес, зейін зерттеледі.
Ғылыми білімнің саралануы мен дамуында тәжірибелік әдіс жетекші рөл алатындығы дәлелденді. ХІХ ғасырдың екінші жартысында психология өз алдына жеке ғылым ретінде философиядан бөлініп шығуы оның эксперименттік ғылым болуынан туындаған үрдіс еді. Лабораториялық эксперименттің нәтижелілігі мына төмендегі жағдайлардан пайда болады.
Байқалатын объект жөнінде экспериментатордың күн ілгері болжамы (гипотеза)
болуы тиіс.
Тәжірибені күн ілгері белгіленген жоспар бойынша арнаулы методикаға (әдістеме)
сай, сондай-ақ тәжірибені өткізу үшін жағдайын (тиісті құжаттар) дайындау.
Зерттеуші зерттейтін құбылысты өзі табады және оған белсенді әрекет жасайды.
Эксперимент жүргізуші кейде зерттеліп жатқан құбылыстарды коррекциялау;
Эксперименттің нәтижесін қайтадан қарастыруға мүмкіндік туғызу.
Эксперимент нәтижелері сандық және сапалық өңдеуге, математикалық есептеулерге ерекше мән беру т.б. Табиғи эксперименттің зертханалық эксперименттен өзгешелігі адамның күнделікті іс-әрекетінің мазмұны сақталады, зерттелетін құбылысты міндетті түрде іске асыруға жағдайлар жасалады. Сонымен қатар табиғи экспериментте байқау әдісінің және эксперименттің жағымды сапалары араласып келеді: біріншінің табиғилығы, екіншісінің белсенділігі. Байқау мен эксперименттің аралық түрі болып есептелетін эксперимент табиғи эксперимент әдісі болып табылады. Табиғи эксперименттің негізін салған орыс ғалымы – А.Ф.Лазурский (1910). Оның негізгі мақсаты – зерттеудің эксперименттік сипатын болмыстық жағдайлармен ұштастыру.