Сабақтың мақсаты: Оқушылардың зат есімнен алған білімдерін пысықтау. Теориялық білімдерін практикамен ұштастыру



Дата26.08.2017
өлшемі6,64 Kb.
#28893
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы:

  • Дайындаған: Есенеева Қаракөз Тұрағалқызы
  • Қазақ тілі және әдебиет пәнің мұғалімі

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушылардың зат есімнен алған білімдерін пысықтау. Теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.
  • Оқушыларды сөз асылын қадірлеп, тілін құрметтеуге тәрбиелеу
  • Оқушыларды іздемпаздыққа , шапшаңдылыққа, сауаттылыққа баулу.

Сабақ әдісі. Практикалық, саралау, талдау.

  • Сабақ әдісі. Практикалық, саралау, талдау.
  • Сабақ түрі: Білік пен дағдыны қалыптастыру
  • Сабақ барысы:
  • I Ұйымдастыру бөлімі
  • II Үй тапсырмасын сұрау
  • III Қайталау сабағы

“Топтастыру әдісі”

  • Зат есім
  • Кім ? Не?
  • Сөз табы
  • Заттың атын білдіреді
  • Деректі,дерексіз
  • Дара, күрделі
  • Жалпы, жалқы
  • Негізгі ,
  • туынды
  • Түрленеді

Пысықтау сұрақтары:

  • Зат есім дегеніміз не?
  • Зат есімнің түрлерін ата?
  • Негізгі зат есім, туынды зат есім
  • дегеніміз не?
  • Дара және күрделі зат есім дегеніміз не?
  • Деректі, дерексіз зат есімдер?
  • Зат есімдер қалай түрленеді?

Зат есімнің сөйлемдегі қызметі

  • Зат есім сөйлемде атау септігінде тұрып бастауыш болады.
  • Зат есім ілік септігінде тұрып , анықтауыш болады.
  • Зат есім атау мен ілік септіктен басқа септікте тұрып, толықтауыш болады.
  • Зат есім барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде келіп немесе көмекші есіммен септеулік шылаумен тіркесіп пысықтауыш болады.
  • Зат есімдер жіктеліп келіп немесе атау септігінде тұрып сөйлемде баяндауыш болады.

Шығармашылық деңгей

Практикалық бөлім

  • Сөз құрамына талдаудың үлгісі.
  • Адамгершілік - зат есім , не? Дерексіз, жалпы, дара, туынды.
  • Адам- түбірі, -гер, - шілік жұрнақ.
  • Осы үлгімен сабақ барысында зат есімдерге талдау жасау.

Сабақты бекіту:

  • Зат есім
  • Заттың
  • Ұғымның
  • Құбылыстың
  • Кім?
  • Не?
  • Кімдер?
  • Нелер?
  • Сөз
  • табы.

“Зат есім ” тақырыбы бойынша тест сұрақтары

  • 1. Дара зат есімді көрсетіңіз.
  • А/ тұрған В/ оқу С/ тасбақа Д/ қиял Е/ ата-ана
  • 2. Күрделі зат есімді табыңыз .
  • А/ Зейін В/ Білгіш С/ Бос Д/ Самғау Е/ Әдет - ғұрып
  • 3. Жалпы есімді белгілеңіз.
  • А/ “Абай жолы” В/ Құлагер С/ Балқаш Д/ “Жас Алаш” Е/ Тау
  • 4. Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақтарды табыңыз.
  • А/ -лық,- дық В/ -жан,- ерке С/ -ғы,-гі Д/ -ым,- ім Е/ - к, -ік
  • 5. Деректі зат есімді анықтаңыз.
  • А/ тас В/ шабуыл С/ дәулет Д/ азап Е/ ар- ұят

  • Үйге тапсырма беру.
  • Зат есім бойынша өткендерді қайталап, тест құрап келу.
  • Білімдерін бағалау.
  • - Сабақ аяқталды.
  • - Сау болыңыздар.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет