Сабақтың тақырыбы: «Алтын сандық»



Дата15.01.2020
өлшемі107,5 Kb.
#55885
түріСабақ
Байланысты:
квест

Сабақ  жоспары

Өтілетін күні: 26.09.2019ж.

Сыныбы: 11 сынып

Сабақтың  тақырыбы: «Алтын сандық» квест ойыны

Мақсаты:  Оқушыны жан-жақтылыққа, шапшаңдылыққа, шығармашылыққа, топпен жұмыс істеуге  тәрбиелеу.

Білімділік мақсаты:



    1. Оқушылардың  оқу  қабілеттерін, білім-білік, таным  ерекшеліктерін  арттыру.

    2. Білімдерін  тереңдету, қайталау, пысықтау.

    3. Оқушының өз жетістіктерін өздеріне талдатып, өзіндік бағалау әркеттерін ұйымдастыру.

    4. Жаңашылдық ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалана білу.

    5. Алған білімдерін кеңейтіп, қызығушылығын  арттыру.

Сабақ көрнекілігі: Дидактикалық материалдар, қосымша материалдар, көрнекілер.

Сабақ жабдығы: тақта, бор, компьютер, таратпалар.

Сабақ түрі: аралас сабақ, жарыс сабақ, сайыс сабақ.

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, ой туғызу, хабарлау.

Сабақ барысы:

І.  Ұйымдастыру  кезеңі.

а) Сабаққа қатысып отырған оқушыларды ұйымдастыру.

ә) Оқу-құралдарын түгелдеу, реттеу.

б) Олардың көңіл-күйіне, денсаулығына баса назар аудару.

Оқушыларды біліміне қарай бағалау.



Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме ұлағатты ұстаздар және бүгінгі ойынға қатысушы еліміздің патриот, жарқын болашағымыздың кепілі, дарын атына лайықты жас сайыскерлеріміз. Бүгінгі біздің «Алтын сандық» квест атты интеллектуалды сайысымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

Жас сайыскерлер бүгін сендердің бастарыңнан таңғажайып оқиға өткелі отыр. Мектебіміздің қабырғасында математикалық апталық өтіп жатқанда, ашық сабақты талқылау барысында мына отырған ұстаздар мен оқушылар келеңсіз жағдайдың салдарынан осы сыныпқа қамалып қалдық. Бізге келіп жеткен ақпараттар бойынша бөлменің кілті «Алтын сандықта» жасырылған. Жас сайыскерлер, сендердің міндеттерің осы отырған барлығымызды осы сыныптан шығаруға көмектесу. Ол үшін сіздер әртүрлі сынақтардан өтіп, жұмбақтарды шешіп және сол арқылы осы сыныптың кілтін тауып, барлығымыздың келесі сабаққа үлгеруімізге көмектесу. Сіздерге берілетін уақыт 40 мин.



Алдарыңызда көріп отырғандарыңыздай түрлі құрал-жабдықтар бар. Осы құралдардың көмегімен жұмбақтар берілген және сол жұмбақтарды шешу арқылы келесі жұмбаққа сілтеме беріледі. Сол арқылы келесі жұмбаққа көше аласыздар. Солай жалғасу арқылы сіздер есіктің кілтіне жолды да табасыздар. Ал ендеше сіздерге сәттілік тілейміз. Әрбір қадамдарыңызға, орналасқан саймандарға мұқият болыңыздар. Бірінші сұрақтарыңыз алдарыңызда. Ал бастаймыз!!!
Ойын барысында берілетін тапсырмалар мен сұрақтар:
1-тапсырма. Крассвордты шешіңіз. Ерекшеленген сөз келесі тапсырманы орындауға көмектеседі!

  1. Бұрышқа іргелес жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы.

  2. Келтірілген квадрат теңдеуді шешуді ұсынған француз математигі.

  3. формуласымен берілген нүкте арқылы өтетін түзудің теңдеуі жазылады. Ол қандай түзу?

  4. Егер көпжақ өзінің жағын қамтитын жазықтықтардың кез келгеніне қарағанда тұтастай бір жақ бетінде орналасса, онда ол ?

  5. Квадраттық функцияның графигі.

  6.  Ақиқат (шындық) болғандықтан логикалық дәлелдеусіз алынатын қағида.

  7. Бірден бастап белгілі бір n натурал санына дейінгі барлық натурал сандардың көбейтіндісі, яғни 1·2·3·...·n. Ол n! деп белгіленеді. 

2- тапсырма. Берілген есептердің туындысын табыңыз. Туындылардың коэффициенттері келесі тапсырмаға көмектеседі.

 y=;   
3-тапсырма. Коэффициенттер жазылған карточкалардың артында жасырылған әріптермен ғалымның атың табу керек. Тақтада ілініп тұрған портреттің біреуінде есептер жасырылған.

4-тапсырма. Конверттегі есептердің алғашқы функциясын табамыз. Берілген есептердің шешімі сіздерді алтын сандықтың кілтін табуға көмектеседі.

1)

2) 

3)



Алтын сандық сандықта кілт жасырылған
Мінекей сайыскерлер, сендер өздеріңе артылған міндет пен жауапкершілікті алғырлықпен орындап, мына отырған ұстаздар мен оқушыларды келесі сабакка кешікпей баруларына жол жасадыңдар. Өздеріңнің дарынды, интеллекті жоғары оқушы екендіктеріңді дәлелдедіңдер. Сендерге бүгінгі көрсеткен еңбектерің үшін үлкен алғыс білдіре отырып, тілектеріміз жазылған хаттарды ұсынамыз. Осымен бүгінгі біздің іс-шарамыз өз кезегіне де келіп жетті. Қатысқан ұстаздар мен сайыскерлерімізге алғысымызды білдіре отырып, бүгінгі интеллектуалды ойынымызды жабық деп жариялаймыз. Келесі КВЕСТ ойынында кездескенше.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет