Сынып: 7, 8 сынып оқушылары Сабақтың мақсаты



Дата01.02.2018
өлшемі70,27 Kb.
Ақтөбе облысы Қобда ауданы

Жаңаталап ауылы

Жаңаталап орта мектебі

физика пәнінің мұғалімі

Асанбаева Гульназ Сериковна
Тақырыбы: «Физика-өмір кілті»
Сынып: 7, 8 сынып оқушылары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқу, ойлау, қиялдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, оқу зеректік қабілеттерін дамытып, ой өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, озық ойлы оқушыларды анықтау.

Дамытушылық: Оқу дүниетанымын, ойды жүйелеу қабілеттерін дамыту. Тапқырлыққа үйрету, топтың намысын қорғауға, дұрыс сөйлей білу қабілеттерін жетілдіру, белсенділіктерін арттыру.

Тәрбиелік: Топта бірлесе жұмыс істеуге, басқа оқушының жұмысын бағалауға үйрету. Оқушылардың ұйымшыл болуына тәрбиелеу. Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаны тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ.
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, сұрақ жауап.
Көрнекілігі: компьютер, проектор, слайд, видеоматериал.
Сабақтың барысы:
І. Кіріспе бөлім

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Оқушыларды түгелдеу.

  3. Сабаққа дайындығын қадағалау.


ІІ. Негізгі бөлім.

А. Жүргізуші сөзі.

Б. Жарыстың кезеңдері: 1. «Таныстыру»

2. «Жорға»

3. «Сөзден сөз шығар»

4. «Бәйге»

5. «Тапқыр болсаң, тауып көр»

6. «Физикалық пантонимо»


ІІІ. Қорытындылау.
Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!

Бүгінгі біздің 7, 8 сыныптары арасында өтетін «Физика-өмір кілті» атты интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер. Ойынға қатысушы оқушыларға сәттілік тілей отырып, ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер!



Ойынға 2 топ қатысады.

  1. «Күш» тобы

  1. «Энергия» тобы

Сайыс 6 бөлімнен тұрады. Әр бөлімнің шартымен ойын барысында таныстырып отырамын.



  1. ТАНЫСТЫРУ

(Ойынға қатысушы екі топ өздерін таныстырады.)

ІІ. «ЖОРҒА»

Бұл кезеңінде әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.



«Күш» тобы

1. Қандай зат сұйық күйден қатты күйге көшкенде басқа атауға ие болады? Су

2. Екі әкесі, екі баласы үш алманы қалай тең бөліп жейді? Атасы, әкесі,баласы

3. Физикалық шамалардың қайсысы жердің барлық нүктелерінде және басқа планеталарда өзгермейді? дене массасы

4. Бүкіл әлем туралы, оның жалпы қасиеттері туралы астрономияның ілімі? космология

5. Температураны өлшейтін құрал. Термометр

6. Аққыштық, көлемін сақтау, пішінін оңай өзгерту қандай денеге тән қасиет? Сұйық

7. Күннен қашықтығы бойынша үшінші планета? Жер

8. Дене тең уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүрсе, ондай қозғалыс қалай аталады? Бірқалыпты

9. 3,5 км-де неше метр бар? 5000 м

10. Әлем кеңістігінде не бар болса, соның бәрі...? Материя
«Энергия» тобы

1. Заттың неше агрегаттық күйі бар? Қатты, сұйық, газ

2. Бір жанұяда 5 баланың бір-бірден қарындасы бар. Жанұяда неше бала бар? 6 бала

3. Электр шамының сымы неден жасалған? Вольфрам

4. Аспан денелерінің пайда болуын және дамуын зерттейтін астрономия ілімі? Космогония

5. Дененің жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама? Температура

6. Пішіні мен көлемін сақтау қандай денеге тән? Қатты

7. Күнге ең жақын жұлдыз? Меркурий

8. Дене тең уақыт аралығында ұзындығы әр түрлі жол жүрсе, ондай қозғалыс қалай аталады? Бірқалыпты емес

9. 2,5 сағ-та қанша минут бар? 150 мин

10. Кеңістіктегі белгілі пішіні және нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсені не деп атайды? Зат
ІІІ. «СӨЗДЕН СӨЗ ШЫҒАР»
Тақтада «Динамометр» деген сөз берілген. 1 минут ішінде осы әріптерді пайдаланып, сөздер құрастырып жазу керек. Кім көп жазса, сол жеңіске жетеді.


А

С

Т

Р

О

Н

О

М

И

Я

Ас Ми Он Рота Сом Матор

Тас Сат Тор От Ат Сан

Тар От Мина Тир Отар Нар




ІV. «БӘЙГЕ» КЕЗЕҢІ
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар

Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз

– дей отырып, ал жас қырандар “ Бәйге “ кезеңін бастаймыз .
І. Физика-өмір кілті

1. Физика не туралы ғылым? Табиғат (20ұпай)

2. 150 000 000 км санын ықшамдап жаз. 1,5*108 км (30ұпай)

3. Орын ауыстыру дегеніміз не? Дененің бастапқы орнымен ақырғы орнын қосатын кесінді. (40ұпай)

4. Дененің немесе материалдық нүктенің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы кезінде сызық түрінде қалдырған ізі. Траектория (50 ұпай)
ІІ. Формулалар

1. Жылдамдықтың формуласы. 𝜗= 𝑆/𝑡 (20 ұпай)

2. 𝜗= 𝑆/𝑡 формуласындағы t нені білдіреді? Уақытты (30 ұпай)

3. Орын ауыстырудың формуласы? S=V*t (40 ұпай)

4. Жылдамдықтың уақытқа көбейтіндісі қандай физикалық шаманы береді? Орын ауыстыру (50ұпай)
ІІІ. Өлшем бірліктер

1. Жылдамдықтың өлшем бірлігі. м/с (20 ұпай)

2. Уақыттың өлшем бірліктері қандай? мин, сек, сағ (30 ұпай)

3. Метрмен, километрмен, сантиметрмен өлшенетін физикалық шама. Орын ауыстыру (40 ұпай)

4. 36 км/сағ-ты м/с-қа ауыстырыңдар. 10м/с (50 ұпай)

ІV. Жалпы сұрақтар



1. Марс планетасының қазақша атауы. Қызыл жұлдыз (20 ұпай)

2. 2+2*2... 6 (30 ұпай)

3. Ақпанның 30-ы қандай мейрам? Ақпан 28 бітеді. (40 ұпай)

4. Адамға қарағанда 5 қабырғасы артық, 30 қабырғалы, 517 мускулдан, алдыңғы аяғында 5 саусақ, артқы аяғында 4 саусағы бар, жүгіргенде 50 км/сағ жүгіреді, 60 метр қашықтықтан көре алатын, адамға қарағанда 14 есе иісті артық сезе алатын жануар қалай аталады? Мысық (50 ұпай)
V. «ТАПҚЫР БОЛСАҢ, ТАУЫП КӨР»
Бұл кезеңде әр топқа үш видеоролик көрсетіледі. Осы видеороликтер арқылы оқушылар болып жатқан физикалық құбылысты тауып, айту керек. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.

  1. Балқу

  2. Паскаль заңы

  3. Пластикалық деформация

  4. Диффузия

  5. Жылдамдық

  6. Инерция


. «ФИЗИКАЛЫҚ ПАНТОНИМО»
Келесі кезеңіміз «Физикалық пантомимо» Бұл сайыста үстелден келіп әр топ төрт карточкадан алады да, қимыл арқылы бір топ екінші топқа физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды көрсетеді. Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі.

1. Молекулалар қозғалысы

2. Денелердің тартылысы.

3. Қатаю


4. Қайнау

5. Диффузия

6. Орын ауыстыру

7. Балқу


8. Деформация
ІІІ. Қорытынды. Жеңімпаз топ анықталып, мақтау қағазымен марапатталады.
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу