Кіріспе Философия – әлем мен бізді қоршаған болмыстар туралы және ондағы адамның орны туралы жалпы ілім. Ол адам мен әлем байланысын қарастыра отырып, әлемді танудың, оны өзгертудің жалпы заңдылықтарын зерттейді. Философия ғылымы адамзат мәдениетінің қайталанбас әрі ерекше құбылысы.
Философияның қоғамдағы рөлі: болмыстың өмір сүру жағдайын, адам, оның өмірдегі мәні мен әлемдегі алатын орнын, мәдениет пен өркениеттің даму заңдылықтарымен қатар қазіргі жаһандық мәселелерді қарастырады.