1 Бейіндік оқытудың мақсаты мен міндеттері Бейіндік оқыту


) 12 жылдық білім беру жүйесін басқару



бет47/58
Дата22.12.2023
өлшемі9,12 Mb.
#198482
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   58
Байланысты:
12 жылдық сеcсия Т (копия)-1-1

22) 12 жылдық білім беру жүйесін басқару
12 жылдық білім беру жүйесін тиімді басқару мен сапалы оқытуды қамтамасыз ету үшін мектептің, жергілікті қауымдастықтың, әлеуметтік әріптестер мен мемлекеттік басқару органдарының қызметін нақты бөлу қажет.Мектепті басқаруда білім берудің сапасын үнемі өзіндік тәртіппен бағалауды қамтамасыз ету маңызды мәселе болып табылады. Жаңа жағдайда сапалы білім беру білім алушылардың түрлі саладағы қызметте проблемаларды өз бетімен шешу мүмкіндігін қамтамасыз ететін олардың білімдіқ және жеке жетістіктері деп түсіндіріледі.
Тұтастай алғанда қазақстандық жалпы орта білім беру мемлекеттің даму міндеттерімен сәйкес келуі тиіс және қазіргі замандағы бәсекелестікті қамтамасыз етуі қажет. Білім беру сапасын арттырудың ықпалы мынадай болуы тиіс:
1)есеп беру және басшылық, басқару, тиісті құжаттарды әзірлеу жүйесін жетілдіру;
2) білім сапасын диагаостикалаумен мониторингтеу мектеп қызметінің жүйесіне;
3) тұлғалық-қызметтік, құзыреттілік тәсілдерге негізделген оқытудың әдістемелік жүйесіне;
4) ойластырылған әкімшілік орталықтандыруды, мектептерді басқаруды жүзеге асыруға;


5) әр түрлі қажеттіліктермен бірге балалардың құқығын қаматамасыз ету мақсатында балаларды ерте жастан диагностикалау үшін отбасы мен мектепке дейінгі ұйымдардың жауапкершілігін арттыруға және оларды дамыту үшін білім беру орталарын құру;
6) білім сапасын бағалаудың жаңа рейтингтік жүйесін енгізуге.
Білім беру ұйымдары білім беру процесіндегі өзін өзі дамытуға, көшуіне ықпал ететін жетекші технологияларды игеруі тиіс.
23)12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасын іске асыру жолдары
Тұжырымдаманың мақсаты — 12 жылдық мектеп жайында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру жүйесін жаңарту жолдары мен дамыту стратегиясын айқындау.
Тұжырымдаманың міндеттері:

  • 12 жылдық мектептегі білім беру мақсатын, міндеттерін, құрылымын, мазмұнын және оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерін атап көрсету;

  • 12жылдық білім беруге көшудің қаржылық-экономикалық негіздемесін дайындау;

  • Осы Тұжырымдаманың күтілетін нәтижелерін анықтау.

Тұжырымдама төмендегі бөлімдерден тұрады:

  • Әлемдік үрдістер мен отандық тәжірибелерге сүйене отырып, 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі.

  • 12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты мен күтілетін нәтижелері.

  • Жалпы орта білім беру құрылымы.

  • Білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары.

  • Білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері.

  • Педагогикалық кадрлар.

  • Білім берудің күтілетін нәтижелерін бағалау жүйесі.

  • Жалпы орта білім беру жүйесін басқару.

  • 12 жылдық жалпы білім беру тұжырымдамасын іске асыру жағдайлары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет