1 Бейіндік оқытудың мақсаты мен міндеттері Бейіндік оқыту


)12 жылдық білім беру жүйесіндегі негізгі білім



бет36/58
Дата22.12.2023
өлшемі9,12 Mb.
#198482
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   58
Байланысты:
12 жылдық сеcсия Т (копия)-1-1

29)12 жылдық білім беру жүйесіндегі негізгі білім
12 жылдық білім берудің негізі адамның жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру болып табылады. Адам тұлға болып тумайды, ол өмір сүру барысында тәрбие арқылы қалыптасады. Тұлғалық туралы адам өзін-өзі танып, өз өмірін өзі жасай бастағанда сөз ету керек. Білімді, шығармашыл, бәсекелік қабілеті мол тұлға тәрбиелеу негізінде Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы жасалып отыр. 2020 жылға арналған орта жалпы білім беру орындарының құрылымы мен мазмұнын құруда республикалық эксперимент шеңберінде тәжірибелік-эксперменталды жұмыс жүргізілуде. Егер 2020 жылға бұл экспериментке 52 мектеп қатысса, олардың саны 104 ке жетті, ал ауылдық жерлерде олардың 45-і, қалалық 59 мектепті құрайды. Қазірдің өзінде 12-жылдық білім модельдерін байқаудан өткізу жөніндегі эксперименталды ұйымдар туралы оң деректер бар.
12 жылдық білім 3 сатыдан тұрады. Бірінші – бастауыш (1-4 сыныптар) сыныптардың педагогтары олардың оқуға деген ынтасын арттыруға көп көңіл бөледі, екінші – (5-10) сыныптар оқушылардың базалық білімін анықтап, қарым-қатынас мәдениетін, ғылыми әдістерді түсінуге баулу, ал үшінші – (11-12 сыныптар) болашақ мамандық таңдауды негізге алады. Бұлардан басқа да толықтыратын, өзгертетін проблемалар, 12 жылдық оқуға ауысудың басқа да әдістерін табу мәселелері толып жатыр. Осы іспеттес тапсырма дәл осы мақсатта арнайы құрылған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «12-жылдық білім мәселелерінің Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның құзырына берілген.


30) 12 жылдық білім беру жүйесіндегі жалпы орта білім
Жалпы орта білім беру құрылымын жаңарту білім беру процесіне қатысушылардың талабын, мүмкіндігі мен қызығушылығын толық ескеруді, оқыту сатылары бойынша оқу материалдарын бірдей қайта бөлуді, оқытуды дараландыруға жағдай жасауды көздейді.

12 жылдық жалпы орта білім берудін құрылымдық-мазмұндық моделі төмендегі ұстанымдар негізінде ұйымдастырылды:



  • жеке тұлғаның жас кезендерінің ескерілуімен;

  • күтілетін нәтижелердің жетістіктеріне бағыттылығы;

  • оқытудың сабақтастығы;

  • әрбір оқыту сатысының даралығы.

12 жылдық білім беру жағдайьшда мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру деңгейі ерекше мәнге ие болып отыр. 5 жастағы балаларды мектепалды даярлау олардың психологиялық, педагогикалық, дене және физиологиялық талаптарьш ескере отырьш, бастауыш мектепке оқытуға дайыңдау сапасьшың басты жағдайы ретінде жүзеге асырылуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет